23
экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының
және т.б. табысты қимылына байланысты болады.
Әрбір
жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым
кеп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бӛлімшенің алға
жылжуы тез және қарсылас үшін тұрақты және берік бола түседі.
Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер ӛз қаруы мен ұрыс
техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы
тиіс. Ол ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын
ауыстыруға дайын болуға міндетті, сондықтан ол аралас әскери
мамандықты игеруі керек. Құрлық әскерінің (взвод, бӛлім, танк)
Жауынгерлік жарғысында әрбір жауынгердің ұрыстағы
міндеттері нақты анықталған. Ол взвод, бӛлімшенің жауынгерлік
міндетін және ӛз міндетін,
қарсылас танкілерін, басқа да
сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының
жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың ӛлсіз және күшті тұстарын
жақсы білуі тиіс; ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жүргізе
алуы қажет; қарсыласты байқаған сәтте ол туралы дереу
командирге хабарлауға, шабуылда батыл және шешімді түрде
қимылдауға, ал қорғаныста ӛзін берік және табанды ұстауға,
қарсыласты қолда бар тәсілдер мен құралдар арқылы жоюға,
батырлық,
бастамашылдық
және
тапқырлық
байқатуға,
жолдасына кӛмек кӛрсетуге әзір болуға, ұрыста жергілікті жердің
ерекшеліктерін, жеке құралдары мен машинаның сапаларын
тиімді
қолдануға; оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай
алуға, бӛгеттер, табиғи тосқауылдар мен жергілікті жердің
зақымдалған учаскесінен ӛтуге; танкіге және жаяу әскерге қарсы
миналар орналастыруға және оны зиянсыздандыруға, санитарлық
ӛңдеу, дезактивизация, газсыздандыру және дизенфекция
жүргізуге, әуе қарсыласын тануға және тӛмен ұшатын
нысаналарға атыс қаруынан атыс жүргізуге міндетті. Ол ұрыста
командирді қорғауға және күзетуге, ал егер ол қатардан шығып
қалған жағдайда бӛлімшеге басшылық жасауды ӛз
мойнына
алуға, командирдің рұқсатынсыз ұрыстағы орнын тастап
кетпеуге, радиоактивті немесе улағыш заттар мен ӛртегіш
қарумен зақымданғанда немесе жараланғанда, ӛзіндік кӛмектің
қажетті шараларын жасап, жауынгерлік міндетті орындауды
жалғастыруға міндетті. Егер медициналық пунктке бару туралы
24
бұйрық берілсе, жауынгер ӛзімен бірге жеке қаруын алып жүруі
тиіс, ал медициналық пунктке бару мүмкін болмаған жағдайда,
қарумен тасаға дейін еңбектеп барып, санитарларды күтуі тиіс.
ЖҰМ (БТР) бұзылған сәтте ол жӛндеу жұмысына дереу кірісуі
қажет.
Бұл міндеттерді табысты орындау үшін жауынгер табанды
түрде оқып, табанды түрде жаттығып,
жоғары моральдық-
жауынгерлік қасиеттерді меңгеруі және ӛзінің дене дайындығы
мен шыдамдылығын, тӛзімділігін кӛтеруі тиіс
5. Мотоатқыштар бӛлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және
ұрыс реттері
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы
мен жергілікті жерге байланысты бӛлімшелер жорық, ұрысқа
кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.
Жорық реті – бӛлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына
тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру
мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін,
машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бӛлімшесінің, взодының, ротасының
жорық реті — лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы
ЖҰМ-нда,
(БТР
, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық
реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир
тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан
бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар
бӛлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал
взводтың жорық реті — үш лек немесе екі лек бойынша
жасалады.
Ұрысқа кіру реті — мандай шеп пен тереңдікке бӛлінен
бӛлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша
сапқа тұруы. Ол бӛлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге
ұрыс барысында немесе қарсылас қоғанысы терендігінде жылжу
кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бӛлімшенің артиллерия
атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын,
оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде
қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бӛгеттер мен
қиратулардан тез етіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
25
Мотоатқыштар бӛлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның
жорық реті—лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын
мотоатқыштар взводы үшін — маңдайшеп пен тереңдікте бір-
бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бӛлімше легі саналады.
Жаяу
ретте екі лек бойынша жылжыған кездегі
мотоатқыштар бӛлімшесінін
жорық реті
Ұрыс реті дегеніміз — ұрыс үшін күшейту құралдарымен
бірге бӛлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке,
қарсылас қимылына, бӛлімшедегі күш пен құралдардың болуына
және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық
жағдайда қарсыласты жою үшін бӛлімше күші мен
құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр
жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ
жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
Достарыңызбен бөлісу: