Өңдеуді орындау реті.
Гигтограмма көмегімен бейненің сапасын бағалау.
Levels немесе threshold командасы көмегімен бейненің ақ және қара нүктелерін табу керек.
Curves терезесінде тондық диапазонды өңдеу.
Түсті өңдеу.
Бейненің насыщенностын баптау.
арнайы түстік эффектілер қолдану.
Unsharp Mask – нереская маска фильтрін қолдану.
Өңдеудің нәтижесін әлсірету. Өңдеудің нәтижесін әлсірету үшін аймақ ерекшеленген болса, ерекшелеуді алып тастамай тұрып Edit > Fade командаларын орындау немесе Shift+ Ctrl +F пернелерін шерту керек. Opasiti сырғытпасы көмегімен колекцияны керекті деңгейге орнату керек.
Негізгі әдебиеттер: [1],[4],[7],[9]
Дәріс №9-10
Тақырыбы: Түспен түзету. Арналар. Color палитрасы. Ерекшеленген бөліктің модификациясы
Дәріс мазмұны:
Түспен түзету.
Арналар.
Color палитрасы.
Түспен жұмыс істеу
Ерекшеленген бөліктің модификациясы
Түсті таңдау. Түсті саймандар панеліндегі екпінді түсті индекаторы көмегімен таңдауға болады. Мұндағы негізгі түс Penclе, Paint Brush, Paint Backet және т.б саймандарды қолданылғанда пайдаланылатын түс.
Бейненің қандай да бір бөлігін ерекшелеп, оны Edit > Fill командасы көмегімен негізгі түспен құюға немесе Edit > Stroce командасы көмегімен контурын сызуға болады. Градиентті құюлар негізгі түспен басталып, фонның түсімен аяқталады.
Фонның түсі – бұл түспен Eraser инструментін қолданған соң бейненің өшірілген бөлігі боялады. Ерекшеленген аймақты осы түспен бояу үшін Ctrl+Backspace пернелерін шерту керек.
Пипетка (Eyedropper). Бұл сайман көбінесе фотосуреттермен жұмыс істеуге арналған. Фотосуреттерді өңдеу үшін екпінді түстерді осы инструмент көмегімен таңдаған ыңғайлы. Сайманды таңдап бейненің керекті түсті жерінде шертеміз. Alt клавишасын басып тұрып фонның түсін өзгертеміз. Әрі қарай сол жақ батырманы басып тұрып керекті орында шертеміз. Фотобейнеде біртекті бөліктер сирек кездеседі. Сондықтан түсті орташалауға болады. Ол үшін саймандар панеліндегі Sample Size өрісінде орташалау режимін таңдаймыз (3 х 3 пиксел немесе 5 х 5 пиксел. Үнсіз келісім бойынша Paint Sample режимі орнатылған)
Color Picker (түсті таңдау) терезесінде төменгі оң жағында кез-келген үш каналды моделді таңдауға болады. Шкаланың оң жағында тіктөртбұрыш қасында белгішелер пайда болуы мүмкін. таңдалған түс СMYK палитрадан шығып кеткенін білдіреді. Яғни, бұл түсті қағазға дұрыс шығару мүмкін емес. Ал қасында төртбұрышта СMYK палитрасының осы түске ұқсас түсті көруге болады. таңдалған түс Web қауыпсіз түске жатпайтының білдіреді және броузерде дұрыс көрсетпейді. Қасында төртбұрышта осы түске ұқсас түс көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |