Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Дәріс №3  ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет16/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Дәріс №3
 ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.
 ИНФОРМАТИКАНЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
МЕН НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ сынып–сабақ
жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттамалары бар

оқу топтарының құрамы

әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау

оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі

оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру

мұғалімнің жетекші ролі

қушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай
тәжірбиелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен
толықтыра түседі
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты.
Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді.
Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:

жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы)



оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабғы
(жаттығу сабағы)

оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы
Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың
біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе
барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірбие жүзінде аралас сабақ түрі
кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және
олардың бірқатар артықшылықтары бар.Сабақтың түрлерін араластыра
қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және
педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық
ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән
ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірбиелерге тоқталатын болсақ,
М.П. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді
қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды
лабораториялық жұмыс және практикум.Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан
тәжірбиелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы
бойынша топтауға мүмкіндік беред


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет