Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
AutoCAD--курс лекц

Панель 
Standard
 
(Стандартная-Стандартты) 
мынадай 
инструменттерден тұрады: 


Qnew
– суреттің жаңа файлын жасау; 
Open
– бар файлды қосу; 
Save
– ағымдағы файлды сақтау; 
Plot
–плоттер, принтерге суретті шығару
Print Preview
– сызбаны басып шығару алдында, қағаз бетінде орналасуын 
көруге мүмкіндік беретін алдын-ала көру; 
Publish
– .
dwf
форматында сурет беттерін публикация жасау; 
Cut to Clipboard
– алмастыру буферіне объектілерді оларды суреттен 
алып тастау арқылы көшіру; 
Copy to Clipboard
– алмастыру буферіне объектілерді суреттен алып 
тастамай көшіру; 
Paste from Clipboard
– алмастыру буферінен берілгендерді қою; 
Match Properties
– бір объектінің қасиеттерін басқасына көшіру; 
Block Editor
– блоктарды редакциялау; 
Undo 
– соңғы әрекетті жою; 
Redo
– соңғы жойылған әрекетті қалпына келтіру; 
Pan Realtime
– ағымдағы түр экранында нақты уақыт режимінде кескінді 
қозғалту; 
Zoom Realtime
– ағымдағы түр экранында нақты уақыт режимінде 
объектің көрінетін өлшемін үлкейту немесе кішірейту; 
Zoom Window
– тіктөртбұрыш терезе көмегімен сызбаның қандай да бір 
бөлігін үлкейту ; 
Zoom Previous
– алғашқы көрініске қайту; 
Properties 
– объект қасиеттерін басқару палитрасын орнату; 
DesignCenter 
– тез табу, қарап шығу, шақыру, ағымдағы суретке бұрын 
салынған суреттерді тасымалдауға мүмкіндік беретін сұхбаттық 
интерфейс; 
Tool Palettes
– блоктарды және штрихтауды сақтау/ қоюдың тиімді 
құралы қызметін атқарушы арнайы терезедегі жекелеген бөліктер; 
Sheet Set Manager
–беттер жиыны диспетчері; 
Markup Set Manager
–.dwf форматындағы суреттермен жұмыстарды 
ұйымдастырушы диспетчер; 
QuickCalc
–экранға калькуляторды шақыру; 
Help
–анықтама жүйесін шақыру. 
Панель 
Styles
 (Стили-Стильдер) мәтіндік стильдерге, өлшем стильдеріне, 
кесте стильдеріне жылдам қосылу үшін қолданылады. 


Панель 
Layers
 (Слои-Қабаттар) мынадай инструменттерден тұрады: 
Layer Properties Manager
– қабаттар қасиеттері диспетчерін шақыру; 
Filter applied –ашылатын қабаттарды 
басқару тізімі. 
Turn a layer On or Off
– қабатты қосу / өшіру; 
Freeze or thaw in ALL viewports
– барлық түр экрандарында мұздату/еріту 
(замораживание/ размораживание); 
Freeze or thaw in current viewport 
– 
ағымдағы түр экранында
мұздату/еріту 
(замораживание/ размораживание);
Lock or Unlock a layer
– қабатты бекіту/ босату (блокирование/ 
разблокирование); 
Color of layer
– қабат түсі; 
Layer
– қабат аты; 
Make Object

s Layer Current
– таңдап алынған примитив қабатына сәйкес 
ағымдағы қабатты орнату; 
Layer 
– 
қабаттардың алдыңғы жағдайына оралу. 
Объектілер қасиеттері панелі 
Properties 
(Свойства-Қасиеттері) 
сызықтың түсі, типі және салмағымен жұмыс істеуге арналған. Құрмына 
мынадай инструменттер кіреді: 
Color Control
– ашылатын ағымдағы түстер тізімін орнату; 
Linetype Control
- ашылатын ағымдағы сызық типін 
орнату; 
Lineweight
Control 
– 
сызықтың ағымдағы салмағын 
(қалыңдығын) орнатудың ашылатын 
тізімі; 


Plot Styles Control 
– 
басып шығару стилін орнатудың 
ашылатын тізімі. Мұнда плоттерде сызылатын суреттің сыртқы түрін өзгертуге 
болады, алдын-ала объектілер сызықтарының түсін, типін және салмағын және 
т.б. анықтауға болады. 
2.2.2 Графикалық аймақ облысы 
 
Графикалық экран – графикалық терезенің центрлік бөлігі. Бұл негізгі 
жұмыс аймағы, мұнда объект кескінін салу және оны редакциялау жүзеге 
асырылады. Курсорды жұмыс аймағында қозғалтқан кезде, қиылысу нүктесінде 
квадрат нысаналы қиылысқан сызықтар 
түрінде болады. Курсор қиылысуы 
объектілерді таңдауға және экранда нүктелерді көрсетуге арналған. 
Графикалық экранның сол жақ төменгі бұрышында координаталар жүйесінің 
белгісі орналасқан.
Графикалық экранның төменгі жиегінде 
Model 
(
Модель), 
Layout1
(
Лист1-
Бет1) и 
Layout2
(
Лист2-Бет2) пернелері орналасқан, олар модель және бет 
кеңістігі арасындағы өзгертулерді іске асырады. 
Олардан оңға қарай, графикалық экран үшін қозғалтып көрсету жолағы 
орналасқан. Вертикаль қозғалтып көрсету жолағы графикалық экранның оң жақ 
шекарасы бойымен орналасқан. 
Графикалық экранның сол жақ шекарасында екі инструменттер панелі 
орналасқан: 
Draw 
(Рисование-Сурет салу) и
Modify
(Редактирование-
Редакциялау). 
Инструменттер панелі – AutoCAD командаларын график түрінде 
көрсететін пиктограммалар. Егер тінтуір көрсеткішін пиктограммада ұстап 
тұрсаңыз, оның жанында кішкене төртбұрышта орналасқан сәйкес команданың 
аты шығады. 
Егер пиктограмманың оң жақ төменгі бұрышында кішкентай қара 
үшбұрыш кескінделсе, онда осыған ұқсас командалары бар ішкі меню бар 
дегенді білдіреді. Ішкі менюді шақыру үшін пиктограммада тінтуір көрсеткішін 
сол жақ пернесіне басып, біраз уақыт ұстап тұру керек. 
Панелдер қозғалмалы (
float)
немесе белгілі бір орынға бекітілген (
dock

болуы мүмкін. Қозғалмалы панельдердің (сурет 2.4) өлшемдерін өзгертуге 
болады. Қажет болған жағдайда, 
тінтуірмен мына белгіге шерту арқылы
панельдерді жабуға болады. 
Сурет 2.4 – Инструменттердің қозғалмалы панелі 
 


Контекстік меню – экранда пайдаланушының қалауы бойынша курсор 
орналасқан жерде тінтуірдің оң жақ пернесін шерткенде пайда болады. 
Контекстік меню мазмұны, оны шақырған кезде қандай команда шақырылғаны 
немесе қандай сұхбаттық терезе ашық тұрғанына байланысты.
Мәтіндік терезе – 
F2 
функционалды пернесін басу арқылы командалар 
хаттамасын қарап шығу үшін шақырылады (сурет 2.5).
Сурет 2.5 – Мәтіндік терезе 
Мәтіндік терезеде командалар енгізуге, AutoCAD беретін хабарламаларды 
бақылауға болады. Мәтіндік терезе мазмұны тек оқуға арналған және өзгертуге 
келмейді. Бірақ командалар хаттамаларын ары қарай командалық жолға немесе 
мәтіндік редакторға қою үшін көшіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет