Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


 Өткізген сараптама негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер



Pdf көрінісі
бет103/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Информатиканы оқыту(1)

3. Өткізген сараптама негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: 
1. Қарастырылған оқулықтардың құрылымы мен мазмұндамасы бойынша жалпы 
сипаттамалары және ерекшеліктері қандай? 
2. Оқулықтың мазмұндамасы мен үлгілі бағдарламасын салыстырыңыз. Олардың бір-
біріне сәйкестілігі қандай? 
4. Бір бағдарлама бойынша бір тақырыптың оқитын материал мазмұның әр түрлі 
авторлық оқулықтардан салыстырыңыз. 
5. «Информатика және білім» журналдың ерекшіліктерін табыңыз: оның 
құрылымы, бөлімдері, олардың мәні және информатика мұғалімнің жұмысындағы 
тиетін көмегі. 
Бақылау сұрақтары:
1. Оқулықтарды сараптау кезінде қандай қиындыққа тап болдыңыз?
2. Оқулықтардың мазмұның салыстырғанда нені байқадыңыз?
3. Информатикадан оқулықтардың даму тенденциясы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреев А.А., Барабанщиков А.В. Педагогическая модель компьютерной сети // 
Педагогическая информатика № 2, 1995 г., с. 75-78. 


2. Андреев А.А., Меркулов В.П., Тараканов Г.В. Современные 
телекоммуникационные системы в образовании // Педагогическая информатика № 1, 1995
г., с. 55-63. 
3. Андреев А.А. Направление и методика применения портативных персональных 
компьютеров в ДО.// Дистанционное образование № 4, 1997. 
4. Андреев А.А. Конспект лекций по курсу Автоматизированные информационные 
технологии в экономике. М.: МИЭП. 1997. с. 47 
5. Учебная программа по информатике для 7-9 и 10-11 классов // Алматы, 2010.
6. Учебники по Информатике для школ РК.


Зертханалық жұмыс № 10.
Мұғалімнің электрондық портфолиосы.
Мақсаты: Мұғалімнің электрондық портфолиосын құрудың негіздерімен танысу 
Мұғалім портфолиосы туралы түсінік
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін,
оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған
жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.
Портфолоионы жасақтау қиындықтары
- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау.
- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі.
- Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.
- Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары:
1.Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың
тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Мұғалім портфолиосының түрлері:
1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен
ұйым дамуы үшін).
2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа
жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті
шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
3.Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері
“Автопортрет” бөлімі:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар.
Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер.
Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
“Жұмыс материалдары” бөлімі:
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым.
Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
“Менің жетістіктерім” бөлімі:


Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар.
Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Мұғалім портфолиосының мазмұны:
Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі нәтижелері.
Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.
Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).
Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.
Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.
Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.
Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.
Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецензиялары.
Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен
сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы:
1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті
материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін
мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы
мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;
4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша
алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға
жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет