Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
kozhamzharov

 Бақылау үшін орын таңдау
Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті 
жердегі орнын анықтайды да, бӛлімше командиріне баяндайды. 
Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты белгімен түсіреді де, 
бақылау журналына жазады. 
Бақылаушы, әдетте, бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау 
үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау 
аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ) жергілікті жер 
картасы немесе сызбасы, бақылау журналы құлабыз (компас) 
және сағат болуы керек. Бақылау үшін ӛзі қарсыласқа 
кӛрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше кӛбірек естіп, кӛре 
алатындай болып орналасуы керек. 
Бақылау үшін орын таңдаған кезде жақсы шолу мен сенімді 
бүркеніш мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге авиация, 
артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш 
факторларынан жергілікті жердің қорғаныштық қасиетін де 


29 
ескеру қажет. Бақылау үшін қарсыласқа бағдар болып табылатын 
және оның назарын аударатын (ағаш,тал, құрылыс, кӛпір, жол 
қиылысы және т.б.) жекелей тұрған заттарға, сондай-ақ биік 
жоталар, тӛбелер мен қорғанның шыңдарына орналасуға 
болмайды. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау 
үшін ӛте ыңғайлы болса, онда оның жанына кӛлеңке тұстан 
орналасау керек. Оқпанада, шұңқырда немесе арықта арттан 
үйінді биіктік немесе тал, яғни бақылаушының басы 
байқалмайтын болып орналасуы қажет. суретте әр түрлі 
жергілікті жерде бақылаушының дұрыс және дұрыс емес 
орналасуы кӛрсетілген. 
Бақылаушының негізгі тасалайтын орны — оқпана. Ядролық 
қарудан қорғану үшін, сондай-ақ артиллерия мен авиация 
шабуылынан қорғану үшін оқпана жабу тиімді, ал оның тік 
жерлерін тақтаймен жауып, қазық және таяныш бекіту керек. 
Бұдан басқа оқпанада қару, оқ-дәрі және ядролық қарудың 
зақымдаушы факторларын бақылау аспаптарын жасыратын сӛре 
жасауға 
болады. 
Оқпана 
жергілікті 
жер 
заттарымен 
бүркемеленеді. Бақылау және жүйелі түрде жергілікті жерді 
бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор 
қашықтығынна қарай 2-3 аймаққа бӛлінеді. Аймақ шекаралары
әдетте, бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді. 
Бақылаушы, ең алдымен ӛзіне берілген сектордағы жерді 
асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, 
мӛлшерін, формасын, ӛлшемін және ӛзара орналасуын еске 
сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын 
байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы ӛзгерістерді 
байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын 
аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және 
жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып бақылау 
жүргізеді. Осылай жақын аймақты байқай отырып, бақылаушы 
кӛзбен тағы бір шолып, ӛзін-ӛзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта 
және алыс аймақты байқайды. 
Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, 
бұл учаскені бақылау аспаптары кӛмегімен қарап, нысана 
(объект) сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте 
бақылаушы оның жергілікті жер жарғайындағы орналасуын 


30 
анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын 
белгілі жақын бағдарға дейінгі, (оң, сол, жақын, алыс) 
қашықтығын ӛлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, 
байқалған объект туралы командирге баяндайды. 
Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуы тиіс. 
Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен 
бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда 
 
Бақылау секторындағы жергілікті жерді қарау реті 
байқалған 
нысананың 
жағдайын, 
оның 
қимыл-әрекетін 
баяндайды. Бұл кезде ол, ең әуелі, бағдардан оңға немесе солға 
қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал 
сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын 
метрмен кӛрсетеді. Мысалы: Бағдар —2, оңға — 10, 100-ден 
алыс, оқпанада — "танк", немесе "Дӛңгелек" биіктігі, солға—20, 
200-ге жақын, бұта арасында — "бақылаушы", немесе 
"Фигуралы" тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып 
келді" және т.б. 


31 
Егер 
бақылаушы 
радиоактивті 
немесе 
химиялық 
зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді 
де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады. 
Бақылаушы ауысымы тек командир бұйрығымен жасырын 
жүргізіледі. 
 
 
 
 
Бақылау журналындағы жазу формасы 
Бақылау 
уақыты 
Қайда, не байқалды? Кімге, қашан баяндалды? 
7сағ 20 мин Бағдар – 2, 
Оңға – 10,
100-ден алыс, 
оқпанада — танк
7 сағ 20 мин бӛлімше 
командиріне
3.Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы. Қазіргі заманғы ұрыста 
жауынгер қарсылас оғының (атысының) астында кез келген 
жерде тез және жасырын қозғалып және сол кезде қарсыласты 
үздіксіз бақылап, ӛз қаруынан атыс жүргізе отырып, оны жоюға 
қабілетті болуы тиіс. 
Ұрыста жергілікті жер мен қарсылас атысының әсер ету 
сипатына байланысты жауынгер ЖҰМ-да (БТР-да), танкіде 
жылжи алады, ал жаяу ретпен қимылдаған уақытта 
жеделдетілген адым немесе жүгіріспен (толық боймен немесе 
еңкейіп) жүгіре ӛту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен 
жылжиды. 
Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан 
жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен ӛту 
жеделдетілген адым немесе жүгіру арқылы жүзеге асырылады. 
Осы тәсілмен жауынгер шабуыл барысында да алға жылжиды. 
Бұл кезде ол қаруын оқ ата бастау (атысты бастау) жағдайында, 
яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды. Ашық, жерде қарсыласқа 
жасырын жақындау үшін жүігіре ӛту әдісі қолданылады. Жатып 
ату жағдайынан жүгіре ӛту үшін, жауынгер әуелі қозғалыс 


32 
жолын, жасырын демалатын жерді белгілеп, «Тұр!» пәрменін 
орындаған сияқты тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре 
ӛтіп жетуі тиіс. 
Бұл қарсыластан аялдайтын орынды жасыру үшін жасалады, 
әйтпесе қарсылас ертерек кӛздеп тұрып, оны келесі жүгіре ӛту 
үшін тұрған кезде зақымдауы мүмкін. Жүгіре ӛту ұзындығы 20 
м-ден 40 м-ге дейін болуы мүмкін. Бұндай жүгіре ӛту уақытында 
қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген немесе 
кӛрсеткен шепке жеткеннен кейін, сарбаз бақылау үшін 
белігіленген орынға орналасып, атысқа дайындалады да, басқа 
жауынгерлердің жүгіріп ӛтуін атыспен қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет