Жауабы: 1-В, 2-А,3-А, 4-В,5-В
Лекция №2
М. Әуезов әлемінің зерттелу тарихы
«Әуезов туралы көрген , білгеніңді естелік ретінде қамтып жазамын деушілік -теңізді қасықтап тауысамын деумен барабар».(М. Қаратаев)
Жазушының өмірбаяндық деректері. «Өз жайымнан мағлұмат» (С. Садуақасовқа берген дерегі). Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыс тауының баурайы-туған жері. Жидебай қыстауы. Ақынның білім алған оқу орындары-Семей қалалық 5 кластық училищесі, Оқытушылар семинариясы.Ташкент Орта Азия университетінің филология факультеті, кейін аспирантурасы , Ленинград университеті. Қоғамдық қызметтерді атқаруы-ҚазЦИК-тің президиум мүшесі, Семей губеркомының мүшесі, губеркомның председателі, ҚазМУ мен ММУ-нің профессоры, академик, ҚазССР жоғары советінің депутаты. «Шолпан»журналында қызмет жасауы. К. Оразалиннің «Абайдан соң » романында М.Әуезов өмірінің суреттелуі. 1897 - 28 қыркүйекте Семей уезі, Шыңғыс болысы, Бөріліде дүниеге келген.
1908 - Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
1915 – қалалық училищені бітіріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.
1917 - маусымда М.Әуезовтің " Еңлік-Кебек" драмасы тұңғыш рет Ойқұдықта киіз үйде сахналанады.
1918 – қазанда Омбыдағы Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.
1919 - Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, кейіннен бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
1921 – 12 тамызда Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.
1921 – қарашада Орынбордағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі қызметіне ауысады.
1922 – күзде Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып түседі. «Шолпан» және «Сана» журналдарында еңбектері жарық көреді.
1923 - Ленинград Мемлекеттік Университетіндегі қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға түседі.
1924-1925 – Семейде мұғалімдер техникумында оқытушы қызметін атқара жүріп, «Таң» журналын шығарады. Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады.
1928 - Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
1930 - 16 қыркүйекте «ұлтшыл, буржуазияшыл» деген айыппен тергеуге алынып, тұтқындалады.
1932 – түрмеден шартты түрде босатылады.
1932-1937 – Алматыдағы Қазақ драма театрында әдеби бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
1942 – «Абай жолы» жарық көріп, сынға ұшырайды.
1943 – Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды.
1945-1956 – екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.
1946 - Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1946-1947 - «Абай жолының» екінші кітабы жарық көреді.
1949 - «Абай жолы» романы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық беріледі.
1950 - роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді.
1951—1954 - саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, қайтадан жаппай сынау науқаны басталады.
1953 – қамауға алыну қаупі төнгендіктен сәуір айында Мәскеуге жасырын кетуге мәжбүр болады.
1953-1954 - Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді.
1954 - Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтайды.
1955 – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланады.
1957 – тамызда Жапонияда өткен атом және сутегі бомбаларына тыйым салу жөніндегі бүкіләлемдік конференцияға қатысады.
1957- 60 жылдық мерейтойы Алматы мен Мәскеуде салтанатты түрде аталып өтіп, Ленин орденімен марапатталады.
1957-1961 – Тіл және әдебиет институтының халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
1961 - 27 маусымда Мәскеуде операция үстінде көз жұмады.
М.Әуезов шығармашылығы туралы пікірлер, зерттеушілер бағасы. «Мұхтар Әуезов тағылымы» бойынша пікірлер мен ойларды таразылау, сырына қанығу.Әуезовтанушы ғалымдар –Д.Досжанов «Мұхтар жолы», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», К.Оразалин «Абайдан соң». Т.Жұртбай «Бесігіңді түзе», «Бейуақ», «Талқы», А.Нұрқатов «Мұхтар Әуезов творчествосы», Ә.Қоңыратбаев «М.Әуезовтің типтендіру өнері», «Шеберлік сырлары», Ә.Байтанаев «М.Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясының образдар жүйесі» , Қ.Сыздықов «Мұхтар Әуезов-әдебиет сыншысы», З.Ахметов «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания», М.Мырзахметов «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», Р.Нұрғалиев «Трагедия табиғаты», Б.Майтанов «М.Әуезов-суреткер», «Сөз сыны», Дәдебаев Ж.»Мұхтар Әуезов», Бітібаева Қ. «М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту» сияқты еңбектерді еңбектерді талдау
Әуезовтың туындыларын сөз еткенде қаламгер шығармашылығын зерттеген сыншы Р.Нұрғали өзіне дейін айтылған пікірлерді, байламдарды ескере келіп, оны өз ойымен, ғылыми тұжырымымен одан әрі тереңдетіп толықтырған. Әуезов шығармашылығын әлемдік әдебиет пен мәдениет деңгейінен сөз етеді. Ғалым шығармалардың тақырыбына, өмірлік фактісіне, мәтініне, сюжет желісіне, авторлық жаңашылдық пен оның осы шығарма арқылы жазушылық, ғалымдық келбетінің қаншалықты ашылғанына тоқталады. Оның кейіпкерлерінде халық өкілдерінің шыншыл образы, бейнесі айқын суреттелгенін айтып берді. Өзге шығармалармен ұқсастығы мен үндестігіне мән береді, шығарма жазылған кездегі әлеуметтік-саяси қоғамдық жағдайға, идеологияға тоқталып, оның туындыға тигізген әсері де жайлы ой қозғайды. Ал бірнеше нұсқасы бар я болмаса автордың кейін қайтадан өңдеуінен өткен шығармаларды зерттегенде оларды қатар алып, әрбір өзгерістерке мән береді, өзіндік қортынды жасайды. Шығарманың ұлттық әдебиеттегі орны мен маңызы, көркемдік дәрежесі де академиктің еңбектерінде қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |