Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет85/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Қосымша білім: бүкіләлемдік тартылыс заңы,
күш әрекетінің тәуелсіздік заңы

Бұл жерде қосымша қатар міндетті емесболып көрінуі мүмкін. Алайда, олардың көлемі теорияның қалыптасу деңгейіне шартталғандықтан, оларды ажыратып көрсету маңызды. Дедуктивті және суреттеме теория үшін оқушының есінде сақталатын білімнің қорытынды жүйесін атап өту маңызды. Теориялар арасындағы басты ерекшелік – тұжырымдар. Алайда аталған және өзге де теорияларда екі бөлім болу керек.


Оқушының есте сақтау формасы біріншіден ғылыми теорияның құрылымына сәйкес келеді, яғни білім жүйелілігінің қалыптасуына негіз болады. Екіншіден, ол шағын, яғни жадыдан аз орын алады.
Оқушының теорияны меңгеру нәтижесінде алған қорытынды білімін сипаттайық. Бұл жерде сызықтық байланыстар көрініс береді (кез келген ауызша, жазбаша тұжырым тек сызықты болады). Бірақ айырмашылықтар бар. Қорытынды тұжырымда білім элементтері арасындағы байланыс кезектілікпен емес, оқу білімінің түрімен айрықшаланады. Мысалға, оқу білімінің алты түрін ажыраттық делік: теория, ғылыми дерек, заң, ғылыми ұғым, эксперимент және қосалқы білім. Бұл – оқыту үдерісінде оқушылардың оқу материалын өздігінен тұжырымдау объектісі ретінде көрініс беретін білімдер.
Жоғарыда көрсетілген білім түрлерінің сызбасы нақты кезектілікте орналасқан мәселелер жиынтығын береді. Әрбір білімнің сипаты – бұл белгілі құрылым. Біз жүйелі білімдер деп ғылыми теорияның құрылымына сәйкес білімдерді атаймыз.
Оқытудағы жүйелілікке деген педагогикалық талап Я.А. Коменскийдің, Песталоццидің, А.Дистервегтің еңбектерінде айтылды. Бірақ осы педагогикалық талап 30-шы жылдардың басында ғана дидактикалық ұстаным деген мәртебеге ие болды.
Л.В. Занков былай деп жазады: «Жаңа материалды оқыту барысында ескі ұғымдарға оралу қажет. Оларды түрлі байланыста, қатынаста көрсету қажет».
Көп жағдайда «жүйелілік» және «жүйелік» терминдерін синоним ретінде қолданады.


ІІ тарау. Оқушылардың білім жүйелілігінің қалыптасуына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет