Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет69/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Зертханалық жұмыс № 3
Сабақ талдауын жүргізу
Мақсаты: сабақты өткізген мұғалімнің сабағына талдау жасау.
Міндеті: 
-сабақты талдаудың түрлерін зерттеу
-сабақты өткізетін мұғалімге талдау жасау
Сабақты талдау түрлері
1.Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау
1.1.Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.
1.2.Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі,
уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың
сабаққа дайындығы, бүкіл сабақ барысында оқушылардің белсенді жұмысы, жеке,
топтық, ұжымдық жұмыстардың үйлесімділігі. Сабақ тығыздығы, уақытты тиімді
қолдануы.
1.3.Сабақ мазмұны. Ғылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне
тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік
бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін
тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз
білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс.
Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім
сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі.
1.4.Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде
көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған
оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің
жеке ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ
мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді
оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы,
оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.
1.5.Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және жеке
оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі.
1.6.Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және жеке
оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге
көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.
1.7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды.
2.Сабақты әдістемелік талдау
2.1.Сабақтың оқыту мақсаты. Мақсат әдістемелік нұсқаудан алынған ба немесе
мұғалім өздігінен қойған ба? Өзі қойған жағдайда оның дұрыстығы. Сабақтағы
мақсаттың орындалуы.
2.2.Оқыту мақсатына серіктес-демеуші және тәрбие, дамыту мақсаттарының
шешілуі, оның дұрыстығы, негізгі мақсатқа сәйкестігі, орындалуы.
2.3.Сабақтың әдістемелік логикасы. Сабақ құрылымы, оның пәрменділігі, уақыттың
тиімді бөлінуі, үй тапсырмасын тексеру тиімділігі, оқушыларге сабақ мақсатын
қоюы, ынталандыруы, жаңа материалды беруі, оқушылар тарапынан оны түсінуі,
қабылдауы, бейімділігін дамытуы. Сабақтың нәтижелігі, мұғалімнің бағалау жүйесі,
оқушылардің өзін-өзі бағалауы, үй жұмысын ұйымдастыруы.
2.4.Түрлі оқыту құралдарын қолдануы. Әр түрлі тапсырмалар, үлгілер, нұсқаулар,
алгоритмдер, тірек желі, жоспар бағдарламалар, сөздік, т.с.с. қолдануы (өзін-өзі
бақылау кілті, ақпарат көздері).


2.5.Әр түрлі әдістемелік тәсілдерін қолдануы. Қолданылған тәсілдердің сабақ
мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі, дәлдігі, алыну себебі, тиімділігі.
2.6.Оқушылардің әр түрлі танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыру
(жеке, сыныптық, шептік жұмыстар).
2.7.Сабақтың мазмұндық логикасы, оның ақпараттық құндылығы.
3.Авторлық сабақты талдау
3.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жұзеге
асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.
3.2.Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған сабаққа жалпы қысқаша мінездеме.
3.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен
нәтижеге жету құралының ара қатынасы.
3.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.
3.5.Таңдап алынған әдістің нәтижелігі.
3.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.
4.Сабақты салыстырмалы талдау
4.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі. Мақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары,
әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.
4.2.Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.
4.3.Сабақтың басқа пәндермен байланысы.
4.4. Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.
4.5.Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған
орта, жанұясымен байланысы.
4.6.Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде
материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.
4.7.Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен
басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.
4.8.Сабақтар барысында жеке оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау
динамикасы.
5.Сабақты мақсатты талдау.
5.1.Бұл талдау мұғалімдердің оқытудың жеке әдіс-тәсіл құралдарын қолданудағы
жеке оқыту технологиясындағы – авторлық, соның ішінде мұғалімдердің өздерінің
жасақтаған шеберлігін анықтауға бағытталған.
5.2.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі, сабақ мақсаты, міндеттері, кезеңдері.
5.3.Оқыту әдіс-тәсілдері, құралдарына жалпы мінездеме, қолдануы (жеке немесе
барлық оқушыларға арналған ба).
5.4.Оқулық әдіс-тәсілдері құралдарының сабақ мақсатына сәйкестілігі.
5.5.Мұғалімнің жас, жеке сабақ мазмұнының ерекшеліктерінің ескерілуі, соған
байланысты әдіс-тәсілдер, құралдарының бейімделуі.
5.6.Аталған, әдіс-тәсілдер, құралдардың оқытудың басқа әдіс-тәсілдер,
құралдарымен үндесу мүмкіндігі.
5.7.Оқыту әдіс-тәсіл, құралдарды мұғалімнің қолдануда өзіндік қосқан үлесі.
6. Оқытудың авторлық әдістемесі сабағын талдау:
6.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жүзеге
асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.
6.2..Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған жалпы қысқаша мінездеме.
6.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен
нәтижеге жету құралының ара қатынасы.
6.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.
6.5.Әдістің нәтижелігі.
6.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.
7.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау.


7.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі мақсаты, міндеттері, кезеңдері,
құралдары, әдістері.
7.2.Педагогикалық қарым-қатынас стилі: орта мұғалім, оқушы – жеке тұлға,
мұғалімнің басқарушылық жұмысының ашықтығы немесе тұйықтығы.
7.3.Педагогикалық қарым-қатынастың оқыту мақсаты, кезеңдері, әдістеріне
сәйкестігі, монологиялық, диалогтық, топтық қарым-қатынас түрлері.
7.4.Қарым-қатынас хабардар болу, түсіндіру, бағалау, бір нәрсені анықтау (бағалау),
дәлелдеуге бағытталуы.
7.5.Қарым-қатынас мақсаты, нақты, көңіл аударушылық, вербальды (сөзбен),
вербальды емес, сөйлеу әрекетінің әр түрлі (жазу, оқу, аудирование сөйлеу) негізінде
болды.
7.6.Қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, оған
қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау белсенділігі, оның сөйлеудегі көрінуі.
7.7.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, мейірімділігі, серіктестігі сөйлеу және мінез-
құлқындағы бірізділігі мен эмоционалдығының ара қатынасы.
7.8.Мұғалім мен оқушылардың сөйлеу уақытысы (салыстырмалы түрде).
7.9.Сабақта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына жағдайдың болуы
(оқушылар қалай отыр, олар өзін еркін сезіне ме, олардың сөздік немесе сөздік емес
іс-әрекеттері қаншалықта мақсатты, тиімді).
8.Физиологиялық-гигиеналық негізде сабақты талдау.
8.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі.
8.2.Психологиялық, физиологиялық, гигиеналық негізде оқушылардың іс-әрекетіне
қойылатын талаптар, оқу материалын меңгеруге оқушыларды ұйымдастыру
мүмкіндігі. Зейінді шоғырландыру, қайта бөлу (перераспредаление) ерекшелігі, әр
түрлі іс-әрекеттің алмастыруы.
8.3.Сынып мінездемесі, денсаулығының бұзылуы, дене және психикалық ауытқуы
бар балаларға, топтарға сай нұсқаудың болуы, оның есебінің болуы.
8.4.Оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі.
8.5.Қарапайым түзетуді жүзеге асыру мақсатында біліктілігін дамытуы (өзін-өзі
бақылау).
8.6.Сынып бөлмесіне байланысты гигиеналық талаптардың сақталуы.
8.7.Сабақ кестесіндегі сабақтардың орнын анықтаудағы, психологиялық-гигиеналық
талаптардың сақталуы.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі: 
1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс - әрекетіне толық
қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі. 
2. Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау; 
3. Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау; 
4. Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары
түрі, оны іске асыру үшін психолого – педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет. 
Сабақты өзіндік талдау 
Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен
жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында
жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп
орналастыру болып табылады. 
Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:
•талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті; 
•дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік
ұсыныстардың негізін білу; 
•өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу; 
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі; 


•сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу; 
•сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу
міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау; 
•сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын
бағалау; 
•сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру; 
• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау; 
•сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу; 
•жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
•сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;
Сабақты өзіндік талдау 
1.Сабақтың жалпы құрылымын бағалау: 
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады? 
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай? 
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе? 
2.Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру: 
Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма? Жаңа
материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі,
танымдылық қызығушылықтың оянуы)? Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу
жолдары дұрыс таңдалды ма? Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті
және қалай? Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы
таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың
қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)? 
3.Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру: 
оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру,
жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма? 
4.Сабақ барысында тәрбиелеу. Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие
мүмкіндіктері қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды? 
5.Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау. 
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті
дұрыс ұйымдастырылды ма? 
6.Оқыту әдістерін таңдау. Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме
(дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас
ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)? 
7.Сабақтағы мұғалімнің жұмысы. Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай
көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)? Сыныппен қарым-
қатынас орнатылды ма? 
8.Оқушылардың сабақтағы жұмысы. Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың
белсенділігі қандай болды?Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды? Сабақта
қандай тәртіп болды және неге? 


9.Сабақтың гигиеналық жағдайы. Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба? Сабақ кестесіне
дұрыс қойылған ба? 
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы 
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ сапасының негізгі критерийі – оқушылардың білімділігі, сабақтың мақсатына жету.
Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі- мұғалімнің мәдениеті, жан-
жақтылығы мен адамгершілігі. 
• Мақсаттылық.
a) Жинақтылық,тәрбиелілік, дамытушылық;
b) Сәйкестілік (жеке оқушыны дамыту,оның мүмкіндіктерін ашу мақсатында) 
c) Мазмұндық 
d) Жас ерекшеліктеріне сай. 
• Мазмұндық критерийі 
a) қағидаларға сүйену 
b) Маңыздылық 
c) Құрылымның, мазмұнның қисындылығы 
• Әдістемелік критерийі 
a) мақсаттылық 
b) мазмұндық 
c) мұғалімнің жеке басының мүмкіндігі 
d) оқушының мүмкіндігі 
e) жұмыс жағдайы 
f) қызметтің жаңаша ұйымдастырылуы 
• Оқушының іс әрекетін ұйымдастыру критерийі 
a) тиімділік; (жалпылама, топтық, жеке , жұппен)
b) тәртіптілік, реттілік және бірқалыптылық 
c) мұғалімнің басқару қызметі 
d) ұжымды игеру ; 
• Оқу құралдар критерийі 
a) таңдау және тиімді пайдалану 
b) сәйкестілік 
c) негізгіні айқындаушылық 
d) Нәтижелілік критерийі 
e) білім мен біліктілік, шығармашылық тәжірибе жинақтау;
f) тәрбиелік, дамытушылық, білімділік жағынан алға жылжыту. 
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту
және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына,
мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан
басталады.
Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық)
деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға
сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы,
оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім
көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық
әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана
отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек,
оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге
үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу


құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа
тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
1. Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың
өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.
2. Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму
деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының
қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың
өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың
ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді
жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.
3. Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі,
материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі,
оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі,
сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық,
психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен ток пайдаланудың
қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін
арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік
жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс
орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз
ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін
бағалау; үй тапсырмасының көлемі.
4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну
үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.
5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль,
байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.
6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың
орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық
ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту,
дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.
Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға
қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
1. Берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы (қажетті
жабдықтармен қамтамасыз етілуі).
2. Кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың қабылдауы.
Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену.
3. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу тәртібі мен
жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты
бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты түсігніп орындауы, техника
қауіпсіздігінің сақталуы, байқау қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу,
оқушылармен жеке жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.).
4. Оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты орындау жүйелілігі
жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.).
5. Мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған жұмыстар,
қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге
тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді
тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы
жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет