Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
kozhamzharov

 
 Мотоатқыш взводы тірек пунктінің сызбасы 


77 
2. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Қорғаныстағы ату – 
қарсыласты жоюдың негізгі құралы. Ол тиімді болу үшін оны 
ұрыстың мақсатына сай болатын бірынғай жүйеде ұйымдастыра 
білу қажет. 
Қорғаныс қарсыластың басым күштерімен күресті болжау 
кезінде ұйымдастырылады. Қарсылас атыс құралдарының саны 
бойынша мотоатқыш взводынан басым болса, онда сандық 
басымдыққа атыс сапасын қарама-қарсы қою кажет. Осылайша 
қорғаныста атыс жүйесін қолдану — атыс құралдарын 
ұйымдасқан түрде орналастыру және оларды шебер қолдану, 
алдыңғы шепте, қапталда және тереңдігінде бірінші кезекте 
танкілер мен басқа да сауытты машиналарды жою үшін жаппай 
атыстың барлық түрлерін жүзеге асыру. Сондай-ақ қауіп тӛнген 
кез келген бағыт немесе учаскеге атысты тез шоғырландырумен 
сипатталады, яғни нақты маңдайшептен, қапталдан және 
айқастыра атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі. 
Взводтың атыс жүйесі взводтағы барлық қару түрлерімен 
қолда бар ату құралдарының ату мүмкіндіктерін және қарудың 
барлық түрлерінен атыс инженерлік бӛгеттер мен табиғи 
кедергілермен ӛзара тығыз әрекетте болуын есепке ала отырып 
құралады. Олардың барлық бӛгеттері мен кіре берістері бақылау 
мен атуға ыңғайлы болуы керек. 
Қорғаныстағы взводтың атыс жүйесіне мыналар кіреді: 
қорғаныстың алдынғы шебі алдында дайындалған взводтың 
шоғырланған атыс учаскесі; ЖҰМ-ның танкіге қарсы атыс 
аймағы: алдыңғы шеп алдында, аралықта, қапталда және 
қорғаныс тереңдігінде взводтың басқа да атыс құралдарынан 
жаппай кӛпқабаттағы атыс аймағы: қауіпті бағыттарға ЖҰМ-ның 
дайындаған атыс маневрі. 
Қарсылас нысаналарын жою жеке атыс құралдары 
атысымен немесе взвод, бӛлімшенің шоғырланған атысымен 
жүзеге асырылады. Шоғырланған атыс (ША) – Бұл автоматтан, 
пулеметтен, гранататқыштан және ЖҰМ-ның (БТР) қару-
жарағынан қарсыластың бір нысанасьша немесе ұрыс ретінің 
бӛлімдерінде жүргізілетін атыс. 


78 
Взводтың жаяу әскер ұрыс машинасынан шоғырланған атыс 
алғы шептен 2-3 км қашықтықта жүргізілуі мүмкін (атыс 
жарықшақты гранатамен жүргізіледі). Взводқа арналған 
шоғырланған атыс учаскесінің ені 75 м-ге дейін (әр зеңбірекке 25 
м), тереңддгі 50 м-ге дейін болады. 
Жер үсті нысаналарына атыс қаруының шоғырланған 
атысы автоматтан және қол пулеметінен 600 м-ге дейінгі 
қашықтыққа, ПК (Калашников пулеметі) және ПКТ (Танкігі 
Калашников пулеметі) пулеметтерінен 1000 м-ге дейінгі, 
бронетранспортерге қондырылған ірі калибрлі пулеметтен 2000 
м-ге дейінгі қашықтыққа жүргізіледі. Шоғырланған атыс алдын 
ала, қарсыластың ықтимал жүру жолында дайындалады. Бұл 
учаскеде атыс тығыздығы взводтың атыс жолағындағы орташа 
тығыздыққа қарағанда жоғары болуы керек және 1 м майданға 
10—12 оққа құрылуы мүмкін. Осы талаптарға сәйкес взводтың 
учаскесі маңдайшеп бойымен 150—200 м-ге тағайындалады; 
бӛлімшенін шоғырланған атыс учаскесі 50 м-ге дейін болуы 
мүмкін. Мотоатқыш взводына 1-2 шоғырланған атыс учаскесі 
бӛлшеді. 
Қарсыласты ұйымдасқан түрде жеңіліске ұшырату үшін 
танкіге қарсы басқарылатын ракетадан (ТҚБР), танкіден, ЖҰМ 
қаруларынан, атыс қаруынан атыс жүргізу шептері белгіленеді. 
Атыс қаруының тиімді ату қашықтығы — 400— 600 м, ЖҰМ-нан 
1000—1300 м, танкіден 1800—2500 м. 
Негізгі атқылау секторын және қосымша атқылау секторын 
белгілеу жаппай кӛп қабатты атыс жасауды қамтамасыз етеді. 
Қарсыласты жеңіліске ұшыратудың тиімділігін арттыру 
мақсатында маңдайшептен қапталдан, айқастыра, бойлата атыс 
дайындалады. Оның ішінде жақсы нәтиже беретіні – бойлата 
және айқастыра атыс болып табылады. 
Қорғаныста атыс жүргізу үшін ЖҰМ-ға, пулеметке және 
басқа да атыс құралдарына арналып — негізгі және қосымша 
атыс позициялары, нақты ату қашықтығында—негізгі және 
қосымша атқылау секторлары белгіленеді. Гранататқыштан ату 
бӛлімше жасағында дайындалады. Бӛлімше мен взводқа атыс 
жолағы белгіленеді және оларға қосымша атқылау секторы 
кӛрсетіледі. 


79 
Атыс алаңы жергілікті жерде тірек пунктінің оң қапталынан 
бастап 4 нүктемен, ал ату секторы 2 нүктемен беріледі. Алаңның 
ені взводтың қорғаныс майданынан үлкен болуы керек, ол 
бӛлімшелер арасындағы түйіспелер мен аралықтарды талқалауды 
қамтамасыз етеді. Кӛрші бӛлімшелердің атыс алаңы алдыңғы 
шептін қарсы алдындағы барлық жер оқпен бүркемеленетіндей 
етіп тағайындалады. 
Атыс жүйесі – атыс құралдары атыс позицияларында 
болғанда, жеке құрам ӛз атыс тапсырмаларын білгенде, ату үшін 
мәліметтер дайындалып, оқ-дәрілердің қажетті мӛлшері болғанда 
дайын деп есептелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет