ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата23.09.2022
өлшемі436.37 Kb.
#461180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ЕРЕКШЕ БІЛІМ лекция

бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері 
ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 
2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан 
Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 1.1 та-
рауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға 
жетуді болжайды: 
- инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен 
қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы 
кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды;
- ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің 
барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына 
шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары 
нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс 
ұлғайтылған. 
Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар 
тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен 
қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды 
аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭыДҰ) елдері 
оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім 
беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:
- баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;
- мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;
- өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, 
экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).
Қазіргі 
уақытта 
Қазақстанда 
оқушылардың 
дамуындағы 
ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері 
тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда 
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен 


6
ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2% 
- ы білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге 
байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыру-
әдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру 
мектептерінде оқиды. 
әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты - ҚР жалпы білім беру мектеп-
теріндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық және әдістемелік 
негіздерінің мәнін ашу.
әдістемелік нұсқаулықтың міндеті: 
- жалпы білім берудің инклюзивтік қағидасының негізгі мазмұнын 
ашу;
- ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 
сапалы білім алуына жағдай жасауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз 
ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру;
- оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салда-
рынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау;
- оқушының ерекше білім алу қажеттілігін анықтау және бағалау 
алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау;
- ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған 
жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру.
әдістемелік нұсқаулықтар мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне 
және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандары-
на (психологтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әлеуметтік 
педагогтарға), сондай-ақ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім 
беруді дамытуға мүдделі мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне 
арналған. 
әдістемелік нұсқаулық материалдары инклюзивті білім беруді дамы-
ту бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының алғашқы 
қадамдарын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған, алайда ерекше 
білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу 
бойынша мектеп жұмысының барлық аспектілерін қарастырылмайды. 
әрине, Қазақстанда инклюзивті білім беру тәжірибесінің дамуына қарай 
қосымша нормативтік-құқықтық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа да 
мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. жалпы білім беру процесінің 
барлық қатысушыларына (әкімшіліктер, мұғалімдер, ата-аналар мен 
мамандардың) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту 
және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемелерін одан 
әрі жетілдіруге мүмкіндік берген белсенділіктері мен ұсыныстары үшін 
алғысымызды білдіреміз. 


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет