Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет61/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Андреев А.А., Барабанщиков А.В. Педагогическая модель компьютерной сети //
Педагогическая информатика № 2, 1995 г., с. 75-78. 
2. Андреев А.А., Меркулов В.П., Тараканов Г.В. Современные телекоммуникационные
системы в образовании // Педагогическая информатика № 1, 1995 г., с. 55-63. 
3. Андреев А.А. Направление и методика применения портативных персональных
компьютеров в ДО.// Дистанционное образование № 4, 1997. 
4. Андреев А.А. Конспект лекций по курсу Автоматизированные информационные
технологии в экономике. М.: МИЭП. 1997. с. 47 
5. Учебная программа по информатике для 7-9 и 10-11 классов // Алматы, 2010.
6. Учебники по Информатике для школ РК.
7. Златопольский Д.М. Сборник заданий для внеклассной работы по информатике / Д.М.
Златопольский. – М.: Чистые пруды, 2006. – 32 с. – (Библиотечка «Первого сентября»,
серия «Информатика». Вып. 1(7))
8. Златопольский Д.М. Задания для конкурсов, викторин, КВН и учебные кроссворды по
информатике / Д.М. Златопольский. – М.: Чистые пруды, 2007. – 32 с. – (Библиотечка
«Первого сентября», серия «Информатика». Вып. 1(13)) 


Докладтар, рефераттар тақырыптары
1. Есептегіш техника кабинетіндегі программалық қамсыздандыру құрамы.
2. Информатика бойынша оқу және методикалық пособиелер.
3. Информатика – ғылым және орта мектепте оқу пәні.
4. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы, оның негізгі әдістері мен
міндеттері.
5. Орта мектептегі тәрбие жұмысының негізгі аспектілері.
6. Информатика пәні мұғаліміне қойылатын квалификациялық талаптар.
7. Орта мектеп информатика курсын жүргізудің мақсаттары.
8. Информатиканың мектеп курсы - әлеуметтік талаптардың орындалуы.


БОӨЖ топтық №3 Мектепте информатикадан сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты
1. Білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыруға арналған сыныптан тыс
мүмкіндіктерін және функцияларын білу.
2. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың
шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге
асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық
шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап
көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында
оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан
тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.
Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең
түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:
үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен
сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне
қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа
баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын
қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы,
формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы,
қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға
жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде
ұйымдастырылады.. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар
өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың сыныптан тыс
уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыс-сыныптан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына
кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып
саналатын сыныптан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы
тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала
бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі
болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен
қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің
әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда
оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс
жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс
істеуге үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін
тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:

информатика кеші;

ғылыми жұмыстар;

информатикадан викториналар;



іскерлік ойындар;

информатикадан диспуттар;

клубтық қызметтер;

байқау;

көрмелер;

үйірме;

сөзжұмбақтар құру;

олимпиадалар;

пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар;

танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия);
Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың
білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін
дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен
қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен
дамыту болып табылады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген
талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі
бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық
қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс
жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып
табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған
еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше
ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми -
зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі
теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары
ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу
жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.
Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстарын өткізу
әдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу
элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген
қызығушылығы артады; оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі
толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады; өзіндік
шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Өзіндік
шығармашылықты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердің шешілуін талап етеді.
Біріншіден, информатика пәнінен өткізілетін ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны
мен құрылымын анықтау алдыңғы кезекте қарастырылатын негізгі мәселе болып
табылады. Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың
құрылымына дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет екені көрінеді.
Сабақтан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму
тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық
материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке
байланысты екені көрініп тұр. Осы саладағы жүргізілген зерттеулерден, біріншіден,
оқушының шығармашылық қабілетінің тайыздығы немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден
шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен оған педагогикалық тұрғыдан
әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика пәнінен оқушыларды
ғылыми – зерттеу жұмыстарына бейімдеу ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына
сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын оқу
жұмысына қол жеткізуге болады.


Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми -
зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі
теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары
ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу
жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын
қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында
дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды
таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің
маңызы зор.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік
техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика
курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық
қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге
арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады.
Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік
курстар және программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны
ерекше және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын
ұйымдастыру қажет.
Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру
мақсатында - сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Қорыта
келе, информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жиі ұйымдастыру қажет. Сонда
оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық
ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.
Сынып жетекшісінің сыныптан
тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. 
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге белгілі. Оның
жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік
әрекеттерімен ұштасып отырады. Ол әдетте сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар
болып бөлінеді. 
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы-тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде
оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың
мақсатымен өзара байланысты болып келетін, тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі
тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. 
Біріншіден, оқудан тыс әртараптағы әрекет, баланың сабақта мүмкін болмайтын
жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. 
Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың
жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына
негізделген білімдерін байытып,қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын
қалыптастырады. 
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы, оқушыларда әрекеттің әртүріне
қатысты қызығушылығының дамуына, тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада
еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде
жастар арасында қылмыстың көбейюіне әкеледі. Сондықтан да бұл өте өзекті мәселеге
айналуда. 
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек баланың
өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір


сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы еңбекті атқаруда
өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя
білуге тәрбиелейді.Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай бір түрі болмасын, танымдық,
спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін
белгілі бір салада байытады, Мысалы, балалар бірігіп спектакл қойды делік, онда өзара
қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін
бөлісу тәжірибесін меңгереді.Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін”
деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с. 
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен өткізуде уақытқа
қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формаларымен әдістерін,
құралдарымен мазмұны және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл бір жағдайда оған
өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда
оның жауапкершілігін арттырады. Бұл қосымша одан шығармашылық белсенділікті талап
етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау
мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара
даму денгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе
әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып
жетекшілікпен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста
немқұрайлыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен
жағдайдың болмауын қажет етеді. 
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіншіліктеріне сай
қолдары бос уақытта (үзілісте,сабақтан кейін, мереке немесе сенбі және жексенбі
күндерінде) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен
жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. 
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері. Сыныптан тыс тәрбие
жұмысы-мектептегі тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің
жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік
тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін
қалыптастыру. 
Соған орай оның негізгі мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие
міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу,
белгілі бір нәрсеге қызығушылығымен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау,
бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.Сабақтан тыс тәрбие жұмысының
ерекшеліктері төмендегідей міндеттерді көздейді: 
Бала өзіне қатысты жағдайды, қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі
бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.
Себебі, тәжірибе көрсеткендей қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан.
Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды
әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу
процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды
көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қуатының сенімінің орнауына жағдай туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет