арқылы сипатталады. Объектілерді бұлайша бейнелеу
векторлық деп аталады.
Ол кез келген күрделіліктегі техникалық кескінді жасау үшін жеткілікті.
AutoCAD –
тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп
аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады.
AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән:
қабатқа тиістілігі, сызық типі,
сызық түсі, салмағы және т.б.
AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға
примитвтердің белгілі
бір жиынын ұсынады.
Нүкте – әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін
қарапайым примитив.
Кесінді – екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі.
Түзу – Түзуге тиісті екі нүкте
арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.
Сәуле – берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.
Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға
дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.
Шеңбер – центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер.
Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.
Доға – центрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын
шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.
Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші
ретті қисық сызық.
Сплайн – берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық.
Полисызық – түзусызықты және доғалық сегменттер жиынынан тұратын
біртұтас объект түріндегі сызық. Қалаңдығын полисызыққа түгел немесе оның
жекелеген сегменттеріне жеке-жеке беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: