Антонина Васильевна Усова
Көрнекті ғалым, РБА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Башкирияның Новбелокатай ауданының Корлыхалова селосында дүниеге келген. Казан университетінің физика-математика факультетін бітірген.
1951 жылдан А.В.Усова Челябинск мемлекеттік пединститутында физиканы оқыту әдістемесі кафедрасын басқарды. Оның ғылыми қызығушылығы жан-жақты. А.В.Усова алғаш рет өзіндік жұмысты құрудың жалпы дидактикалық ұсатнымдарын жасады. Сондай-ақ жалпылама танымдық біліктілікті қалыптастырудың әдістемесін ұсынды.
А.В.Усова «Психолого – дидактическии основы формирования у учащихся научных понятий», «Учебные конференции и семинары по физике в средней школе, «Воспитание учащихся в процессе обучения физике в средней школе», «формирования у учащихся учебных умений впроцессе, обучения» атты еңбектері ғылыми педагогикалық қоғамдастыққа танымал. А.В.Усованың ғылыми – педагогикалық және қоғамдық жұмысы жоғары бағаланып, Ленин орденімен марапатталды.
3.1.8 Усова А.В. Оқыту үдерісінде оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуы
Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар
Қоршаған ортаның барлық құбылыстары мен заттары байланысты және бірімен-бірі шынайы үйлесімде болады. Адам санасындағы заттар мен құбылыстардың байланысы – бұл ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар. Бұлар К.Д. Ушинский айтқандай, олар бір-бірімен көп жағынан байланысты. Ұғымдардың байланысы туралы В.И. Ленин де айтқан. Ол «Философиялық дәптерінде» былай дейді: «Әрбір ұғым белгілі бір қатынаста болады».
Ұғымдар арасындағы қатынастар бар, ең алдымен олардың қатынасы мазмұны мен көлемі жағынан болады. Осындай сипаттамаларды ескеріп, ұғымдарды түбірлік және түрлік деп ажыратады. Әрбір заттың жалпы, спецификалық белгілері болады. Заттар класының жалпы белгілерін бейнелейтін ұғымдарды түбірлік деп атайды. Ал түбірлік ұғымның жалпы белгілерін түбірлік белгілер деп атайды. Түбірлік белгілер шындық құбылысын, заттар мазмұнындағы жалпыны анықтайды.
Түбірлік ұғымның көлеміне енетін, жеке құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ұғымдар түрлік деп аталады. Түрлік ұғымдардың мазмұны заттар тобына тән ерекше қасиеттерді бейнелейді: олар түрлік белгілермен беріледі. Бір түрдің екінші түрден айрықшаланатын белгісін – түрлік ерекшеліктің белгісі деп атайды.
Екі ұғымның көлемі бойынша қатынасты (түр мен түбірдің қатынасы) дөңгелек түрінде (Эйлер дөңгелегі) бейнелеу қабылданған, (3-сурет).
Түбірлік ұғымдар
Түрлік ұғымдар
3-сурет. Ұғымдар арасындағы түбірлік – түрлік қатынасты Эйлер дөңгелегімен бейнелеу. Бұл суреттен көргеніміздей, түрлік ұғымның көлемі – бұл түбірлік ұғым көлемінің бір бөлігі. ал 4-суретте «Қозғалтқыш» ұғымының қозғалтқыш түрлерімен арақатынасы көрсетіледі. 4.б.-суретте «Табиғи ғылым» түбірлік ұғымы «Физика», «Химия», «Биология» ұғымдарымен арақатынасы бейнеленген.
4-сурет. Бағынышты (ортақ түбірлік ұғымдарға) түрлік ұғымдардың мысалдары
Түбірлік ұғым
Қозғалтқыш
Табиғи ғылым
Механи-калық
Физика
Жылу-лық
Биоло-гия
Химия
Электр-лік
а) Түрлік ұғымдар
Түбірлік ұғымның бөлігін құрайтын түрлік ұғымдарды бағынышты деп атайды. Бұған мысал ретінде 4.а.-суретті алуға болады. Мұнда қозғалтқыш түрлері (механикалық, жылулық, электрлік) жалпы түбірлік «Қозғалтқыш» ұғымына бағынышты.
Оқыту процесінде түбірлік пен түрлік ұғымдардың қатынасын тікбұрыш пен шеңбер түрінде бейнелейді (5-сурет).
5-сурет. Ұғымдар арасындағы түбірлік – түрлік қатынастарды схемалық бейнелеу мысалдары.
З аттың құрылымдық формалары
|
Механи-калық
Электр-лік
Жылу-лық
Молеку-лалар
Атомдар ядросы
Кристал-дар
а
Иондар
Атомдар
)
Элементар бөліктер
б)
Бағыну қатынасы бойынша ұғымдар бір-біріне көлемі, мазмұны жағынан бағынады. Көлемі бойынша бағыну жоғарыда қарастырылған. Бұл қатынас мазмұны бойынша түбірлік белгі негізінде анықталады. Бұл – біртұтас ажыратылмайтын үдерісс.
Бағыну қатынасы – бұл ұғымдар арасындағы қатынастың маңызды түрі. Түрлік ұғымды түбірлікке бағындырмай, бірде-бір анықтама беру мүмкін емес. Анықтама беру – бұл берілген түрдің жақын түбірлік ұғымын табу деген сөз. Мысалы: «Күшті өлшейтін прибор – динамометр». Мұндағы жақын түбірлік ұғым – «прибор», түрлік айырмашылық – «күшті өлшеу».
Бағыну қатынасында болатын ұғымдарды басшылыққа алғанда қателіктер жиі болады. Мұндай қателікті жібермеу үшін, келесі ережелерді білу қажет:
1. Бағынышты ұғым – бұл түрлік ұғым, ал бағынатын ұғым – бұл түбірлік ұғым.
2. Бағындыратын ұғымға тән нәрсе – бағынышты ұғымға да тән. Мысалы: «ағаш» ұғымына тән нәрсе (бағындыратын ұғым) «қылқанды ағаш» (бағынышты ұғым) ұғымына да тән. Алайда қылқанды ағашқа тән нәрсе барлық ағашқа тән емес. Ағаштың бұл түрін жапырақтыдан айрықшалайтын қасиет түбірлік «ағаш» ұғымының мазмұнына кірмейді (бұл түрлік белгі).
Достарыңызбен бөлісу: |