Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
kozhamzharov

 Маневр түрлері: а — қамту; ә — орағыта ӛту 
Орағыта ӛту – қарсыласқа тылдан және қапталдан соққы 
беру мақсатында жасалатын неғұрлым терең бойлайтын маневр. 
Ол майдандағы бӛлімшелермен тактикалық ӛзара қатынаста 
жүзеге асырылады. 
Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бӛлімшелерді 
күшейту, қосалқы бекіністерді, атыс шептерін басып алу, қаптал 
немесе тылға шыққан қарсыласқа тойтарыс беру үшін, сонымен 
бірге қарсы шабуыл жасау үшін қолданылады. 
3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, 
ұрысқа кіру және ұрыстық реті. 
Мотоатқыштар бӛлімшесі орындалатын жауынгерлік 
міндетке, қарсыластын әрекеті мен тӛңіректегі жағдайға 
байланысты жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық ретте болуы 
мүмкін. 
Жорықтық рет – қозғалыс үшін бӛлімшелердің лекке тұруы 
болып табылады. Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын,
ұрысқа 
кіру және ұрыстық ретке лезде қанат жаю, сондай-ақ жеке 
құрамның күшін, машина мен техниканы сақтауды қамтамасыз 
етуі тиіс. Мотоатқыштар взводынын (ротасының) жорықтык, реті 
– лек. Мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-мен (БТР, 
автомобильдермен) козғалады, олардын жорықтық реті – 


72 
командир белгілеген қашықтықта ретімен жүретін лек. Жаяу 
жылжу кезінде мотоатқыштар взводы 3 немесе 2-ден лек түзеп 
жүреді. 
Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке есептелген 
бӛлімшелердін белгіленген аралық және арақашықтықта сапқа 
тұруы. Ол бӛлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс 
барысында немесе қарсылас қорғанысына қарай ену кезінде 
қолданылады. Ұрысқа кіру реті бӛлімшенің артиллерия атысы 
мен авиация соққысына барынша тӛтеп беруін, олардың ұрыс 
ретінде лезде жазылуын, ұрыс барысы кезінде ширақ қозғалуды 
және бӛгеттер мен үйінділерден ӛтуді қамтамасыз етуі тиіс. 
Жаяу ретте әрекет ететін мотоатқыштар взводы үшін ұрысқа 
кіру реті болып маңдайшеп пен тереңдікте бір-бірімен 100 м-ге 
дейін арақашықтықтағы бӛлімше легі саналады. Бұл жағдайда
взвод онға немесе солға бұрылып, бӛлімше қатарына сапқа тұра 
алады. Ротаның ұрысқа кіру реті взвод легінен тұрады және оңға 
немесе солға бұрылып, артқа және алға бұрып жасай отырып, 
взвод қатарында сап түзей алады. 
Ұрыстық рет – бӛлімшенің күшейту құралдарымен бірге ұрыс 
жүргізу үшін сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас 
қимылына, бӛлімшедегі күш пен құралдарға және жергілікті жер 
сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты 
жою үшін бӛлімшенің барлық күші мен құралдарының бір 
мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас 
атысына мейлінше осалдық кӛрсетпеу, сондай-ақ жергілікті жер 
ерекшелігін тиімді қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. 
Шабуылда 
жаяу 
ретте 
қимылдағанда 
мотоатқыш 
взводының (ротасының) ұрыс реті – тізбек болып келеді. Взвод 
жаяу ретпен майданда 300 м-ге дейін шабуылға шығады, ал 
бӛлімшелер арасы 50 м-ге дейін жетеді. Жаяу әскер ұрыс 
машиналарында (БТР-да) шабуылдау кезінде мотоатқыш 
взводтың ұрыстық реті – машиналар арасындағы қашықтық 100 
м-ге дейінгі ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан 
ЖҰМ-да (БТР-да) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе 
нысаналарына атыс жүргізеді. 
Мотоатқыш взводы маңдайшеп бойынша 400 м-ге дейін 
және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттеріне 


73 
орналасады. Ол бӛлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс 
позицияларынан және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың 
тірек пунктерінде және оның қапталдарында взвод командиріне 
бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет