82
Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір
әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген
шолғын бӛлімі сонымен бірге осыған арнайы белгіленген взвод
(бӛлімше, танк, топ) қолданады. Жақсы ұйымдастырылған және
дайындалған торуыл — қарсылас үшін тор іспетті. Оған түсу
оңай, бірақ құтылу ӛте қиын. Барлаудың бұл әдісін кӛбіне танк
бӛлімшелері қолданады. Торуыл қарсылас қозғалысының
ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын
жерлерде
ұйымдастырылады, Бұл қарсыласты атыспен және
шабуылмен кенеттен жоюға мүмкіндік береді.
Торуыл ауданындағы жер взводтың жеке құрамының
жасырын орналасуына, оны мұқият бүркемелеуге, қарсыласқа тез
және ынғайлы шабуыл жасауға, ӛз әскерінің орналасқан жеріне
жасырын кетіп қалуына жағдай жасауы тиіс. Торуылға бекітілген
взводқа пулеметтер, зеңбіректер, отшашарлар, танкілер, саперлер
және басқа да күштер мен құралдар білінуі мүмкін.
Орман,
елді мекен шеті, қарсылас жағындағы бейіттер,
кӛпірлерге, ӛткелдерге, темір жол станцияларына кіре берістер
торуыл ұйымдастыруға қолайсыз. Ӛйткені қарсылас мұндай
аудандарға жақындағанда ӛте сақ болады, тұтқиылдан торуыл
жасау мүмкіндігі мейлінше азаяды. Сондықтан торуылдарды тар
ӛткел, бӛгеттерге жақын,
орман-тоғайдан, елді мекеннен шығар
жерге, қарсыластың әдейі бұзылған телефон желілері жанында,
байланысшылар, мотоциклшілер, автомашиналар қозғалысы
жолында, оқ-дәрі (азық-түлік) тасушылардың жолында су кӛздері
және т.б. тұсында таңдаған жӛн.
Торуыл мақсаты — аз күштердің кенеттен атысы арқылы
күші жағынан басым қарсыласты
жою және тұтқынын алу,
маңызды құжаттар, қару-жарақ, жабдықтар мен ұрыс
техникасының үлгілерін қолға түсіру, сондай-ақ дүрбелең
тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.
Торуыл жасау үшін жекелеген жауынгерлер немесе
қарсыластың шарын топтары,
нақты бағыт бойынша жылжып
келе жатқан кӛліктік машиналар нысан болуы мүмкін.
Торуылдың алдында жіберілген бақылаушылар жақындап
келе жатқан қарсыласты дер кезінде тауып, ол туралы взвод
командиріне радио арқылы немесе келісілген жасырын белгі
83
бойынша мәлімдеуі керек. Қарсыластың ұсақ топтары, жекелеген
жауынгерлері мен офицерлері бӛлімшенің кенеттен батыл
қимылы, атыс жүргізбей
шабуыл жасауы арқылы қолға
түсіріледі. Қарсыластың ірі топтары жақын келтіріліп, бір-екі
бӛлімшенің бойлата атысымен жойылады. Ал тірі қалған
жауынгерлері мен офицерлерін шабуыл бӛлімшелері тұтқынға
алады. Қару-жарақтың жаңа түрлері және мүмкіндігінше ұрыс
техникасы басып алынады,
ұрыс техникасындағы шартты
белгілер мен эмблемалардың суреттері салынады немесе
фотосурегке түсіріледі. Ӛлтірілгендер мен ұрыс техникасы
тінтіледі, барлық табылған құжаттар алынады.
Торуылдағы қимыл аяқталған соң взвод дереу жасырын
кетеді, кейде взвод командирінің нұсқауы бойынша басқа
ауданда жиналу үшін әр түрлі бағытта бӛлімшелерге бӛлініп
тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: