Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет19/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың сөздік әдісі. Классикалық педагогика өз уақытында сөзбен
білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.
Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен алудың жеткіліксіз екенін,
заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы ақпаратты алудың маңызды
екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі. Информатика курсындағы көрнекілік әдісі -
окушының, жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан
кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың
ішіндегі негізгілерін карастырайық
Иллюстрация Информатика курсында ақпараттың 
таңбалық
табиғатын толық бейнелепк көрсетуге мүмкіндік бар. Бәрінен бұрын,
көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы,
тақтада сандық немесе мәтіндік мәндермен жазылған тік
төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық зердесінің үлгісін, зерденің
ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ- мен алғаш танысу ретінде қағазға
бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ
пернелердің кызметі сөзбен түсінідіріледі. Бұл жерде сөзбен
жалғастырылады


Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің
үлгісін демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін
мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің
атқарылу процесі атқарылу кестесінің көмегімен демонстрацияланады
Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі–көрнекі
бейнелерді қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің
дербес қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндігі бар
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылып отырған
жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен
және бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін
үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы,
нұсқауларды оқып (сөз), мұғалімнің іс-әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын
бақылай отырып (бақылау), оқушылар компьютермен практикалық іс-
әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады
ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА
Информатикадағы теория және практика ұғымы жалпы ғылыми
категориямен толық үндеседі. Информатика тілінде дәріс компьютерлік
әлемнің жұмысын, қасиеттерін түсіндіру немесе болжау құралы, ал
практика–дәрістерге арналған гипотезалар көзін тексеру құралы. Мысалы,
дәріс сабағында мәліметтер қорын басқару жүйесіне қатысты теория: іздеуге
сұранысты құру ережесі және т.б. Практикада оқушылар компьютермен
меңгерген командаларды тексереді. Семинар сабағында алгоритмнің нақты
орындалуын түсіндіру, лабораториялық сабақта алгоритмді тексереді. ЭЕМ-
сыз алгоритмнің дұрыстығын дәлілдеу таза теориялық әдіспен жүргізіледі.
Бірақ, бұл тәсіл аса күрделі емес алгоритмдермен шектеледі.
Алгоритмді құру немесе түрлендіру–бұл оқушының жұмыс істеуіне,
нұсқауына негізделген териялық іс-әрекет. Практиканың негізгі түрі
ешқандай ережесіз компьютерлік ортаны зерттеу болып табылады. 
Жұмыстың комбинацияланған әдісі программаны жүргізу болып
табылады. Бұл жерде қатенің себептерін практикалық талдау мен оны
практикалық тексеру өзара үйлесім табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет