Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


 Командалық жолдар аймағы



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
AutoCAD--курс лекц

 
2.2.3 Командалық жолдар аймағы 
Командалық жолдар терезесі командаларды енгізу және AutoCAD 
хабарламаларын шығару қызметін атқарады. 
Терезе өлшемдері және сәйкесінше хаттаманың шығарылатын 
жолдарының санын экранның графикалық аймағы арқылы өзгертуге болады. 
Бұл әрекет терезенің жоғарғы бөлігіндегі бөлу жолағының көмегімен жүзеге 
асырылады. Өлшемін өзгерту үшін тінтуірмен бөлу жолағын ұстап, оны қажетті 
биіктікке дейін тарту қажет. 


2.2.4 Жағдайлар жолы
 
Жағдайлар жолы жұмыс үстелінің астыңғы бөлігінде орналасқан. Ол екі 
форматтың біреуінде курсордың ағымдағы орны жайлы ақпарат шығарылатын 
тұрады:
X,Y,Z
(а) абсолюттік координаталар мәндері немесе соңғы берілген 
нүктеден(б) келетін «созылмалы» жіптің ұзындығы мен көлбеулік бұрышы.
а) 
б)
Координаталар панелінің оң жағында сызу байлауыштары режимінің 
ағымдағы жағдайын көрсететін пернелер орналасқан. Бұл режимдерді сәйкес 
пернелерге тінтуірдің сол жақ пернесіне шерту арқылы немесе функционалды 
пернелерге басу арқылы қосып-өшіруге болады. Бұл режимдер суретсалудың 
негізгі командалары орындалғанда немесе редакциялауда қолданылады да 
«түссіз» деп аталады.  
Кесте 1 «Функционалды пернелердің атқаратын қызметі» 
Перне 
Жағдайлар жолындағы 
перне 
Сипаттама 
F1 

AutoCAD анықтамалық жүйесінің 
сұхбаттық терезесін шығарады 
F2 

AutoCAD-тың мәтіндік терезесін 
шығаруды басқарады 
F3 
Osnap
(Привязка-
Байлауыш) 
Объектілік байлауыш жұмысын 
басқарады 
F4 

Планшет режимін басқарады 
F5 

Оң жақ, жоғарғы және төменгі 
изометриялық жазықтықтар арасындағы 
өткізгіш
F6 

Динамикалық ПСК-ПКЖ режиміне 
ауыстырады 
F7 
Grid (Сетка-Тор) 
Тордың бейнесін басқарады 
F8 
Ortho 
(Орто) 
Ортогональдық режимді басқарады 
F9 
Snap 
(Шаг-Қадам) 
Қадамдық байлауышты басқарады 
F10 
Polar 
(ОТС-Поляр) 
Полярлық ілесу режиміне өтеді
F11 
Otrack 
(Отс-Объект) 
Объектілік ілесу режиміне көшіреді
F12 
Dynamic input (Динамика) 
Өлшемділіктің динамикалық ілесу 
режиміне көшіреді 


Жағдайлар жолының оң жақ 
шетінде бағыттамасы бар перне 
орналасқан, оған шерткеде жағдайлар 
жолында көрсетілген элементтер 
құрамын басқаруға мүмкіндік беретін 
меню шығады (сурет 2.6). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет