Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет104/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   160
2 Ой-сана 8 том

§8. Ұғымдарды меңгеру тиімділігі
Жоғарыда көрсетілген критерияларға сәйкес меңгеру деңгейлері анықталады. Психологтар (Н.А. Менчинская) 4 деңгейді ажыратады:
1. Зат, құбылыс туралы «диффуздық-шашыраңқы» түсінік. Мұнда оқушы бір затты екіншісінен ажырата алады, бірақ жеке белгілерін көрсете алмайды.
2. Оқушы ұғымдардың белгілерін көрсете алады, бірақ шынайы белгілерін жалғаннан айыра алмайды.
3. Оқушы барлық шынайы белгілерді меңгереді, бірақ ұғым әлі де жалпыланбаған.
4. Ұғым жалпыланған, берілген ұғымның байланысы меңгерілген, оқушы түрлі тапсырмаларды орындауда осы ұғымдарды еркін қолдана алады.
Осыған орай ұғымды меңгерудің жоғарғы бесінші деңгейі туындайды. Қысқаша айтсақ, бесінші деңгей пәнаралық байланыстармен сипатталады.
Ұғымдарды меңгеру деңгейі мен өлшемдерін білу оқушылардың меңгеру сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді.


§9. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру қиындықтары

Ғылыми ұғымдарды меңгеру үдерісінде түрлі фактоларға шартталған бірқатар қиындықтар туындайды. Мұндай қиындықтарды талдаудың тоериялық және практикалық мәндері бар.


Меңгеру үдерісінде кездесетін қиындықтар түрлі сипатта болады. Ғылыми, жалпылама ұғымдарды меңгерудің басты қиындығы – жалпы, абстрактылы ұғымдардың бейнелік болмауы. Мысалы, оқушыларға «жануар» ұғымын қалыптастыруда нақты жануарлардың мысалдарын келтіріп, суреттерін, бейнесі бар фильмдерді көрсетуге болады.
Оқыту үдерісінде нақты нысандарды, кейде олардың шартты бейнелерін сезімдік қабылдауды басшылыққа алу мүмкін болмайды. Мысалы, Кванттық физикада «Квант», «Барьендық заряд», т.б. ұғымдар. Оқушылар олардың мазмұнын түсінбей ұғымды бейнелейтін терминдерді басшылыққа алады. Сондықтан ұғымдарды қалыптастырудың әдістемесін жан-жақты қарастыру керек (сөздік-теориялық түсіндіру, талқылау).
Кездесетін қиындықтардың тағы бір түрі – абстрактіден нақтыға өту.
Ғылыми ұғымдардың қалыптасуында өмірлік тәжірибе екі жақты рөл атқарады. Ғылыми білімге ол қарсы болмаса, оны басшылыққа алу тиімділігі жоғарылайды, ал егер де бұл тәжірибе қарама-қарсы болса, ұғымдарды меңгеру үдерісі тежеледі. Бұл В.И. Зыкованың геометриялық материалында, Э.А. Флэшнердің физикалық материалында нақты көрсетілген.
Өкінішке орай, педагогикалық практикада мұғалімдер кейде оқушылардың жеке өмірлік тәжірибесін жоққа шығарады. Осының салдарынан оқушыларда ұзақ уақыт бойына қате түсініктер қалыптасады.
Алайда, оқушылардың тәжірибесі деп тұрмыстық тәжірибені емес, күнделікті өмірінің тәжірибесін алу керек (оқу жұмысының тәжірибесі, оқу бақылаулары, т.б.).
Ұғымдарды меңгерудегі белгілі қиындықтар образдық, сөздік-теориялық және практикалық-әрекеттік компоненттердің арақатынасындағы шектің болмауынан туындайды. Кей жағдайда мұғалім сөздің рөлін бағаламай (түсіндіру, талқылау, салыстыру, т.б.) демонстрациялық эксперементті негізге алады. Керісінше көрнекілік-образдық компоненттің рөлі бағаланбайды. Сондықтан, мұғалім қандай да бір ұғымды қалыптастыруға кіріспес бұрын осындай мәселелерді шешіп алу керек. Әрине оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстың жүйесі жан-жақты қарастырылуы керек.
Ұғымдарды меңгеруде кездесетін басты қиындық – бұл бейнелік формада елестету мүмкін емес объектілер туралы ұғымдардың қалыптасуы. Мысалы, «Салмақ», «Энергия», «Күш», «Электронды бұлт», т.б. Мұндай ұғымдарды меңгеру оқушылардан абстрактылы ойлаудың жоғарғы деңгейін талап етеді.
Ұғымдарды меңгерудегі қиындықтарды меңгеру үдерісінің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып жеңуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет