4. Общие итоги урока
мотивация школьников на всех этапах урока
соблюдение дидактических принципов
интерес учащихся к уроку
морально-психологическая обстановка на уроке, демократизация взаимоотношений между
учителем и учащимися
реализация принципа педагогического сотрудничества, самоуправления
школьников на уроке
5. Выводы и предложения
Положительные особенности урока
Замечания, предложения, рекомендации:
Зертханалық жұмыс № 4
Интерактивті тақта
Мақсаты: Интерактивті тақтаның негізгі мүмкіндіктермен танысу және онымен жұмыс
жасау кезіндегі қарапайым ақаулықтарын жоюды үйрену.
Міндеті:
-интерактивті тақталардың түрлерін зерттеу
-интерактивті тақтамен жұмыс жасауды үйрену (1 қосымшаны қараңыз)
Теориялық материал
«Қазіргі заманда жас ұрпаққа ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру, өте-мөте қажет» деп ел
Президенті атап көрсеткендей,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп
түсінген жөн. Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал
активті экран-интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта арқылы жұмыс
жасау қазіргі заман талабы. Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін
интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде
мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай
оқуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні қолданылып жүрген Activ Inspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген
мүмкіндіктері мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді.Сабақ барысында
материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады. Сабақтарды сақтау,толықтыру оның
қызметін жақсарта түседі.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио,
бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде
мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау,
белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б.
әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді
шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады:
1-режим ең қарапайым ақ тақта режимі. Ақ тақта режимін
қолданғанда оны ақ бет
қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі
ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон
ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады және сабақ барысында қажет болса белгі
салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
2- режим Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни
материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word
мәтіндік
редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы
болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік
тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап,
жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсетуге болады.
Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен
жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде
ашуға болады. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай
мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан
түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Оқушы тестілік тапсырмаға
жазбаша жауап беруге және жауабын дұрыс жауаптармен салыстыра алады («тік
төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды
шаблон ретінде келесі сабақтарда пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
3- режим тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті
тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент
арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға,
графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға,
интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге
арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған.
Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін
ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға
арналған. Мысалы есеп шығаруда дұрыс жауаптарын немесе оқушыларға әзір белгісіз
ақпаратты жауып қоюға, материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет
бөлігін көрсетуге болады.
Интерактивті тақтада түрлі – түсті ұқыпты кескінмен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты
көрсетуге болады. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
Ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор.
Оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады және веб-сайттар мен кез-келген
қосымшалардан да жазу жаза алады, оларды әрдайым есте сақтай алады.
Интерактивті тақтаның тиімділігі сондай, әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді
өзгертеді. Интерактивті тақта сабақтан тыс уақытты жоспарлауға,
сондай-ақ сабаққа
дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды
көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа
материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта
ақпараттарды әр-түрлі мультимедиалық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік
береді, оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын
ақпараттарды жеңіл түсіндіріп, схемаларды,тірек сызбаларды беруде өте
ыңғайлы.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етіп, пәнге қызығушылығын арттырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті-ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген.
Сонымен интерактивті тақтаны пайдалану сабақты өткізуге жеңілдік береді, жаңа сабақты
түсіндіру,өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың
әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге және
сабақтың қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Оқушылардың қазіргі заманғы
компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-
өрісін жетілдіреді,
шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын, сабаққа араласу
белсенділігін арттырады. Оқушының жігерлілігін, өзіне деген сенімділігін және пәнге
қызығушылық әрекеттерін қалыптастырады. Және әрбір оқушы тест арқылы өз білімінің
нәтижесін көріп, қатесімен жұмыс жасай алады.
«Ел ертеңі –білімді ұрпақ» демекші, оқушыны білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп,
заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу
керек.