33
бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып,
содан кейін
бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты ӛзіне
тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.
Жер бауырлай жылжу кезінде басты жоғары кӛтеруге болмайды.
Жартылай тӛрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей
отырып, қол буындарына (қол білектеріне) салмақ салу керек, ол
содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты ӛзінің кеудесіне тартып, бір
мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сӛйтіп, денені алға қарай
оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет, бір мезгілде ӛзіне
қарай бүгілген
басқа аяқты тартып, алға басқа қолды соза
отырып, жылжуды жалғастыру қажет. Бұл кезде қаруды жер
бауырлай еңбектеп жылжудағы сияқты ұстау керек (қол білегіне
күш салып).
Бүйірлей жер бауырлау үшін сол бүйірге жатып, содан соң
тізеден бүгілген
сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне
салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше
ӛзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып,
сол аяқтың
қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалуды
жалғастыра беру керек. Бүйірлей жер бауырлау кезінде қаруды
оң
қолға ұстап, сол аяқтың санына қою керек. Бұл тәсіл ұрыс
алаңында оқ-дәрі мен жүк тасыған кезде кӛп қолданылады.
Жер бауырлай жылжығанда, жауынгер үнемі ұрыс алаңын
бақылай отырып және оқ атуға дайын болуы тиіс.
34
Жер бауырлай жылжу:
а-жер бауырлай еңбектеу; ә-жартылай тӛрт тағандап; б-бүйірлей.
Бӛгеттерден ӛту. Ұрыс жағдайында жауынгерге әр түрлі
бӛгеттерден, (ӛзендер, жыра, батпақ және т.б.) жиі ӛтуге тура
келеді. Бӛгеттерден тоқтаусыз ұрыс
барысында шабуыл екпінін
немесе қозғалыс жылдамдығын тӛмендетпей және қарсылас
күтпеген жерлерде ӛту ӛте маңызды. Бұл кезде жоғары
қырағылық кӛрсету қажет, ӛйткені бӛгеттер миналанған болуы
немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін. Ӛзендер мен
басқа да су бӛгеттерінен жауынгерлерге тұрақты немесе арнайы
жүргізілген кӛгалдарда ЖҰМ-дарда (БТР) табельді ӛткел,
құралдармен (үрмелі
және ағаш десант қайықтары, қатерлер,
жүзбелі автомобилъдер), жарақталмаған қайықтар, әр түрлі қолда
бар құралдармен кешіп немесе жүзіп (бӛрене, тақтайлар,
бӛшкелер,
атвомобиль камералары, плащ-палаткалар, сабан мен
шӛпшек салынған зат қаптары) арқылы ӛтуге тура келеді.
Жауынгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп ӛтеді. Жеке
құрамның ӛтуі үшін ағынның жылдамдығы 1 м/с-ке дейін болған
35
жағдайда рұқсат етілген кешіп ету ӛткелінің тереңдігі 1 м-ді
құрайды.
Жүзіп ӛту ӛткелі су бӛгетінің ені аз болғанда жүзеге
асырылады. Бұл кезде жеке ӛткел құралдары (жүзу киімдері мен
құтқарушы жилеттер), сондай-ақ әр түрлі қолда бар құралдар
қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: