Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
AutoCAD--курс лекц

автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл 
графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір 
конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің 
нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары 
адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер 
(бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер, 
мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады.
AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық 
объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың, 
көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген.
AutoCAD командалары және инструменттік құралдары кез келген жобалық 
жұмыстарды орындауда қолданылатын сызба мен модельдердің дәл, әрі толық 
кескіндерін алуға мүмкіндік береді. 
AutoCAD бекітілген стандарт бойынша өлшемдерді қоюдың тез, әрі оңай 
процедураларын қамтамасыз етеді.
Тетікбөлшектің материалын көрсету үшін, жекелеген тетікбөлшектердің 
немесе функционалды элементтерінің шектерін көрсету үшін AutoCAD 
штрихтау және түске бояуды басқару сұхбаттық құралдары қарастырылған. 
Олар алдын-ала берілген штрихтау тәсілдерімен қатар, пайдаланушы ұсынған 
әдістерді де қолдануға мүмкіндік береді. Штрихтау шекарасы автоматты түрде 
орнатылады, сол арқылы таңдалған стильді көріп шығуға, сол секілді штрихтау 
сызықтарының қалыңдығын, көлбеулік бұрышын, штрихтар арасындағы 
қашықтықты анықтауға болады. 
AutoCAD қаріптердің кең таңдауын ұсына отырып, мәтіндік ақпаратты 
енгізудің және оны редакциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. 
AutoCAD командаларының көмегімен үшөлшемді қатты денелі модельдер 
жасауға болады, сонымен қатар модельделінетін объектінің көлемін, инерция 
моментін, салмақ центрінің орнын және тағы да басқа физикалық шамаларын 
есептеуге болады.
Сол секілді, дербес компьютерде жұмыс істеп үйренбейінше, информатика 
және сызу курстарын білмейінше, тіпті AutoCAD жүйесі секілді әмбебап 
инструментті де үздік меңгеру мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет