Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет101/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Оқулыққа талдау. Кіріспеде информатиканың үш негізгі ұғымдарына -
информация, алгоритм, атқарушы- жеткілікті түсініктеме берілген. Алгоритмдік тіл бірден
"Тәркөз алаңындағы Роботтың жұмысынан" басталады. Келесі бөлімде аргументсіз
көмекші алгоритмдер беріледі. МАТ-дің барлық құралдары графикалық алгоритмдермен
енгізіледі.


Меншіктеу командасы толығымен графикалық образдар арқылы түсіндіріледі.
"Циклдік алгоритмдерді құру" тақырыбы аса күрделі мәселелермен ерекшеленеді.
Сондай-ақ "циклдың инварианттылығы", "рекурсия" ұғымдары қарастырылады.
"Қайталауға арналған есептер" тарауында Ершов А.П, Монахов В.М. оқулығындағы
есептер жиынтығы қайта қарастырылып, кеңейтілген.
"ЭЕМ-ның құрылымы" тақырыбы жеңілдетілген. Машиналық команданың мәнін
түсіндіру үшін МАТ кеңінен пайдаланылады. Регистрлардың орнына оперативті зердемен
қарапайым жұмыс қарастырылады. "ЭЕМ-нің қолданылуы" тарауы өзгеше жазылған.
Өзекті ұтымдық аппараты алгоритмдік тіл болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі
обьектілердің информациялық моделі құрылады (квадрат, Робот). ЭЕМ-нің
қолданылуында әр түрлі есептер қарастырылып, барлық жағдайда алгоритмі келтірледі.
В.А.Щеголев, ЕА.Ерохина, Д.П. Федюшин.10-11-кластарға арналған "Информатика
және есептегіш техника негіздері" оқулығын жазды. Бұл оқулық 1987-1988 жылғы
информатика оқулықтары бойынша жарияланған конкурстың жүлдегері. Оқулық
жоғарғы мектепке дейінгі деңгейді қамтиды. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша,
компьютерлік сауаттылық ЭЕМ- нің көмегімен информацияны іздеу, жазу, оқу,
сурет іскерліктерімен шектелуі тиіс, оған программалау кірмеуі қажет. Информациялық
мәдениет дегеніміз - ЭЕМ-нің көмегімен информацияны іздеу, алу, жинақтау, өңдеу,
тарату іскерлігі, ЭЕМ-ды пайдалана отырып өзінің ойын білдіру, басқа адамдармен
қарым- қатынас жасап, бірлесе еңбек ету іскерлігі болып табылады. Алгоритмдеу де
бұған кірмейді. Мектептегі математика мен информатикада логиканың элементтерінің
болмауы – аса үлкен тосқауыл, сондықтан мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін
Пролог тілі оқытылуы қажет. Мамандарды дайындауда информатика негіздерін
оқытудың негізі - математиканы терең оқытып, оқушылардың алгоритмдік емес,
конструктивті логикалық ойлауын дамыту болып есептеледі.
Программалар оқушылар ұжымымен жасалып, компьютерсіз орындалып, қатесі
табылуы тиіс.
Оқулыққа талдау. Бұл оқулықтың мазмұны оқу пәні ретінде информатиканың
барлық бөлімінің мазмұнын толық ашады, бөлімдердің бірінен соң бірінінің орналасу
логикасы өте орынды.
Оқулықта информатикаға кіріспеден кейін дайын программалық кұралдарымен
жұмыс ұсынылады. Алынған тәжірибенің негізінде алгоритмдеу негіздері беріледі.
Меңгерілген инструментарий ары қарай сандық әдістерде есеп шығару барысында
қолданылады. Информатиканың негізі де ашылып көрсетілген алгоритмнің дұрыстығын
талдау, информациялық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық
логиканың кеңінен енгізілуімен түсіндіріледі.
Алгоритмді бейнелеудің бес тәсілі келтірілген: оқу алгоритмдік тілінің тағы бір
нұсқасы, Прологтың элементтері, блок-схемалар, сценарий, Бейсик. Атқарушылар
қамтылмаған.
Авторлар тобы кейінен 8-11-кластарға арналған эксперименттік программа жасады,
ол едәуір деңгейде логикалық программалауға бағдарланды. Бұған графикалық
тұрғызуларды, суреттің бөлігімен Прологгың нақтылауларын салыстыру тәсілін
пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағатталдырылса онда
оқыту алгоритмі дұрыс болады.
А.Г.Гейн, Е.В.Линецкий, М.А.Сапир, М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың
негізінде 8-9-кластарға арналған информатика оқулығын жазды. Авторлардың
тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз - әртүрлі іс-әрекетке пайдаланынатын
жұмыс құралы. Сондықтан курстың негізгі мақсаты ЭЕМ-нін көмегімен есеп шығаруға
үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептің қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған
нәтижені талдауға дейін. Сондықтан төмендегідей үш технологияны оқыту қажет:
есептің моделін құру, есеп шығару алгоритмін құру, ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз
етілуін пайдалану.


Курс төмендегідей бөлімдерге бөлінеді: 
1) ЭЕМ-м танысу;
2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсінік; алгоритмдеу;
4) программлау тілдерімен қоса программалық қамтамасыз етуімен жұмыс.
Программалық қамтамасыз ету әдістемелік мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін,
барынша қарапайым, оқуға лайық болуы тиіс. Арнайы, жасалған программалық
құралдардың құрамы төмендегідей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор,
есептегіш), негізгі оқуды программалық қамтамасыз ету (информациялық іздеу
жүйесін, электрондық кесте (ЭК), текстік редактор, графикалық редактор,
симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.
МАТ- дегі жазу табиғи тілге жақын болуы тиіс: қандай да бір ережемен
шектелген жазуда негізгі мәселені түсінбеу мүмкін. Атқарушылар - маңызды
дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-нің
логикалық негіздері мектеп үшін күрделі, ал Пролог тілі болашақта оқитын тіл болуы
мүмкін. Кәсіптік дербес компьютерлер әдеттегі сабакқа жарамайды, оқуға одан да
қарапайым компьютерлер керек.
Информатика және ЕТН пәні информациялық модельдерді құру технологиясын
үйрету үшін қызмет етуі тиіс. Ал программалау тілі программалық қамтамасыз етудің
құрамдас бөлігі ретінде оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тілдің түрі емес, тілді
қалай оқыту керек, осы мәселеге көңіл аударылуы тиіс. Сондай-ақ, модельдеуде
немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана
білуге көңіл аударылуы тиіс. Мұндағы негізгі мәселе, нәтиже-моделъ, ал құрал - Бейсик
немесе ЭК-нің ыңғайлысы таңдалынады.
Есептегіш техника негіздері бөлімінде Фон Нейман принципімен таныстыру
жеткілікті. ЭЕМ-ның физикалық, негіздері тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс.
Көрсетілген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып,
информатика негізгі мектепте оқытылуы тиіс. 
Компьютерлік сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.
Программалық -әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан және
программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегідей үлгі бойынша
қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен
байланысы тірек болады, өмірлік тәжірибемен байланысы тірек болады,
формальдау (бастапқы кезеңде атқарушылар негізінде) есептерді шығару барысында
демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының
әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да, оқытуға кіреді. Бұл
компьютермен қамтамасыз етілетін көрнекіліктің жоғарғы деңгейімен аяқталады.
Барлық есептерде оны шығарудың негізгі төрт түрі қамтылған: 
1) алгоритмнің орындалу нәтижесін көрсету; 
2) алгоритмдегі қатені табу; 
3) алгоритм құру, программа жасау
4) математикалық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.
Есептер жүйелі түрде байланысқан; кейінгі есепте алдыңғы есептің шешімі
пайдаланынады. Алғашында оқушылардың өздері атқаратын алгоритмге қарапайым
мысалдар келтіріледі. Атқарушылардың командаларының шектеулі болатындығын
түсіндіру үшін әртүрлі атқарушылар қарастырылады.
Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.
Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кушниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы
бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негізгі мақсат ретінде
қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептерді шығаруға
пайдаланатын құралдың ролін атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында
математикалық есептер берілмейтін болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіпті әрбір
есепте физика мен математикалық есептер кездеседі.


Оқушыға материал айтарлықтай түсінікті болу үшін алгоритмдеу едәуір
жеңілдетілген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың ішінен "Есептегіш" жүйелі
түрде ДЭЕМ -ді есептеуден босатады, бір жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор
тәрізді. Робот-манипулятәр әртасы автоматталдырылған склад-стеллажға ұқсас, кестелік
мәліметтерді өңдеуді жақсы бейнелейді.
Бейсик тілін үйренуде кестелік мәліметтерді өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес
құрама команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады. Ал, толық
тармақталуды аудару командалар сериясын алмастыру арқылы орындалады.
Сондай-ақ, оқулықта келтірілген есепті цифрлау мен оны шешуге арналған есептер
өте қызықты. Тұтасымен алғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты
жүзеге асыратын, информатиканың негізгі белгілерін қамтиды. 
Сонымен, қорыта келгенде, информатика- оқулықтарын мазмұны бойынша,
салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды
таңдау әдісіне келетін болсақ, онда бір-біріне жақындықтары байқалады. Барлық
оқулықтарда мектептік алгоритмдік тіл, программалық құралдар жиынтығы,
алгоритмдеуге, моделдеуге, информацияны іздеуге есептер, математикалық логика
элементтері бар. Информатика пәнін оқытуда оқулық талдау мәселесі - аса маңызды
болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет