Ашықтылықты және контрасттылықты интервалда өңдеу. Бұл үшін қисықтың жеке нүктелерін қозғалту керек. Мұны екі режимде орнатуға болады.
Режим гладкой кривой кривой – жеке нүктелерді жылжытқанда қисық автоматты түрде дөңестеледі.
Режим рисование кривой от руки – бұл жағдайда қисық карандаш көмегімен сызылады.
Контрасттылықты өзгерту үшін қандай да бір тондық интервалдың ұштарын белгілейтін нүктелер салу керек. Нүктелердің біреуін немесе екеуін де қарама – қарсы бағытта жылжытып контрасттілікті өзгертуге болады. Қисықта барлығы 16 нүкте құруға болады. Құрылған нүкте қара түсті екпінді болады. басқа нүктелер шаршы түрінде белгіленеді. Ашықтылықты өзгерту үшін қисықтың керекті нүктесінде шертіп, жоғары немесе төмен жылжытқан жеткілікті. Керекті нүктені ерекшелеу үшін нүктелерді Ctrl + Tab (солдан оңға қарай) және Shift + Ctrl +Tab (оңнан солға қарай) пернелер көмегімен ерекшелейміз. Нүктені жоғары дәлдікпен жылжыту үшін Output және Input өрістеріне мәндер енгізіп жылжытуға болады.
Ескерту: Тондық қисықтың ұштарындағы нүктелерді жоюға болмайды.
Ашықтылықты баптаудың жылдам әдісі.
Brightness > contrast командасы көмегімен. Image > Adjust – менюінен таңдалады. Шектік мәндер -100-ден +100-ге дейін. Өзгерісті көру үшін Preview туын орнатуға болады.
Image > Adjust > Avto levels және Image >Adjust > Auto Contrast командалар көмегімен.
Арнайы түстік эффектілер.
Түстік эффектілерді әдетте өңдеу жүргізілген соң қолданады және тек ерекшеленген аймақтарға қолданады.
Эффектілер:
Шымқайлылықты кеміту (Умыншение насыщенности)
Image > Adjust Desaturate (обесцветить) командасы түсті RGB бейнені жарты тонды бейнеге келтіреді. Бұл жағдайда пикселдердің ашықтылығы өзгермейді. Көп қабатты бейнеде бұл команда тек екпінді қабатқа әсер етеді. Бұл команданы Ctrl+Shift +U көмегіменде орындауға болады.
Инвертирование (қарама – қарсы күйге келтіру). Image > Adjust Invert командасы көмегімен немесе Ctrl+ I көмегімен орындалады. Нәтижесінде түстер қарама-қарсы түске ауысады.
Қызыл – көгілдірге,
Ақ - қараға,
Қара – аққа,
Қарама – қарсы түске келтіру әртүрлі модельдерде әртүрлі болады.
Ашықтылықты тегістеу. Image > Adjust Equalize командасы көмегімен орындалады. Ерекшеленген аймақтағы ең ашық пикселдерді ақ-түске айналдырады. Қалған пикселдерді барлық ашықтылық диапазонын біркелкі толтыратындай етіп ауыстырады. Түрлендіруден кейін бейне ашықтылығы және контрастілігі жоғалмайды.
Ақ-қара бейнеге түрлендіру (Пороговое преобразование в черно-белое изображение) Image > Adjust Thresholt командасы көмегімен орындалады.Шектік ашықтыққа байланысты кез-келген түстерді аққа немесе қараға айналдырады. Шектік мәннен ашық түстердің барлығы аққа айналады, қалғандары қара түске айналдырылады.
Плакаттар. Image > Adjust Posterize командасы көмегімен орындалады. Алдынғы команда сияқты әрекеттер жасайды. Тек қанша түс керек сонша түс қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |