Кіріспе
«Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына негізделеді. Аталған бағдарлама негізгі өнерге еңбек сіңірген біртуар тұлғалар мен ғұламалардың қоғам туғызған кесапатты арнасынан трагедиялы өмір кешкендерінен мағлұмат беріліп, олардың жанайқайының екі шекті домбырасының безеу қаққан зарлы сазы мен жәбір көрген ызалы жүректің әнмен шер болып сыртқа таралуының мәні айқындалады. Қазақ тағдырлары іспетті қабылданып келді. Міне, өнер иелерінің шығармашылығына педагогика іліміндегі парадигма. Бағдарламада «білім», «тәрбие», «философия», «адам», «әлемді бейнелейтін құбылыс», «ғылыми педагогика» секілді ұғымдарға қазақша түсініктеме беріп, оны бағдарламаны іске асыру үрдісінде толықтай тәжірибеде қолдану басымдық орында болып келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастық нарықтық экономика мемелекеті ретінде танылып отырған сәтінде жергілікті ұлт өкілдері өзінің өнер жайлы мәліметтерінің шектеулі екенін танытып отыр. Оның басты себебі бүгінгі таңға дейін мектеп бағдарламасы мен жоғары оқу иелерінің шығармашылық нысандарының шегін ажырату, оның тәрбие мен білім игеру үрдісіндегі құзіретті қуатының мөлшерін есептей аларлық, сипаттай аларлық материалдардың жоқтың қасы болуында. Сал-серілер жайлы жалпы мағлұмнаманың беріле бермеуі. Сал-серілік құрған қазақ халқының бұлбұлдары мен дүлдүлдерінің өнер өнімдерінің тәрбиеге берер өнегелі тұстарын нақтылап ұсына алмаушылық жас ұрпақтардың тәлімінің тамырынан бүгінгі күнге дейінгі өнер кеңістігін ақиқат шеңберінде көз алдарына елестете алмауы. Адам бойындағы ұшқырлық, ұтқырлық, жетесінің тереңдігі өнерден (өзі өнерге жоқ болса да) күш жия алу педагогикасын меңгеруге ынталы болуы- бүгінгі заман талабы.
«Біржантану» курсының бағдарламасының тетігі – Біржан салдың шығармашылығын дамыту үдерісіндегі амал-тәсілдердің педагогикалық негізі екендігі. Біржан сал өнерінің даму амал-тәсілдері:
араласу;
жаңа ән болса үйрену;
орындаушылық шеберлігін ұстарту;
Біржан салдың әндерінің басымы тағдыр тәлкегінен туғанымен, эстетикалық сезім тәрбиелеуге құрал боларлық түрлері де аз емес. Біржан салдың ел аралап жүріп, Ақтентек деген байдың үйіне келіп, оның Ажар деген қызына шығарған өлеңі сұлулар келбетін айшықтау деңгейінде қабылданады. Біржан салдың Ажарға «жолаяғым» деп тарту тартқан өлеңі:
«Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіп,
Аман бол жолыққанша перизатым...», - деп жай басталып, қайырмасында құйқылжытып, еркелетіп, дауысын неше саққа жүгіртіп, ойнақшытып орындаған. Сол секілді жарыққа шыққан «Аққұм», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Асыл-Ақық», «Теміртас», «Ғашық жар», «Керкекіл», «Ақсеркеш», «мәті-Дәурен», «Алтын балдақ», «Тел қоңыр» және т.б. Аталған Біржан Қожағұлтегінің өлеңдерінің бәрі дерлік нотаға түсірілген.
Білім беру ісі – ұстаздың тарапынан мәдени тәжірибелі шығармашылығын оқушыға меңгерту үдерісі. Бұл орайда сал-серілердің қоғамға қатысты ой-тұжырымдары белгіленеді. Сөйтіп, болашақ ұрпаққа эстетикалық талғамын дамыту амалын ұдайы реттеп отыруда мол мүмкіндігі бар. Атап айтқанда мектеп оқушыларының әржақты тәрбиесін бір доминанттық мәреде жинақтаушы этникалық өнер кеңістігінің құндылықтарын саралауда, ал кейде олардың өнерден тұлғалық ерекшеліктерін айқындап беретін көрсеткіштерін байқауға оқушылардың өздерін қатыстыру арқылы, эстетикалық ортаның тәрбиелік әлеуетін мақсаттылықпен пайдалану адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын айқындайды.
Сыныптан тыс уақыта эстетикалық тәрбиеден білім беру - өте кешенді мәселе. Бүгінгі таңда педагогиканы тәуелсіз Қазақстан мәртебесіне лайықтап қайта құруға сәйкес эстетикалық тәрбиенің мазмұнына байланысты күрделі өзгерістер болуда. Кешегі тоталитарлық жүйеде қалыптасып қалған бірсарынды, бір бағытта ұйымдастырылатын тәрбие, «тәрбиелік іс-шараларының» орнына өнерге қызығатын тұлғалық – бағыттылық мақсатқа бағдарланған, жоғары сынып оқушыларын эстетикалық талғамын дамыта алу іскерлігіне ынталандыруын, олардың дербестік бағыттылық негізінде бейімделінуі мен тәрбиені тұтас меңгеруін жаңа түрдегі мектептен тыс уақытта әр оқушының өз таңдауына мүмкіндік туғызу; тұлғаның өзін-өзі дамыта алуына барлық мәдени-эстетикалық құндылықтар және ақпараттар жүйесін пайдалану, оқушылардың өзара еркін қарым-қатынаста болуы, бір-бірімен өнер алмасуы, пікір алысуымен жаңа тәрбиенің мазмұны айқындалады.
Біржан тек салдық өнермен шектелмегені аян. Қазақ халқында ән-күй өнерінің маңызды адамның ойлау-пайымдау қабілетіне оңтайлы әсер ететіндей сипатта дамыған Біржан Қожағұлтегінің салдық өнермен ғана тұйықталмай, ақындық шеберлігінің ерекше екені де белгілі. Айтыс өнерінің педагогикалық ұтысы – екі адамның сөз өнерімен құндылықтарды тілге тиек ету тәсілдерінің көркемдік қуаты мен оның өмірде алатын маңыздылығы, мәнділігі.
Көпшілік қауымға Біржан салдың Сарамен айтысы таныс. Орта жүзде Құнанбайға дат айта білген өткір, поэтикасы мірдің оғындай Шөжемен Біржанның айтысы халық арасына аса кеңінен таралмаған. Шөженің астамшылықпен сөз түзуінің өзі Біржан салды «шикі өкпе бала» деп кемсітуі. Басқа ұлт өкілдерінде бұндай өнер иелеріне тән тәртіп жоқтың қасы. Мұны педагогикада біздер ұлттың нақыш этикасы дейміз. Асқақ та астамшылықтағы Шөже ақын Біржанды былай кемсітеді:
«...Ей, Біржан, маған берші біраз бұдан...
Сасық күзен сияқты шақылдама...
Бұдан кемсітуге Біржан сал былай жауап береді:
Жақынын алыс болар көрмеген соң,
Тойдың сәні келмейді күлмеген соң.
Аталы сөзге арсыз таласады,
Шөжеке, шырқап едім білмеген соң...» - деп үлкенді сыйлай білетінін танытады.
Осы орайда «Біржантану» арнаулы курсында тұлғаларға өнер иелерінің шығармашылығындағы эстетикалық тәлім-тәрбие беру мүмкіндігіне қатысты қолданылатын ұғымдар бар. Мәселен, «адам» деген атақтың анықтамасын білу бағдарламаның ұстанымын айқындай түспек: «Адам дегеніміз – ішкі даму жүйесінің саңылау сезімінің ұясы». Бұл құрылым әр тектес бөліктерден тұрып, оған өзіне тән ерекше даму заңдылығы қосылып, арнаулы тетіктермен жүзеге асады». Іс-әрекет заңдылықтары сол уақытта түсінікті болады, егер біздер бұл құрылымды тұтас алсақ. Аталған анықтаманы бірнеше «адам» жайлы айтылған түсініктемені құрастырудан туған. Сол секілді «білім» туралы: «Білім – адамның рухани сипаты, одан моральдық және рухани құндылықтар қорланып, оның мәдени ортада мәртебесі биіктеп, тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде басқаға ықпал жасауда адамның қалыптасу процесінде қаланады». Сөйтіп, білім өзінің ортасынан (бұрынғы және бүгінгі) құндылықтарды белгілі бір мәселеге қатысты заңдылықтар мен қағидаларға негіздеу дәрежесінде адам баласының ұмытпастай меңгеруі және оны дамыта алуы.
Мектеп және мектептен тыс уақыттарда білімді өнер иелерінің шығармашылығын талдау сипатында да меңгеріледі. Қабылдаушы тұлға шығармашылықты бұл үдерісте философиялық тұрғыда емес, педагогикалық интерпретациядан өткізу арқылы меңгереді. Оның өзі қабылдаушы тұлғалардың жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өрісте құрылып, оны сезімдік-эмоциональді толқыныстың шарты мен құралы сапасында қолданып, қарым-қатынас құндылығын анықтап, табиғат, адам, қоғам және олардың өзара байланысы жайлы білімнің әртектес түрлерін (эстетикалық) меншіктеп, өзін-өзі және қоршаған әлемді түсінеді.
Арнаулы курс әмбебап білім жиынына үлес қосады. Нәтижесінде жалпылық және жан-жақтылықты ұғымдарды меңгеруге жол ашады. Аталған қабілеттіліктерге қол жеткен соң, қабылдаушы білімнің өзін мәдени-эстетикалық өрлеудің жалпы жолы іспетті меңгереді. Оқушы немесе басқа тұлғалар білім мазмұнын мәдени-эстетикалық ұстанымда сатылы рет тәртібімен жоғарыға, яғни қарапайымнан күрделіге, жекеден түрлі бейнелер арқылы және текке дейін, бөліктен бөлік арқылы тұтастыққа қарай өзін бағдарлап, ұдайы өзін дұрыстық жаққа түзулеп отыру іскерлігіне жетіледі.
Мәдени-эстетикалық білім мен тәрбиені дарыту тек сол өнер кеңістігіндегі құбылыстардың оңтайлы ықпалын ескеру арқылы жүзеге асады. Бірінші, жанрлардың сапалық көрсеткіштер мен фактілерін ұсынып, оның рухани құнды тұстарын екшеп, мәнділігін шығаруға жаттықтыру ескеріледі. Ұстаз, оқытушы қабылдаушының болашақ мәдениетті адам ретінде көз алдына елестетпей, алдымен адами қасиеттерін саралау дәрежесінде сипаттауы көзделеді. Қорытынды іс-әрекет: Оқушы немесе басқа тұлғалар - ізгілікті адам санатын құрып, жаны өнер биігінен қуат алатын деңгейге жетіліп, қуат-күшін эстетикалық талғамға бағыттай алатын аяулы қоғам өкілі, елінің мақтаны. Арнаулы курс бағдарламасын меңгерген адам күйгелектік, аяншақтық, ыстық қандылық, салқындық, қызбалық, құмартпалық, ұйытқымалы, сарыуайымшылық секілді адам баласына зиянды мінез-құлықтардың ізгілікті, ұстамды, табанды, сенімді, жалынды, өмірсүйгіштік, шыдамды, бейілді, бағамды, сүйкімді және т.б. гауһар мінез-құлықтарға ауысуына қозғаушы күш болады. Жалпы өнер иелерінің шығармаларын дұрыс қабылдауға үйренген, дағдыланған адамның жанының қуаты мен денесінің қуатын, рухының қуатын ажырата алар деңгейге ұмтылады. Нәтижесінде Ж.Аймауытовтың соқыр сезім мен саңылау сезім жайлы екі түрлі қуат көздерінің мәністерін жете түсінеді. Анықтап айтсақ, «соқыр сезім» ұғымы да адамның ішкі қуат сапасының көрінісі. Білім жия алмаған, өнер кеңістігіне бойлай алмаған адам өзінің шектеулі іс-әрекетін көрсетеді. Ж.Аймауытовша соқыр сезім иелерінің сыртқы нышандық белгілері: көзін қысу (басқа адамдар арасында), ыммен түсінісу (басқа ортада), бірін-бірі шымшылау, таңсыққойлық, қорқыныш, еліктеу, бәсекелесу, құмарлық, паңдық, тентектілік, меншіктеу және т.б. Қандай да болмасын қосымша өткізілетін өнер иелері туралы арнаулы курс тәрбиеленушіге жағымды әсерді туғызып, қайталау құлшынысын оятады. Өз бойындағы жаман әдеттерді қуып, жақсы әдетті табуға құнт етеді. Оның шарасы – табандылық, қажырлылық. Эстетикалық тәлімнің нәтижесі де осы болмақ. Арнаулы курс бағдарламасында сал-серілік дәстүрдің таралу құралы домбыра екені баршаға аян. Ән, күй, терме, айтыс әуендері домбыраның ішегін қағып, пернені басу арқылы әуендер құралып тыңдаушысына әсер етеді. Ондай әуен ғарыш арқылы алынған сазды әлемге жеткізеді. Домбыра сал-серілердің сүйеніші, әруақты жан дүниесінің құбылысын сазды әуезбен жеткізуші. Бұл жөнінде ғалым Жасарал Еңсепов былай дейді: «Домбыра бетін тұтас алып қарайтын болсақ: екі құлаққа екі ішектің екі ұшы байланады, бір түймеге ішектің дәл ортасынан алып оған түймелеп байлайды. Есептеп қарайтын болсақ, екі құлаққа бір түймені қосқанда үш сан шығады, ал оған екі ішекті қоссақ бес сан болады, енді оған кертілген ішектің үстіне орналасқан ішек тұратын тегеурінді қоссақ. Одан жеті сан шығады. Осы «жеті» саннан құралған құрылымдар бірігіп келіп қасиетті үн шығарады».
Достарыңызбен бөлісу: |