Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
kozhamzharov

 
 
 
Мотоатқыш взводының ЖҰМ-дағы әрекеті кезіндегі ұрыс желісі 
 
Мотоатқыштар ротасы мотоатқыштар взводының тірек 
пунктінен және танкіге қарсы құралдар мен танкілердің атыс 
шебін құрайтын тірек пунктті қорғайды. 
Ұрыстағы ӛзара қимыл және оның мәні 
Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып 
мотоатқыш, танкілік, ракеталық, артиллериялық, мина-атқыш, 
зениттік бӛлімшелер мен арнайы әскери бӛлімшелері ортақ 
міндеті шешеді. Ӛзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл 
бӛлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және нақты 
міндеттерді шешуге қабілетті. 
Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бӛлімшелерінің 
қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін 
барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ кӛршілес бӛлімшелер 
қимылын сәйкестендіру үшін ӛзара әрекет ұйымдастырылады. 
Оның мәні — ұрыс қимылдары, міндеттері, шептер мен уақыт 
бойынша келісуі және ұрыстың жалпы мақсатына жетудегі 
жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері мен арнайы әскер 
бӛлімдерінің, 
сондай-ақ 
кӛршілердің 
ӛзара 
кӛмегімен 


74 
сипатталады. Жауынгерлер мен бӛлімшелердін талассыз және 
ӛзара бірлескен қимылы ұрыста жеңіске жетудін қажетті бірден-
бір жолы болып табылады
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]. 
№ 8-тақырып: Қорғаныстағы взвод. 2 сағат 
1.Қорғаныс негіздері 
2. Қорғаныстағы атыс жүйесі. 
1.Қорғаныс негіздері 
Қорғанысқа кӛшу жағдайы. Взводтың қорғанысқа кӛшуі 
деп дайындығы жүзеге асырылып жатқан (ӛз бӛлімдерімен 
қарсылас әрекетінің, сондай-ақ кӛршілердің сипаты мен 
жағдайы, орналасуы, жергілікті жер ерекшелігі, қолданылатын 
жою құралдар және т.б.) нақты түрде қалыптасқан уақытты 
(жағдайды) айтамыз. Қорғаныс күн ілгері алдын ала 
дайындалады немесе ұрыс барысында ұйымдастырылады. 
Қорғанысқа кӛшу қарсыласпен тікелей іргелес жағдайда немесе 
онымен түіспей тұрған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. 
Қарсыласпен 
тікелей 
іргелес 
жағдайда 
взводтың 
қорғанысқа кӛшуі: 
– шабуыл барысында қарсыластың басым күшін тойтару 
мақсатында; 
– басып алынған шептерді үстап тұру және нығайту үшін; 
– қауіп тӛнетін бағыттағы мандайшепті талқандау үшін; 
– қарсыластың басым күші салдарынан сәтсіздікке 
ұшыраған бетпе-бет ұрыс нәтижесінде болуы мүмкін. 
Қарсыласпен түйіспей тұрған жағдайда да взвод 
қорғанысқа мынадай жағдайда кӛшеді: 
– батальоннын екінші эшелонындағы тірек пунктін қорғау 
кезінде; 
– 
атысты 
қамтамасыз 
ету 
алаңында 
қорғанушы 
бӛлімшелердің қадағалауымен қорғанысқа кӛшу кезінде; 
– теңіз десанты түсірілетін теңіз жағалауын қорғау кезінде; 
– мемлекеттік шекараны талқандау үшін. 
Қорғанысқа кӛшу кезінде алдын ала жергілікті жерді 
зерделеу, қолайлы қорғаныс позицияларын таңдау үшін жағдай 
жасалады. Оны ұйымдастыру үшін бӛлімше командирлеріне 


75 
жеткілікті уақыт беріледі. Бұл жағдайларда тірек пункттерін 
жабдықтауға байланысты инженерлік жұмыстарды жеделдету 
мақсатында инженерлік техника кеңінен қолданылуы мүмкін. 
Қазіргі қорғаныс күш пен құраддардың жетіспеушілігін 
белгілі бір мӛлшерде толтыру мүмкіндігіне ие. Қорғаныс үшін 
табиғи шептерге орналасу, жергілікті жердің қорғаныштық 
қасиеттерін 
пайдалану, 
оның 
инженерлік 
жабдықтары 
қорғанушыларға бірқатар атыстық және тактикалық басымдылық 
береді, сондықтан оларды шебер және дер кезінде қолдану 
нәтижесі қарсыластын басым күшінің шабуылына қарсы тұра 
алады. 
Қорғаныстағы взводтың міндеттері, рӛлі мен орны. Взвод, 
әдетте, рота құрамында, бірінші немесе екінші әшелонда 
қорғанады, сондай-ақ батальон резервінде болуы, ұрыстық 
күзетке немесе тосқауылға тағайындалуы мүмкін. Әрбір нақты 
жағдайда взводтың орны мен рӛлі аға командир қойған 
жауынгерлік міндеттерде белгіленеді. 
Бірінші эшелонда қорғанатын взводтың жауынгерлік міндеті 
– кӛршілермен ӛзара әрекет жасай отырып, атыстың барлық 
түрлерімен қарсыласты алдыңғы шеп алдында жеңіліске 
ұшырату, оның шабуылын тойтару, орналасқан тірек пунктін 
ұстап түру. Қарсылас тірек пунктіне немесе кӛршілес 
бӛлімшелермен аралыққа сыналап кірген жағдайда атыстың 
барлық; түрлерімен соққы беріп, оны барынша шығынға 
ұшырату, қорғаныс терендігіне қарай жылжуына жол бермеу 
керек. 
Батальонның екінші эшелонында қорғанатын взвод 
қорғанысқа сыналап кірген қарсыласты жоюға және иеленетен 
тірек пунктін берік ұстап тұруға, сондай-ақ бірінші эшелон 
бӛлімшесі ұрысқа қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда оны 
ауыстыруға дайындықта болады. 
Резервті құрайтын взводқа аудан немесе тірек пункті 
белгіленіп беріледі, ол осы жерде кенеттен туындаған 
міндеттерді орындауға немесе бірішпі эшелон бӛлімшесі ұрысқа 
қабілеттілігін жоғалтқан кезде оны күшейтуге (ауыстыруға) 
дайындалады. 


76 
Десантқа қарсы резервке тағайындалған взводқа аудан 
бӛлінеді. Ол әуе қарсыласына барлау жүргізеді, инженерлік 
бегеттер, тактикалық әуе десанттары түсірілуі мүмкін аудандар 
мен олардың қимыл-әрекеті ықтимал бағыттарда тосқауылдар 
дайындайды. 
Ұрыстық күзетке тағайындалған взвод кӛрсетілген 
позицияга 
жетіп, 
оны 
инженерлік 
талаптарға 
сәйкес 
жабдықтайды және қарсыластың барлауын жоюға дайындықта 
болады, сондай-ақ батальонның басты күштеріне қарсыластың 
кенеттен шабуыл жасауын болдырмайды. 
Мотоатқыш взводы ЖҰМ-да тосқауыл үшін тағайындалуы 
мүмкін. Взвод кӛрсетілген позицияға орналасып, оны 
бүркемелейді. Қарсылас белгіленген шепке жақындаған кезде 
взвод оны таяу қашықтықтан кенеттен атқылап жояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет