Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


ДӘРІС №4 Шредингер теңдеуі



бет8/14
Дата06.10.2022
өлшемі4.78 Mb.
#462093
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Теориялық физика 1 силлабус

ДӘРІС №4
Шредингер теңдеуі.
Кванттық теориядағы күй түсінігі және оны толққындық функция арқылы бейнелеу
Классикалық физикада бөлшектің күйі деген ұғымның анықтамасы былай беріледі. Егер берілген уақыт мезетінде бөлшектің х, у, z координаттары және жылдамдығының   құраушылары белгілі болса, онда (осы шамалар толығымен) бөлшек күйі анықталған делінеді. Яғни классикалық бөлшек күйі берілген уақыт мезетіндегі бөлшектің   радиус-векторы және   жылдамдығымен анықталады.
Кванттық механикада бөлшек күйінің берілуі классикалық механикаға қарағанда өзгеше болуға тиіс. Микробөлшектер үшін анықталмағандық қатынастарының болуынан бөлшектің күйін координаттар мен импульс арқылы классикалық анықтау жалпы алғанда мағынасын жояды. Корпускулалық-толқындық дуализмге сәйкес кванттық теорияда бөлшектің күйі   функциясымен беріледі, ол комплекс шама және формальды түрде толқындық қасиеттерге ие.
Толқындық функцияның (пси-функцияның) физикалық мағынасын ұғыну микробөлшектердің интерференциясында бөлшектер жүйесі емес, жеке бөлшектің толқындық қасиеттері білінетіндігі айқындалғаннан кейін мүмкін болды. Осы деректі, (жеке бөлшектің толқындық қасиетін) М. Борн идеясы бойынша (1926) тек былайша түсіндіруге болады. Кез келген әрбір жеке микробөлшектің қозғалысы статистикалық (ықтималдық) заңдылықтарға бағынады. Осы қозғалысты сипаттайтын ықтималдықтардың үлестірілуі бөлшектердің жеткілікті көп саны тіркелгеннен кейін ғана білінеді. Осы үлестірілу толқын интенсивтігінің үлестірілуі қандай болса, дәл сондай болып шығады екен: толқын интенсивтігі үлкен болатын жерлерде бөлшек көп тіркеледі, ал интенсивтік аз жерге бөлшек те аз түседі.
Кванттық жүйелердің статистикалық қасиеттеріне байланысты осы жүйелерде өтетін көптеген оқиғаларды дәл болжау мүмкін болмайды. Сондықтан кванттық теорияда ақиқат болжам айтуға болмайтынн оқиғалардың ықтималдықтары анықталады. Ықтималдықтары бойынша физикалық шамаларыдың кездейсоқ орташасын мәндерінің, яғни тәжіриббеде зерттелетін параметрлерді есептеп табуға болады.   толқындық функция міне осы барлық ықтималдықтарды табуға мүмкіндік беретін шама болып табылады.
Барлық кванттық ықтималдықтар ішінен бөлшектердің координаттарының үлестірілуін бейнелейтін ықтималдықты қарастырайық. Бір өлшемді қозғалыс үшін бөлшектің t уақыт мезетінде х және х+dх нүктелері аралығында болу ықтималдығы  -қа тең, мұндағы  - толқындық функция модулінің квадраты,  -комплекс түйіндес функция.
  (4.1)
Шамасы ықтималдық тығыздығы, немесе бөлшек координаттарының үлестірілу тығыздығы. Ықтималдық тығыздығы тәжірибеде бақыланатын физикалық шама болып табылады, ал толқындық функцияның өзі, комплексті болғандықтан, бақылауға келмейтін шама. Бұл кванттық механикада күйлерді бейнелеудің классикалық механикаға қарағанда тағы бір өзгешелігі; классикалық механикада күйді бейнелейтін шамалар бақыланады.
Ықтималдық тығыздығы нормалау шартына бағынады:
  (4.2)
Бұл шарт бөлшектің х осінде болуы ақиқат екендігін өрнектейді.
Ѱ(х,t) толқындық функция көмегімен координаттың орташа мәні былай анықталады:
  (4.3)
Координаттың орташа мәнінің уақытқа тәуелділігін толқындық функция береді.
Ал бөлшектің кеңістіктегі (үш өлшемді) қозғалысы үшін бөлшек күйі әрбір t уақыт мезетінде бөлшектің х, у, z координаттарының, ѱ(х, у, z, t) немесе r радиус-векторының ѱ(х, у, z, t)=ѱ(r, t) комплекс толқындық функциясымен беріледі.
ѱ(r, t) толқындық функцияның физикалық мағынасы бір өлшемді жағдайға толығынан ұқсас тағайындалады.
Толқындық функция, оның физикалық мағынасынан келіп шығатын белгілі шарттарды қанағаттандыруға тиіс. Ол координат пен уақыттың үздіксіз функциясы болуы тиіс. Толқындық функцция бір мәнді және шектелген болуға тиіс. Осы математикалық талаптар жиынтығы үлгі шарттар деп аталады және нақты физикалық шарттарға сәйкес келеді: бөлшектің берілген орында болу ықтималдығы бір нүктеден келесі нүктеге біртіндеп өзгеруге (үздіксіздік), берілген нүкте үшін нақты (бір мәнділік), шектелген болуға тиіс.
Егер бөлшектің кеңістіктің көлемі V белгілі аймағында ғана қозғалатыны белгілі болса, онда осы аймақта оның табылу ықтималдығы 1-ге тең болады. Белгілі аймақта бөлшектің табылу ықтималдығы толқындық функция модулі квадратының аймақ көлемі бойынша алынған интергралы. Демек, бөлшекті табуға болатын аймақтың бүкіл көлемі бойынша алынған (4.3) интегралы 1-ге тең болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет