Қатты дененің зондық теориясы-қатты денедегі электрондар қозғалысының кванттық-механикалық теориясы.
Кванттық механикаға сәйкес еркін электрондар кез келген энергияны иемденеді- олардың энергетикалық спектрі үздіксіз. Ал атомдағы электрондар энергияның белгілі бір дискретті мәндеріне ие. Қатты денеде электрондардың энергетикалық спектрі өзгеше, ол тиым салынған энергетикалық зона деп аталатын тиым салынған энергия мәндерімен бөлінген жекеленген тиым салынбаған энергетикалық деңгейлерден тұрады. Тиым салынған энергетикалық зонада электрондар болмайды.
Металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер
Қатты дененің зондық теориясында қатты дене түрлерінің электрлік қасиеттері 1) тиым салынған энергетикалық зонаның енімен және 2) рұқсат етілген энергетикалық зонаның түрліше толтырылуымен түсіндіріледі.
Толығымен электрондармен толтырылған зона валенттік зона деп аталады.
Электрондармен жартылай толтырылған немесе бос зона өткізгіштік зонасы деп аталады.
Металдар.
А) егер электроннан тұратын зонаның ең жоғарғы бөлілігі толтырылған болса , онда электрондардың жылулық қозғалысының энергиясы электрондардың зонадағы бос деңгейлерге өтуіне жеткілікті және металдың өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
Б) егер валенттік зона бос зонамен жабылатын болса, онда метал типті өткізгіштікті қамтамасыз ететін, валентті электрондармен жартылай толтырылған гибриті зона пайда болады.
Диэлектриктер және жартылай өткізгіштер.
Диэлектрик жағдайында (в-сурет) тиым салынғаг зонганың ені бірнеше; жылулық қозғалыс электрондарды валенттік зонадан өткізгіштік зонаға жеткізе алмайды.
Жартылай өткізгіш жағдайында (г-сурет) тиым салынған зонаның ені , сондықтан электрондарды валенттік зонадан өткізгіштік зонаға жеткізу жылулық қозу есебінен немесе электрондарға энергия беруге қабілетті сыртқы ток көзінен болуы мүмкін.
Әдебиеттер
Абдулаев Ж. Физика курсы: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.-Өңделiп толықтырылған 2-басылымы.- Алматы: Бiлiм, 1994.- 349 б.
Савельев И.В. Жалпы физика курсы. І том. Механика. Тербелiстер мен толқындар, молекулалық физика.- “Наука“ баспасы, физ.-мат. әдебиетiнiң бас редакциясы, М., 1970. 508 б.
Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І том. Механиканың физикалық негiздерi. Молекулалық физика. Тербелiстер және толқындар.-Орыс тiлiнде 10-басылуына сәйкес қазақша 2-басылуы.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1971.-500 б.
Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики: Учеб. пособие для втузов. - М.: Высш.шк., 1989. - 608 с.
Трофимова Т.И. Курс физики: Учеб.пособие для техн.спец. вузов // – 2-е изд., испр. и доп. -М.: Высш. шк., 1990. - 478 с.
Яворский Б.М., Детлаф А.А. Справочник по физике. -М.: Гл. ред. физ.мат. лит., 1980. -507 с.
Сивухин Д.В. Общий курс физики. Механика. Для физ. специальностей вузов. Т.1. -М.: Наука, 1974. - 519 с.
Хайкин С.Э. Физические основы механики. Изд.2-е, испр.и доп. Учеб. пособие для университетов. -М.: Наука, 1971. -751 с.
Аққошқаров Е.А., Тобаяқов Ж.О. Физика терминдерiнiң орысша-қазақша түсiндiрме сөздiгi – Русско-казахский толковый словарь терминов физики.-Алматы: “Рауан“, 1992.-215 б.
10. Арызханов Б. Физика курсы- Алматы: Мектеп, 1988.- 158 б.
11. Иродов И.Е. Курс физики.1-5 томы. Москва: Издательство
Лаборатория Базовых Знаний, 2001.
12. Савельев И.В. Курс общей физики. 1-5 томы. Москва: "Издательство Астрель ", 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |