Қосымша 6
Электр тогымен зақымданған жағдайда көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек.
Электр тогына соғылғанда III-түстIV дәрежедегi күйiк және естен тануға дейiнгi органикалық
және функционалдық өзгерiстер болмаса, оның шамалы ауыртатыны сезiледi.
Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек
көрсетушiлерге зиян келмейтiн, оларғы ток таралмайтындай
сақтандыру шараларын сақтай
отырып, электр желiлерiнен, ток әсерiнен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе
қолмен құрғақ матамен орап алып, құрғақ тақтай мен кiлемшеде тұрып токтан ажырату).
Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек,
қан-түсттамыр жүйесi жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған
жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегiнiң ортасының сол жағына қарай минутына 40-түст
60 рет алақанмен тез-түсттез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының
аузын жауып, терең көкiрек кере дем алып, зақымданушының аузына демдi марлi немесе таза қол
орамалмен жiберу) немесе мұрынмен мұрынға дем жiберу қажет.
Қолдан дем алдыру минутына 16-түст18 рет жиiлiкпен жүргiзiледi.
Сонымен қатар, арнайы
жедел жәрдем тобы шақырылады.
Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының
дем алысы қалыпқа
келгенше, не арнайы көмек көрсетiлгенше жүргiзiледi.
Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсiреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек,
мақтамен мүсәтiр спиртiн иiскетiп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы)
кордиамин құю,
жағын шапалақтау қажет.
Терiге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрiгерге
көрсету қажет. Күйген терiнi зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерiтiндiсiмен сүрту керек.
Информатика кабинетiнде дәрiгер келгенге дейiнгi
алғашқы жедел жәрдем көрсету
қобдишасы болуы қажет, оның құрамының қандай болуы керектiгi № 7 қосымшада көрсетiлген.
Достарыңызбен бөлісу: