Bicubic (бикубический) – бұл режимде көршілес 8 пикселдің түсі орташаланып алынады. Бұл әдіс өте баяу. Бірақ ең сенімдісі.
Bilinear (билинейный) – көршілес 4 пикселдің түсі орташаланылады. Тезірек жұмыс істегенмен нәтижесі төменірек.
Nearest Neighber (ближайший сосед) – пикселге көршілес 1 пикселдің мәні беріледі. Ең жылдам әдіс бірақ сапасы төмен.
Негізгі әдебиеттер: [4], [6], [9]
Дәріс №7-8
Тақырыбы: Бейнелердің үзінділерімен амалдар жасау. Қабаттармен амалдар жасау.
Дәріс мазмұны:
Бейнелердің үзінділерімен амалдар жасау.
Қабаттармен амалдар жасау.
Түсті және жарты тонды бейнелерді өңдеу.
Ашықтылықты баптаудың жылдам әдісі.
Тонды өңдеудің мақсаты пикселдер арасындағы жарықты және көлеңкені бөліп орналастыру. Яғни, бейненің ашықтылығын және контрактілігін баптау. Жарты тонды бейненің сапасы туралы обьективті бағаны ашықтылық, гистограмма көмегімен беруге болады. Жарты тонды бейне тек бір түстің оттеноктарынан тұратындығынан оның пикселдері бір-бірімен тек ашықтылығымен ажыратылады. Бейненің гистограммасы – бұл көлденең ось бойынша 0 – 255-ке дейінгі ашықтылық деңгейі, ал тік ось бойынша осы ашықтыққа ие болатын бейненің пикселдер саны көрсетілген график. Бейнеде қолданылатын диапазонның бөлігі оның тондық диапазоны деп аталады. Тондық диапазон неғұрлым көп болса, бейненің сапасы соғұрлым жоғары болады. Тондық диапазонды үш бөлікке бөледі:
Сол жақ бөлігі – бейненің қара жерлеріне сәйкес.
Оң жақ бөлігі – ашық жерлеріне сәйкес.
Орта тондар – олардың арасында.
Ең үлкені
Идеалды бейнеде барлық оттеноктардың пикселдері бар болады.
Ашық тондары көп бейне жоғары кілттегі бейнелер деп аталады. Ал қара тондары көп бейне, төменгі кілттегі бейне деп аталады.
Бейненің гистограммасын көру үшін және тондық диапазонды өңдеу үшін Image > Histogram командалары орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |