26
тӛмендегідей түрлері болады: шабуыл,
және шабуылдың
ұрыстық түрі ретінде — бетпе-бет ұрыс.
Шабуыл — ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде
негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты
толық талқандауға болады. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы
әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық
қаруды қолдану жағдайында ядролық қаруды пайдаланып,
қарсыласты талқандап және
қол жеткізген нәтижелерді
пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң
енеді, сӛйтіп, оның тірі күшін, қару-жарағын, ұрыс техникасын
жояды да, қарсылас орналасқан аймақты басып алады.
Қорғанатын қарсыласқа шабуыл жасау қарсыласпен тікелей
түйіскен жерден немесе тереңдіктен шығару жолымен жүргізілуі
мүмкін.
Шабуыл алдында, әдетте, атыстық дайындық жүргізіледі. Ол
қарсыластың ең маңызды объектілерін талқандау мақсатында
оның қорғанысқа артиллерия мен авицияның алдын ала
жоспарланған және дайындалған соққысын жіберуден тұрады.
Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін. Мотоатқыш
бӛлімшелері қарсыласты жеңіліске
ұшырату дәрежесіне
байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.
– қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір
шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру
және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау
мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. қарсыласқа бекінген
орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер
(позициялар) мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды
күрес жүрігізу, сонымен бірге сыналап кірген қарсыласты жою
және жағдайды қалпына келтіру
мақсатында шешуші қарсы
шабуыл жүргізумен сипатталады.
Бӛлімшенің қорғанысқа кӛшуі қарсыласпен тікелей түйісуі
немесе онымен түйісуінен тыс жағдайында жүргізілуі мүмкін.
Бетпе-бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ
қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған қезде
жүргізіледі.
Бетпе-бет ұрыс кӛбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол
ұрыс барысында: шабуылда – қарсыластың қарсы шабуылын
27
тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы
шабуыл жасау кезінде де тууы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі
әскерлердің қимылы негізіне – қолда бар барлық атыс
құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару
пайдалану жағдайында қарсылас жазалауға үлгергенге
дейінгі
шектік қақтығыста ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді
шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың
алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты
бӛлшектеп талқандау жатады.
2.Бақылаушы жауынгер
Мотоатқыш бӛлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін
бақылаушы тағайындалады. Міндеттерді белгілеу кезінде
бақылаушыға бағдармен жергілікті заттардын шартты атаулары;
қарсылас орналасқан немесе оның пайда болуы мүмкін жері,
оның не істейтіндігі, ӛз әскері мен кӛршілердің
алдыңғы
бӛлімшелері орналасқан жері; бақылау орны және оны қалай
жабдықтау керектігін; бақылау секторы, қай уақытта нені білу
немесе анықтауы, не
нәрсеге назар аударуы, бақылау
нәтижелерін қалай баяндау керектігі түсіндіріледі.
Бӛлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы
бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың
кӛрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды
зерттейді, бағдар мен жергілікті
заттарға дейінгі қашықтықты
ӛлшейді және жергілікті жердің сызбасын құрастырады.