Қазақстан республикасының білім және ғылым


Курстың мақсаты мен міндеті



бет2/13
Дата30.01.2023
өлшемі173.5 Kb.
#468928
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
МУ к СРС и СРСП

Курстың мақсаты мен міндеті.

«Жүктану» - пәнін оқытудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамасын, оларды тасымалдау және сақтау, жылжымалы құрамдарға тиімді жайғастыруын және қатыруын (бекітуін), сонымен қатар тасымалданатын жүктердің, қоршаған ортамен өзара байланыстығын үйрету. Экономикалық басқарушылық профильдің болашақ мамандарына халық шаруашылық кәсіпорындары мен тұрғындарға көліктік қызмет көрсетілуін ұйымдастыру, сондай-ақ практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану бойынша дағдылары мен технологиясын ұластыру негіздерін түсіндіру.


Қазіргі кездегі тиеп – түсіру машиналардың, қондырғылардың, пневматикалық, гидравликалық және аспалы көліктердің, автомобиль және вагон төңкергіштердің және олардың есептеу теориясы, жобалау кезіндегі тиеу-түсіру және қойма жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру технологиясының үлгісін талдауда негізгі көрсеткіштерін анықтауын оқытады.
Негізгі жүктердің жоғарғы дәрежелі технологиялық үрдісін теміржолда тасымалдауын және тар енді жолдан кең енді жолға ауыстыру кезіндегі жүктерді төгу түрлері, теміржолдан кеме және автомобиль көліктеріне ауыстыру және керісінше.
Мамандандыру негізінде алынған бағытына сәйкес толық міндетін табысты атқарып шығатын осы пән бойынша студентті дайындаудағы мақсаты.
Пәннің міндеті төмендегідей тұжырымдалады:
- көліктік қызмет көрсету жүйесінің және оның тармақты жүйесінің жұмыс істеу принцптері түсінігін қамтамасыз ету;
- еңбек пен көлік құралдарының тақырыбы, көліктік үрдісте өндіріс құралдары ретіндегі
жүктердің қасиеттерін оқытуға біліктілікпен қараудың маңыздылығын қамтамасыз етуде;
- көлік құралдарын пайдаланудың техникалық пайдаланушылық көрсеткіштерін оқытуда;
- жүк көліктік үрдістерін ұйымдастырудың негізгі әдістерімен тәсілдері, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптерін меңгеруде;
- жүктерді жеткізу тасымалын қамтамасыз етудің технологиялық шешімдерінің практикалық міндеттерін шешу жөніндегі дағдыларды алуында;
Жүк тасымалдау операцияларын ұйымдастыру және олардың тасымалдау маңызын; жүктердің қасиетін, жүктердің көліктік сипаттамаларын, көлемдік-массалық сипаттамаларын, сақтау режимдерін, физикалық-химиялық қасиеттерін, ыдыс және олардың орамдарының ерекшіліктерінғылыми-техникалық жетістіктерінің үдеуінің, алдыңғы қатарлы әдісті және техниканы, ғылымның жетістіктерін тәжірибеге ұдайы енгізуіндегі негізгі жұмыс өнімділігін көтеру шараларын орындай алады.
«Жүктану» - пәнін жақсы меңгеру үшін жоғарғы оқу орнында оқыған жалпы білім алатын пәндермен жалпы техникалық пәндер және арнайы инженерлік пәндерді білуі тиіс.
Бұл пән келесі пәндермен тығыз байланысы бар: «Біртұтас көлік жүйесі»; «Көлік құралдары»; «Тасымалдауды ұымдастыру және қозғалысты басқару»; «Көлік логистикасы».
Курс мазмұны:
Студенттердің өзіне берілетін сабақтарда тапсырмаларға сай жүктердің жалпы сұрыпталуы және олардың физика-химиялық қасиеттері, тара және жүктерді орау, таңбалау ережелері, тасымалдаудың құжаттық рәсімделенуі, қойма жұмыстарының тиімді жоспарларын есептеу әдiстемелері келтірілген. Бағдарлама курстың жалпы мазмұнын анықтайтын бағдарлама болып есептеледі, осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, курстың негізгі мазмұнын, көлемін, тараулардың берілу ретін негізге алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет