Тест жауабы -6-В,7-А,8-Д,9-С,10-В.
Лекция №3.
20-30-жылдардағы М.Әуезов шығармашылығының өмір жолы
«Қазіргі қазақ әдебиетінің абыройы мен ажары М. Әуезовтің арқасында артып, айбарлана түсті. Біздің Әуезовтен үйренеріміз көп». (Ә. Нұрпейісов)
Әуезов әңгімелерінің үш топқа бөлінуі. Алғашқы әңгімелерінің тақырыптары мен идеялық мәні. «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жетім» әңгімелері. Европалық әдебиет үлгісінде жазылған -«Қорғансыздың күні». Әуезов шығармаларында оқыған азаматтардың суреттелуі («Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Үйлену», «Кінемшіл бойжеткен» әңгімелері). М. Әуезовтің «Көксерегі» 1928-ші жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында Ташкент қаласында жазған шығармасы. 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылып шықты. Жария көрген туындыны оқып шыққан әдебиет және қоғам қайраткерлері өз пікірлерін, сыни мақалаларын баспа беттерінде жариялай бастады.Бірі повестің көркемдігі, тіл ерекшелігі жақтарын талдаса, енді бірі саяси тұжырымдар жасады. Өз пікірлерін білдірген алғашқы тұжырымдарды М.Әуезовтің шығармаларын орыс тіліне тәржімелеген, аудармашы А. Пантелеев «Көксеректі» Абайдан әлдеқайда бұрын жазды, сондықтан да алғашқы махаббатындай ұнататын» (1.93) («Біздің Мұхтар», Алматы: «Жазушы» 1976 ж. 431 б.) десе, қазақтың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов: «Әңгіме өте терең астармен жазылған. Қанша қозғағанмен ішінен айқын мағынасын ашу өте қиын. Біз бұл арада қасқыр пәленше, Мұқаш (Құрмаштың алғашқы нұсқадағы аты) түгенше деп орынсыз жорамалдау жасамаймыз. Біздің айтарымыз жалғыз-ақ, Мұхтар мұны жазғанда қасқырды, аң қып алып отырған жоқ, адам қып алып отыр. Өйткені «Көксеректе» мақсат бар. Сол мақсатқа ұмтылушылық, өз мақсатына жетушілік, түптеушілік бар. …Көксерек, сөз жоқ, адамның біреуі. Біреу болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете ме, яки жеке адамды елестете ме, ол жағы бізге қараңғы. Не қылғанмен, Көксерек адамның, адам болғанда да қара ниет, ескі заманша алсақ, отаршыл үкімет болар еді. Бірақ ол үкімет Қазақстанда тәрбие алып, қазақтың қолында өскен жоқ. Мұхтардың бір дұшпаны осы еді.
Бұл бірінші дұшпаны десек, жазушының екінші дұшпаны деп, большевик басқарған үкіметті айтамыз. Біз Көксеректі осыған келе ме деп топшылаймыз», – деп жазды.
Сәбеңнің пайымдауынша Мұхтарша еңбекшілерді тәрбиелейтін «қасқырлар» (большевиктер) ақырында өзін-өзі жеді. Осы жорамал дұрысқа жата береді. Көксеректі таза аңшылық қызығынан алынған әңгіме деуге болмайды. Мұнда таза саяси астар бар [8.351-352. Мұқанов Сәбит. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті – Алматы : Атамұра 2008. – 351-352 б]. Бұл жазушының саяси таптың ықпалындағы көзқарасы болғанымен, Әуезовтің идеялық – көркемдік ойлау шеберлігіне тәнті болып, жазушылық шеберлігі мен жетістігіне сүйіспеншілікпен қарап Сәбит: «Көксеректің» жазылу ерекшелігін жоғарғы деңгейде «Әуезовтің ақындық, жазушылық күйін алғанда Мұхтар күшті жазушы, тіл сұлулығының үстіне, Мұхтар кейіпкер жасауға шебер. Жазуға шеберлік жағынан пролетариат жазушыларына Мұхтардан үйренетін нәрсе көп» [8.352. Сонда], – деп әділ бағасын берді. Шығарманың көркемдік жағына М.Әуезовтің шығармашылығындағы психологизмді арнайы, толыққанды зерттеген ғалым, профессор Бақытжан Майтанов: «Иесіне адалдықтан болмысына, жаратушы күшке адалдық басым. М.Әуезов бұл ақиқатты тамаша сезінген. «Көксерегі» көркемдік тұғырнамалық құдіреттің жұмбақ кілті осы тұстан табылса керек-ті» [11.35 Майтанов Б. «Көксерек»: әлемдік тәжірибе және ұлттық дәстүр.] Әуезов және әлем әдебиеті.– Алматы : Қазақ университеті , 2001 – 363.Б. ( 35 б)], – деп жазды. Жазушының алғашқы прозалық шыығармасы-1921 жылы жазылғанн “Қорғансыздың күні” әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаушысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атаулының шегі жоқ дегенге сендіреді, Жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарта отырып, психологізм, символдық бей нені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі Жан дүниесімен үйлесімділік табады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қаралы сұлу” әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан легенді айтады.
М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
“Кім кінәлі?”, “Сөну-жану”, “Қыр суреттері”, “Жетім” әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының бірнеше әңгімелері бір-екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғат суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік.
Повестері. Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі, айқасы “Көксерек” повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етюді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түсен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған. Жазушы жыртқыш аңның психологиясын әр әрекетімен, әр ісімен береді. Осыған дәл табиғат суретін қоса өзгерте отырып, идеяға апарады. Қолда өскен Көксеректің алғашқыда қойды үркітіп қрорқыта бастауы, ұрлап тамақ жеуі т.б. әрекеттерінен жыртқыштығын байқата бастаған қасқырдың соңында өзі қолынан ас беріп , бауырына басқан Құрмашты өлтіріп кетуіне дейінгі аралықта жазушы осылай болуының себебін де оқырманның ашып тануына мүмкіндік береді. Шығарма жауыздықтың, зұлымдықтың шығуына адамдар өзі түрткі болады деген бір ойды берсе, екінші жағынан, жаратылыстағы әркімнің өз өмір сүру әдісі бар оған иелік етуге, билік етуге, күшпен көндіруге болмайды деген ойды айтады.
Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры қатты толғандырған . Мұхтар мұндай төзімсіз жағдайларға жайбарақат қарай алмады . Сондықтан да ол «жетім» атты әңгімесінде қаңғып қалған Қасымның тағдырына егіле отырып, оны дарынды шеберлігімен тебірене суреттеп берген . Әке – шешесінен жастайынан айрылып , әжесінің тізесін құшақтап қалған Қасым жарты жылдан, соң онымен де қоштасады.
Қасымның тағдыры енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалды . Қасымның әке- шешесінен , әжесінен қалған отыз шақты қой , он шақты ірі қараға ие болған Иса мен Хадиша оларды талан – таражға түсіріп , көжеге ортақ қылғанша деп , ұрып – соғып , аштан- аш қаңғытып жіберді.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен еенсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып , жұмыртқадай қыылып тегістеп тастайды.Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз. Арқалықтың осы түрі оқырманы бірден-ақ бір түрлі оқыс оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қахарлы қыс, бұрқаған боран... Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі тәрізденеді.
Осындай әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр жайлы аңыз әңгімеленеді.
Н. Рахманова студенттерге арналған «Әуезовтану дәрістері» атты оқулығында: «М. Әуезов символдық бейне Көксерек арқылы өмірді бейнелеу аясын кеңіткен, отарлаушы ел билеушілері туралы ойын өрістетіп бағамдатқан. Повесть жазылған тұста сөз иесіне қысым жасаушы күштердің өктемдігі біліне бастаған. Қасқырлар апанына жасалған қатыгездігінің аңғарында зорлықшы жат елдің әрекетін абайлату, меңзету бар», – деп М. Әуезов 1930-32 жылдарда Ташкент түрмесіне қамаққа алынып, Алматыдан босап шығу кезеңдері мен 50 жылдардағы қуғындау кезеңіне байланысты тұжырым жасағандығы анық.«Көксеректің жат ортаны жатсынуы, еркін әрекеті – оның ішкі бостандығының көрінісі. Өздерін тағылыққа ізгілік үйретуші санаған көпшілік үні көксерек қылған қара ниетті жауыздықтың тұрғыны санайды. «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды» деп өз өлшемдерін айтысады».
Көксерек пен Аққасқаның айқасының әсерлі берілгенін талдай келе тағы да саясатқа әкеліп тірейді. «Автор үшін Көксерек аяулы образ дейді». Шығармада алынып тұрған екі бейненің бірі басымдау көрінетіні анық. Ол Көксерек. Аққасқа адамдардың араласуымен жеңіске жетті. «Екі аяқтылар қарумен келіп Көксеректі жайратты. Қанша арпалыс, бәрібір жеңіс солар жағында», – деп зерттеуші өз өкінішін жасырмайды. «Әр тіршілік иесі, қызық та, өзінің тегіне, жаратылысына адал болуын автор астарлап меңзеп тұр» дей келе: «М.Әуезов Көксеректе үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршілігінен айрылу алдында тұрған қазақ халқының, алаштың жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан», – дейді (103 б).
Тақырып жағынан «Көксерек», «Қараш-Қараш», «Қилы заман» туындылары бір -бірімен үндес шығармалар екендігін салыстыра отырып, үш шығарманың да идеясы, түйіні – ұлттық сананы ояту. Жазушы бұл туындыларында ауыр да азапты өмірді суреттегенімен, оқырмандарын үмітке жетелейді. Меніңше, бұл жерде ешқандай саясат, әлеуметтік оқиғалардың қатысы жоқ.
Қорыта келе айтарымыз, Құрмаш жас, өмірден түйген тәжірибесі жоқ аңғал бала. Сондықтан, бұл жерде бала психологиясы беріліп отыр. Көксеректің жазылу жайына келсек, М.Әуезовтің ауылда, қазақ жерінде, аңшылық өмірдің ортасында өсіп, есейгенін ұмытпауымыз керек. Жазушы жайлы інісі Ахмет Әуезовтің айтуынша «Мұхтар қаражат жинап Керекуге (Павлодар) адам жіберіп, ит иесіне арнайы хат жазып, кемемен Аққасқа, Сарықасқа деген екі тазы алдырды. Аққасқа Ағзамға тиді, сол аққасқа көкжалды алқымынан шайнай айқасып тұрғанын талай көрген. Сол көріністі Мұхтар «Көксерек Аққасқаның алғырлығынан қолға түсті. Бұл оқиғалар Мұхтарға көп-көп сырлы ой салып, содан барып 8 бөлімді Мұхтардың «Көксерек» әңгімесі туындаған». Ахмет Әуезов «Көксерек» повесінің жазылу тарихынан осылай сыр шертеді. Соған қарағанда, бұл оқиғаның елесі, мазмұны жас Мұхтардың санасына ертеден қалыптасып, пісіп жетіліп, тек шығарма болып жарық көруін күтіп жүрген болар. Содан барып, есейген Мұхтар Әуезов «Көксерегін» дүниеге әкеледі.
М. Әуезовтің «Көксерегінен» саяси астар іздеу кейінгі зерттеушілер еңбектерінде де талданып жүр. «Ұлы тұлға ұлағаты» (Алматы: 2002) жинағының тоғызыншы бетінде басылған «Көксерек» повесі әлеуметтік талдау «мәселесі» атты зерттеуде Тұрар Балтабаева «Көксеректің» жазылуы жайына әлеуметтік талдау жасайды. Сонау «Қазақ даласын жайлаған, қазақ халқын қынадай қырғын қанды қасіретті аштықты көрсетуде. «Көксеректе» 30-шы жылдардың ащы шындығы бар», – деп саяси-әлеуметтік ғылыми сараптама жасап, мынадай сілтемелер берді: «Осы сөз повесті оқу үстінде үнемі көкейіңе сан қайтара оралады. Азулы қасқыр шауып, ойрандап жүрген қараусыз – Кеңес үкіметінің, оның «кіші Октябрінен» зәбір көріп, талан-таражға түскен, аштықтан күйзелген қазақ елі бейнесінің символын берген» (5 б.) – деп саясатқа әкеп тірейді. «Түз тағысы орманда, аңқау, аңғал Құрмаштың асырап алуын бейнелеу арқылы бейғам тыныш жатқан қазақ даласына кеңес үкіметінің социалистік идеологиялық бұқпалап кірген сәтін астарлап көрсеткен» сияқты болып жалғаса береді. Осы сарынды ғалым Қайрат Райдың да зерттеу мақаласынан кездестірдік. Көксерек», «Қаралы сұлу» әңгімесіндегі психологизм мәселелері. «Қыр суреттері»циклындағы әңгімелердің тақырыптық мәні.
М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің «жазушының творчестволық эволюциясын айқын аңдататыны және суреткерлік шеберлігін қапысыз танытатыны»туралы.
Әуезов әңгімелерінің зерттелуі. «М.Әуезов Қазақстандағы колхоз құрылысын тереңнен қамтып, ішкі қыртыстарымен қоса, табиғи қалпында кескіндейді.»З. Қабдолов
«Іздер»(1932), «Бүркітші»(1937), «Білекке білек»(1933), «Құм мен Асқар»(1935),
«Шатқалаң»(1935), «Асыл нәсілділер»(1947) әңгімелерінің тақырыптары төңкерістен кейінгі өмірді, колхоз өмірін суреттеуге арналган.
Жазушы колхоз құрудағы алғашқы кездегі кедергілерді көрсете отырып,
адамдарды күрес үстінде шынықтырады. «Шатқалаңдагы» Самат, Айша,
Паншин, Қасен, Айшалар-жаңа адамдар бейнелері. Олардың мінез-құлқы тап
жауы-Сүгір мен Қатпалардың зиянкестік әрекеттерін әшкерелеу үстінде
жарқырай көрінеді. «Бүркітшідегі» Бекпол-Сәтпек линиясы,«Іздердегі»Несіпбай-Жүматайдың қарама-қарсы әрекеттері ерекше шеберлікпен есте қалатындай шынайы көрінеді.
Әуезовтің еңбек тақырыбына жазған «Іздер» мен «Білекке білек»әңгімелері де жаңа қоғамның еңбекқор жаңа адамдарының бейнесін суреттейді. Кешегі партизан , бүгінгі колхозшы Несіпбай ауыл тұрмысын жақсартам деп жүрген жан дүниесі таза жан. Сауыншы Мақпал да колхоз малын өз малынан артық көріп, ұжым үшін адал қызмет жасайды.
«Құм мен Асқар »әңгімесіндегі Асқар бейнесі. Осы кезеңде жазған әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері мен автор идеясы.Отызыншы жылдар әңгімесіне берілген сыншылар бағасы. www.45minut.org
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Біздің Мұхтар», Алматы: Жазушы, 1976-431 б.
2.«XX ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы: Атамұра , 351-352 б. 2008
3.Әуезов және әлем әдебиеті, Алматы: Қазақ университеті, 2001-363 б.
4.М .Әуезов «Ұлы тұлға ұлағаты», Алматы: 2002.
5.Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. Алматы:1984, 269 – б
6. Ахмет Әуезов «Көксерек» осылай туған. Жас Мұхтар, Алматы: Жалын 1977.
7. Ұлы тұлға ұлағаты, Алматы: 2002, 389 б.
Семинар тақырыбы-М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы әңгімелері
Достарыңызбен бөлісу: |