Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Қосымша 9 Оқушыларға еңбек қауiпсiздiгi ережесi жайлы мағлұмат беру жайындағы ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет93/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Қосымша 9
Оқушыларға еңбек қауiпсiздiгi ережесi жайлы мағлұмат беру жайындағы ұсыныстар
Оқушылардың саналы түрде қауiпсiздiк ережесiн ұғыну және орындауда дұрыс және
қауiпсiздiк әдiстерiн пайдалану мақсатында тәрбиелеу үшiн мұғалiмдер оларға нұсқаулар беру
керек.
Еңбек қауiпсiздiгi жайлы нұсқау беру мен оқыту оқушыларға кiрiспе сабақта, одан кейiн
ДЭЕМ-түстмен практикалық жұмыстың алдында жүргiзiлу керек.
Кiрiспе сабақта мұғалiм оқушыларды кабинеттiк күн тәртiбi ережесiмен, техника қауiпсiздiгi
және еңбек тазалығы, онда жұмыс барысында кездесетiн қауiптi жағдайлар, лардан сақтану
жолдары таныстыру керек. 
Кiрiспе сабақты кабинет меңгерушiсi (мұғалiм) лекция түрiнде, ССБТ стандартының
қабылданған бағдарламасы бойынша қазiргi кездегi жұмыс жасап тұрған ЕТК-түстгi техника
қауiпсiздiк ережесi жайлы әңгiмелесу, сонымен қатар осы кабинеттiң меңгерушiсi және кәсiподақ
ұйымының енгiзген кабинет ерекшелiктерi жайлы түсiндiру.
ДЭЕМ жұмыс алдындағы нұсқау кiрiспе нұсқаудың толықтыруы болып есептеледi және
оның мақсаты оқушылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру мен реттеу, керектi құралдар мен
қоршаулардың қызметiн, жұмыстың қауiпсiздiк әдiстерi мен қорғану құралдарын дұрыс
пайдалану, жұмыс жасау кезiндегi қауiптi жағадйларды, жұмыс iстеп отырған адамның
мiндеттерiн, дұрыс ереженi орындамаған жағдайлардағы қауiптi жағдайлар мен оларды шешу
жолдарын түсiндiредi. Жұмыс орнындағы кiрiспе мағлұмат еңбек тәртiбi ережесiне сәйкес
жүргiзiледi, ол ереже ССБТ стандарты ұсынып және оқыту мекемесiнiң басшылығы мен кәсiподақ
ұйымының келiсiмiмен бекiтiлген. 
Жұмыс орнындағы кiрiспе нұсқау еңбек қауiпсiздiгi жайлы нақты, дәл ережелерден тұруы
керек және керек жағдайда көрнекi түрде кейбiр жағдайлар көрсетiлуi керек. 
Жұмыс орнындағы кiрiспе нұсқау аяқталған соң және оқушының нұсқауды меңгергенiне
толық көзi жеткен жағдайда мұғалiм оқушының өз бетiмен жұмыс iстеуiне рұқсат етедi.
Жұмыс iстеу барысында мұғалiм болмаса лаборант әр оқушының нұсқаудағы қауiпсiздiк
ережесiн дұрыс орындауын жүйелi түрде қадағалап отыру керек. 
Нұсқаудың өтiлуi жайлы барлық мәлiмет сынып журналына, сыныптан тыс жұмыс кезiнде
арнайы журналға тiркеледi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет