Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет22/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Факультатив
Факультативтік сабақта барынша өз бетінше оқушының танымдық іс
әрекеті өзі басқару және оқушылардың саны аз болуы керек. Компьютердегі
практикалық жұмыс істеу уақыты барлық уақыттың 75 % құру керек.
Факультатив сабақтардың тақырыптық үлгісі екі бағыттан тұрады:
1. компьютер – құрал ретінде
2. компьютер және программалық қамтылу – оқу объектісі ретінде.
Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдету мен
кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың
қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты
қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып
табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты
түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің
баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар),
есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша
да, есептер циклын шешу бойынша да) оқушылардың баяндамалары, т.б.
болып табылады. 


Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын
түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші
бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы
тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады.
Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның
қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың
екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және рекше қиын немесе
қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік
сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен
жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге
септігін тигізеді. 
Олимпиада
Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған
мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін
қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан
олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер,
кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі юолғанда көп пайда
келтіреді. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы
ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша
ындаландырмасы. Олимпиада – оқушыларды білім жағынан өсуге
ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты,
табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканын базалық
курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі – сабақты
олимпиада түрінде өткізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін
мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін білу
керек. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі мұғалімнің жетістіктерінің
белгісі. 
Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: мектепішілік, аудандық,
қалалық, т.с.с..
Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы
деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың білім сапаларын анықтауға
мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай
отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт береді. Бірақ олимпиадалар
оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып
табылмайтындығына, сондықтан тереңдетіп дайындаудың негізгі түрі бола
алмайтындығына назар аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет