Қазақстан республикасының білім жәНЕ


Қазақстанның әлеуметтік дамуы



бет4/6
Дата29.02.2024
өлшемі229.84 Kb.
#493195
1   2   3   4   5   6
СӨЖ № 2 Саясаттану Тажибай Аружан

Қазақстанның әлеуметтік дамуы
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы: кеше, бүгін, келешек деп қарастырсақ жөн болар.Себебі еліміз өз алдына тәуелсіз ел болып шыққандықтан дербес әлеуметі жайлы біршама мәліметтері бар ел болып қалыптасты деуге де болады. Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Сондай­-ақ, еліндегі жүргізілетін саясаттың қандай екенін де білдіртеді.
Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Демек, бұл бағыттағы жемісті саясат Ата заңмен де тығыз байланысты. Дегенмен әлемдегі дамыған алдыңғы отыздыққа ену мақсатын қойған Қазақстанымыз үшін әлі көп іс атқарылуы керек екені де анық.
Жұмыспен қамтудың жол картасы және әлеуметтік жаңару
Осыдан 20-25 жылдай уақыт бұрын әлеуметтік хал-­ахуал қиын еді. Ұлттық валютамыз айналымға енгеннен кейін үш айға жетпей, он еседей құнсызданды, ал, жылдық есепте тіптен сұмдық болды. Гиперинфляция экономикаға аз соққы болмаған еді. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын да нашарлата түсті. Күнкөріс қамымен мұғалімдер мен дәрігерлердің басқа да қызметкерлердің базар жағалап, табысы жақсылау салаға жаппай дерлік ауысып жатқан кезі де сол тоқсаныншы жылдар еді…Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау – халықтың жаңа қоғамдық саяси-экономикалық жүйеге бейімделуі оңай болған жоқ(олай болуы біршама түсінікті еді). Қарапайым халықтың да. Биліктің де. Мәселен, үкімет екі қолыңды бос қойдым, ал, қалағаныңды жаса дегендей сыңай білдірсе, халық та бас-көзсіз түрлі салаларға ұмтылып жатты. Еңбек нарығы, экономикалық заңдылықтар өкінішке қарай сақтала бермеді. Сондықтан да кей салада дисбаланс жүрді, яғни тепе-­теңдік бұзылды. Оған бір дәйек, экономика, құқықтану, заңгер т.б. мамандықтарда жоғары жалақы болғасын көп адамдар соны оқуға тырысты. Ал, мұндай мамандарға еңбек нарығында жылына онмыңдаған сұраныс жоқ. Бұл мұғалімдік болмаса, дәрігерлік емес еді. Жөн-­жосықсыз, жүйесіз ұмтылыс кері нәтижесін берді. Мысалы, еңбек нарығы толды: заңгер, экономика мамандарына. Қалғаны қайда барды? Жұмыссыздардың қатарына, болмаса, басқа…
Дегенмен бұл қиын әлеуметтік-экономикалық үрдіс бірнеше жылға созыла келіп тежелді. Шамамен 2000-жылдардың басы. Мұнай, басқа да шикізат бағалары қымбаттап, экономикада ілгерілеу басталды. Әлеуметтік жағдай да көтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет