Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет74/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
1 тапсырма. Түпсіз сандық.
Бірінші мысал ретінде, әртүрлі заттарға байланысты сөздерді шығаратын түпсіз сандықты 
қалай құру керек екенін қарастырайық.
Ол үшін флипчарттың бетіне кез келген объектіні (сурет не геометриялық фигура болуы 
мүмкін) орнатып, оның астына басқа объектілерді тыға алатындай және оларды керек 
кезде алып тұратындай етіп орнату керек..
Тапсырманы орындауға кірісейік.
Жаңа флипчарт құру керек.
Құю құралының 
көмегімен флипчарт бетінің фонын құямыз. Ол үшін саймандар 
тақтасының түстер аймағында тышқанның оң жақ батырмасын басып (немесе қалам 
батырмасының көмегімен), содан соң 1 суретте көрсетілген ақшыл көгілдір түсті таңдау 
керек:
1 сурет. Саймандар тақтасындағы түстер палитрасы
Енді беттің үстін шерткенде ол таңдалған түспен боялады. 
Кеңес:
Флипчарттың түстері әр түсті болуын қадағалаңыз – ол білім алушылардың 
қызығушылығын арттырады.
Құрылған объектілерді сандықтың астына тығалатындай етіп, мәтін құралы
көмегімен
жазуы бар объектілерді құру керек. Біздің мысалда қолданылатын сөздер: компьютердің 
сыртқы және ішкі құрылғылары болсын. Барлық сөздер бөлек объектілер түрінде құрылу 
керек. Жаңа объект құру үшін қаламның (немесе тышқанның) көмегімен әр сөз терген 
сайын беттің бос жерлерін басып тұру керек.


Сөздердің саны шектеусіз, олардың саны көп болуы да мүмкін.
Енді еркін таңдау құралының көмегімен барлық сөздерді бір жерге көшіреміз және 
оларды беттің төменгі бөлігінде бір-бірінің үстіне қабаттап қоямыз:
Енді бұл сөздерді суретпен немесе геометриялық фигурамен жасырып қою керек. Ол 
үшін біз тіктөртбұрышты қолданайық. Оны ресурстар кітапханасынан көшіріп әкелеміз.
Тіктөртбұрыштың көлемін өте үлкен етпей, тек барлық сөздерді жасыратындай етіп 
өзгерту керек.Тіктөрбұрышты көк түске бояу керек:


Егер тіктөртбұрыш сөздердің астында қалса, тышқанның оң жақ батырмасын басып 
Изменить | На передний план командасын орындау керек.
Енді сөздерді орналастыру үшін бетті екі бөлікке бөлу керек.Біріншісіне – 
компьютердің сыртқы құрылғылары, ал екіншісіне – компьютердің ішкі құрылғылары деп
орналастыру керек.Ол үшін ресурстар кітапханасын пайдаланамыз. Оның ішінен жұлдыз 
фигурасын таңдап, оны сары түске бояймыз: 


Дәл осындай екінші фигураны жасау үшін оны көшіріп аламыз. Ол үшін 
фигураның үстін екі рет шертіп, саймандар тақтасынан Дубликат командасын 
орындаймыз.
Екінші обьектті біріншінің жанына орналастырып, оны жасыл түспен бояймыз:
Енді 
мәтін құралының көмегімен жұлдызшаларды анықтайтын жазулар 
жазу керек. 


Оларды кездейсоқ қозғамау үшін, енді тақырыптардың барлық фигураларын 
мен жазуларын құлыптау қалды. Ол үшін көк тікбұрышта оң жақ тетікті 
басып, контексті менюден Изменить| Блокировать командасын орындаймыз. 
Бұл әрекетті жұлдызшалар мен тақырыптар үшін қайталаймыз.
Бас менюдің командасын орындап, флипчартты сақтаймыз:
Кеңес:
Аяқталғаннан кейін флипчартты сақтау қажет, себебі тапсырманы 
орындағаннан кейін сақтап қойған соң қайта келуге және тапсырманы қайта 
орындауға мүмкіндік болады.
Тапсырманы орындап көреміз. Ол үшін астында сөздер жасырылып тұрған 
көк тікбұрышқа тышқанды апарып, (сонымен қатар таңдап алынған құрал 
жандандырылуы қажет) сөздерді алу қажет. Сөзді қай өңірге қажет деп 
санайсыз, сонда орналастырыңыз. 
Егер сіз сөз жұлдызшаның астында жасырылып жатқанын көрсеңіз, онда 
жұлдызшаның үстінен оң жақтағы тетікті басып, контексті менюден 
изменить|назад командасын орындаймыз. Осы операцияны екінші жұлдызша 
үшін қайталаңыз.
Барлық сөздерді (көк тікбұрыштың өңіріне) бастапқы жайғасымға келтіріңіз 
және флипчартты сақтаңыз.
Тапсырманы тағы да орындап көреміз. Тікбұрыштан сөзді алып шығып, оны 
қажет аймаққа апарамыз. 


 Тапсырманы қайта орындау үшін, флипчарт парағының оң жағындағы
қосымша саймандар тақтасын ашып қайта 
қалпына келтіру (сброс) тетігін
басыңыз. 
Тапсырманың мәнін ұмытып қалмас үшін, бетке ескерту қалыптастыруға 
болады. Ол үшін флипчарт терезесінің тақырыбына П әріпті тетікті басу 
қажет:
Ескертулер терезесінде айқындайтын мәтінді теріңіз, мысалы, мынадай:
Терезені жабыңыз. Енді флипчарттың оң жағынан беттің ескерту тетігі
пайда болды. Сонымен қатар ескертулер терезесі ашылады.


 Барлық сөздер тікбұрыштың астында жасырылғанына көз жеткізіп, 
флипчартты сақтаңыз.
2 тапсырма. Сиқырлы өшіргіш.
Оқушыларға дұрыс жауап таңдауды және оны көрсетілген орынға қоюды 
ұсынатын, флипчарт қалыптастырамыз.Жауаптың дұрыстығын өшіргішті 
алып және қойылған жауапты өшіре отырып тексеруге болады. Бұдан кейін 
мұғалім дайындаған жауап шығады. 
Флипчарт парағына орналастырылған барлық объектілер, 3 қабатта 
орналастырылады:
Яғни фондағы сурет пен кесте төменгі қабатта орналастырылады. Ресурстар 
кітапханасынан алынған немесе мәтін құралының көмегімен 
қалыптастырылған объектілер ортаңғы қабатта орналастырылады. Қалам, 
маркер, бояғыш және өшіргіш құралдарының көмегімен қалыптастырылған 
объектілер, жоғарғы қабатқа орналастырылады 
Қажет болған жағдайда объектіні «өзінің» қабатынан басқа кез келген 
қабатқа орналастыруға болады. Ол үшін объектіде оң жақ тетікті басып, 
контексті менюден мына команданы таңдау керек:


ACTIVstudio осы мүмкіндігін біз және кезекті интерактивті жаттығудың пайдаланамыз.
Ақырындап бастаймыз
Жаңа флипчарт құрыныз.
Бастапқы бет фонының тусін танданыз. Біз ашық-жасылды тандадық.
Бұл құрылғы көмегімен мәтіннің аспабының тақырыптамасын жасаймыз.
Тақырыптама мұқият көрінуі және ерекеше корінуі үшін модификатор қауырсын 
(пера ) құралының көмегімен текстін жан жағына қоршауды құрастырамыз. Осы үшін 


қауырсын суретіне оң жақ тетікпен шертеміз, тіктөртбұрышты модификатордың 
терезесінде таңдап аламыз және рамканының жан-жағын сызамыз.
Оны қандай да бір түспен бояңыз, мен ақ түсті таңдадым:
Біз көріп отырғанымыздай қабаттың жоғары бөлігінде тұрған құю құралы жазуды жауып 
тастады,себебі ол жоғарғы деңгейінде(қабатта) болады.Сол себептен ортанғы қабаттағы 
тексті жауып тастайды. Оны ортаңғы қабатқа көшіреміз.Ол үшін тышқанды құюға апарып
оң түймесін шертіп Изменить | Уровень| Средний командасын орындаймыз. 
Енді жазба тіктөртбұрыштын фонында көрінеді


Енді тақырыптаманы рамкамен бірге құлыптаймыз. (заблокируем)
Бұл үшін еркін (призвольно) таңдау құралының көмегімен жазудын және тік 
төртбұрыштын жан-жағына рамканы сызып аламыз. Осынын нәтежесінде біз бірден үш 
нысанды қамтимыз: жазбаны, қоршауды және құюды құлыпқа алу үшін бөлмей бір 
командамен орындай аламыз.
Енді оң түймемен обьектіні шертіп және контексті менюден Изменить| Блокировать 
комадасын орындаймыз.
Енді тапсырманың мәтінін құрастырамыз. Мәтін құралын таңдап аламыз және жібірілген 
(пропущены) сөздермен қоса жаттығудың мәтінін толықтай басып шығарамыз:


Енді жіберіліп алған сөздерді тез арада бояу қажет. Бұл үшін қалам (перо) аспабын 
таңдап аламыз, реңнің түсімен түйісетін түсті тандап ал, қалам қалыңдығы 20 және кейбір
сөздерді бояймыз.
Енді бетте фон түсімен сәйкес келетін мәтінді обьект және басқа да әртүрлі жеке сөздерді 
жауып тұратын обьектілер бар.Яғни айтарлықтай жаттығуды орындау үшін барлық 
жағдайлар жасалған. Енді тақырыптаманы құлыпқа түсіргендей қалған нысандарды да 
құлыпқа саламыз(заблокировать).
Бетті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік болу үшін флипчартты сақтау қажет.
Енді жаттығуды орындап көреміз.Қалыңдығы 2 және түсі қара қаламды таңдап 
аламыз. Жіберіп алған сөздерді кіргіземіз:
Енді өшіргіш аспабын аламыз және бірінші жазылып қойған сөздерді өшіреміз
Біз дұрыс жауапты көреміз!
Кеңес:


Оқу мүддесінің белсендіруі үшін флипчарта бетіне еніп қосылуынызға болады. Және бұл 
флипчартыныз балалар қызығатын тартымды пішінде болады .
Бұл суреттерді құлыпқа салуғада болады(можно заблокировать).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет