9
- мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ре-
сурстар ретінде қарастыру. мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін
қоғамдағы толе-
рантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. бір оқушының
қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда
әкеледі;
- оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес,
барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (ло-
гопед,
арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес,
барлық білім
беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім
тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
- оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық
тәсілмен шешу;
- оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден"
бас тарту. көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты",
"инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық
құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. кемсіту дисриминацияның
көрінісі болып табылады.
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мек-
теп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары
мен қызметтерін жасауы керек [4].
сапалы білім алудың жағдайларына
халықаралық қауымдастық
төмендегілерді жатқызады:
- оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын
мұғалім;
- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын
ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы
мен амал-тәсілдерін қолдану;
- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
- мамандардың көмегі;
- жеке сабақтарды жүргізу үшін
техникалық құралдармен, оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан,
мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.