Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері



бет2/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
b226

1 Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері


1.1 Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы

Мемлекеттің соны стратагиялық ұстанымы – «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде:

- бірінші, білім беру, қазақ халқының тарихы жайында Қытай, Египет, Ресей, Өзбекстан және т.б. алыс және жақын шет елдерден жәдігерлер мен мұрағаттарды табу;

- екінші, еліміздегі және кейбір шет елдердегі қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру;

- үшінші, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, ұлттық әдебиет пен өткен ғасырлардағы жазуларымызды зерттеп, кітаптар шығару;


- төртінші, қол жетпеген ең үздік әлемдік классикалық шығармаларды қазақ тіліне аудару жұмыстары жүзеге асырылады.
Осы «Мәдени мұра» бағдарламасының стратегиялық ұстанымына арқау болатын сал-серілік дәстүр негізінде этномәдени тәрбие беруде «Халық педагогикасына» – халықтың ғасырлар бойы өріс алып, жинақталған тәжірибесін жан-жақты бағамдаудың берері мол. Халыќтыќ педагогика тєрбиеге орай халыќтыњ ақыл-тєрбиесі, халыќ педагогикасын зерттегенде халыќ ауыз єдебиетініњ шыѓармаларын, этнографиялыќ материалдарын, халыќтыќ тєрбие дєст‰рлерін, халыќтыќ ойындарды, отбасы тєрбиесініњ тєжірибелерін т.б. тірек етпеу мүмкін емес. Халыќтыќ педагогика халықтың өз аузынан таралды. Аталған тақырыпты зерттеу барысында ±лттардыњ санасындаѓы ќалыптасќан салт-дєст‰рлер халыќтыќ педагогика ілімі негізінде этнопедагогика нысанында ќоѓамдық ұстанымдарға сай µзгерістерге ±шырауы дүниетану зањдылығынан туындайды. Халықтық педагогиканы, ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу, бізге жеткен салт-дәстүрлерді, тұтас өнегелерді оқыту-үйрету процесінде пәнаралық байланыстарды, қоғамдық, әдеби және мәдени, мемлекеттік және кәсіби мерекелер, жәрмеңкелер, кәсіби және басқа әртүрлі тақырыптағы акциялар, аукциондар сияқты іс-шараларды қазіргі заманға сай мазмұндап ұйымдастыру адамзат құндылығы деңгейінде білім алып және тәрбиеленуге қол жеткізеді.
Халыќтыќ педагогиканыњ негізі халыќтыќ тєлім-тєрбие, өнеге, адамгершілік сезім, достық, ынтымақтық, төзімділік, байсалдылық м±расы тұрғысында құрылады. Халыќтыќ педагогиканыњ негізгі маќсаты - ±лттыќ рухани дењгейі биік, іскер, қабілетті, иманды, єдепті адам тєрбиелеу.
Ғалымдар зерттеу жұмыстарына сүйеніп, халықтық тәрбиенің негіздемесі күрделі процесс, оның басты амалдарын ғасырлар бойы жинақталған халықтық өміртану қағидалары мен тәжірибелерінен туындайтын дәстүр-дағдылар және әдістерден іздестіру анағұрлым тиімді екенін айтып та, жазып та жүр. Жеке тұлғаның ақыл-ойын ширататын халықтық педагогиканың негізгі нысандарын заманауи оқыту-тәрбиелеу қызметіне енгізудің нәтижесінде оқу мен тәрбие жұмысының күнделікті аса маңызды міндеттерін қамтитын: ақыл-ой, адамгершілік, қоршаған ортаны қамқорлыққа алу (жерді, суды, ауаны ластандырудан қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын тұрақтандыру), физиологиялық және еңбек сүйгіштік сияқты әртүрлі аспектілердің адамдар санасына орнығу процестері жүзеге асырылады. Жасұрпақтың көруі, тануы және оның ойлау-түйіндеуі дүниетанымдық қабілетін жетілдіреді. Халықтық тәрбие ата-бабаларымыздың табиғатты тануы, жіті пайымдауы негізінде қалыптасқандығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат - адам мәдениетін жетілдірудің қайнар бұлағы. Табиғатты сезінудің, онымен қауышудың нәтижесінде мәдениеттің нақты нышандары айқындалады.
Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика ұғымының мәнін толық ашпайды. Этнос үлкен халықтың арасындағы ұлт өкілдері. Мұндай ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық талаптар жан-жақты қарастырылмайды. Этнопедагогика халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Этнопедагогика – балаларды, этникалыќ топтарды тєрбиелеу мен білім берудіњ отбасы, ру, тайпа, ±лт пен ±лыстардыњ моральдыќ-этникалыќ жєне эстетикалыќ ќ±ндылыќтарыныњ ежелден жинаќталуы – эмпирикалыќ тєжірибесі жайлы ѓылым. ¦лттар мен ±лыстардыњ µмір с‰ру дєст‰рлері мен салт, єдет-ѓ±рып, ырым-жоралѓыларыныњ ќазаќ халќында бєріне бірдей санасында т±раќталып ќалѓан тєлім-тєрбиесі. Этнопедагогика – т±лѓаны зањдылыќ сипаты бар єдет-ѓ±рып, салт-дєст‰рге бейімдеуге, єрт‰рлі єлеуметтік бірлестіктердіњ ќарым-ќатынасыныњ ќ±ндылыќтарынан үйренуге, ±лттыќ тєрбие ісіндегі жетістіктерді наќты жаѓдайда пайдалануѓа бейімдейтін кµп салалы білімдердіњ ѓылыми негізі.
Ауыз єдебиетінде, халықтың салт-дәстүрлерінде, балалар ойындарында саќталып келген халыќтық тєрбие – халыќ ділін байыту жолындағы іздену, тану процестерін қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы.
Мәдениет - адамның қалыптасуының және шығармашылығының жетілу шыңы. Мәдениеті жоғары болмаса адамның адамзат құндылығын иеленуіне мүмкіндігі жоқ. Қоғамдағы біліктілік адамзат жаратылысындағы аса бай білім мен тәрбиені меңгере білуді қажет етеді. Еңбек, тұрмыс, сондай-ақ, берік сақталған адамдардың арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар жоғары мәдениетке және адамзат құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге жеткізеді. Бұл процестердің бәрі мектептерде, жоғары оқу орындарында және жалпы қоғамда білімдендірудің стандартына сай дифференцияланған модельдердің жасалуы нәтижесінде іске асады.
Әр ұлттың, халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Отырықшылар және көшпенділер немесе осы екеуін қатарынан басынан өткеретін халықтардың да әу бастан «ұлт», «халық» деген мәртебеге ие болғанға дейінгі сана-сезімдері сәбилік дәуірден бірте-бірте есею процестеріне өтеді. Сол себепті сонау ықылым заманнан отқа, суға, жерге табыну дағдысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Адам баласының таным деңгейі бірден өркениеттілікке жетпегені тарихи деректемелерден белгілі. Осындай іс-әрекет шегіне қатысты әр ұлттың әнұраны, елтаңбасы қалыптасып, қоғамдық формациялар өзгеріске ұшырағанда, олардың сапасы да басқаға ауысады. Бірақ, негізгі ұлттық сипаттағы ежелден қалыптасып келген дәстүрлер жалғасын тауып отырады. Мәселен, пырақтың қанаты (елтаңба), тудың көгілдірлігі, күннің нұры мен шаңырақтың үндестігі де сонау заманнан бергі дәстүрдегі нысандар болып келеді. Ұлттың танымдық деңгейі – оның ұлттық психологияны қалыптастыруға бірден-бір себепші. Халықтық педагогиканың арнасы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін өшпей келген салт, дәстүр, ырымдар мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады. Сөйтіп, халық педагогикасының нысанында этнопедагогика ілімі туады. Дүниетанымдық пайым алдымен өмір сүру тәжірибесінде сыннан өту арқылы сараланады.
Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т.б. атап өткен орынды. Этнопедагогика – халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған ғылым деп түйін жасауға негіз бар.
Этнопедагогикалық мәдениет – этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.
Қорыта келгенде, мєдениет арќылы этностыњ тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалыќ, єлеуметтік, этнографиялыќ болмыс бейнесі кµрініс табады жєне кез-келген мєдениетті ќоѓам осы талаптардыњ м‰лтіксіз ж‰зеге асу тетіктерін зањ ж‰зінде ќамтамасыз етуі керек;
Мәдениет µндіріс пен ќоѓамдыќ сананыњ, білім мен тєрбиеніњ, ѓылым мен µнердіњ белгілі сатыдаѓы даму дєрежесін бейнелейді;
Педагогикалыќ мєдениет адам ќызметініњ тєсілі мен нєтижесі арќылы кµрініс табады.
Этнопедагогиканың бастауына үңілу, зерделеу әр заманда барлық халықтарға тән дәстүр болған. Олай болса, қазақ этнопедагогикасының ғылымын дамыту қоғамда этнопедагогиканың адамгершілікке тәрбиелеу әлеуетін зерттеу қажеттігінен туындап отыр. Этнопедагогика демократия мен адамгершіліктің феномені ретінде оқыту мен тәрбие берудің теориясын және технологиясын байытуға қабілетті.
Биосфера, ноосфера, биоинформацияның шаруашылыққа, өндірістік қатынасқа, кәсіпкерлікке, тұрмыстық хал-ахуалға, мәдениет пен рухани мұраларға, адамгершілікті қасиеттерге, халықтық тәрбиенің мазмұнына, құралдарын таңдауына және адамдардың салалық өзара қарым-қатынасына, қызметіне ықпалыныњ б‰гінгі тањдаѓы этнопедагогика ѓылымына ќосатын ‰лесі зор. Аталған заңдылықтардың әр халықта әртүрлі мәнде құрылуы, әр тектес ұлттар мен ұлыстар арасында бір-бірінен ерекшеленуі, оқшаулануы этнопедагогика ілімі негізінде айшықталады. «Этнос», «ұлт», «ұлыс», «ұлттық топ» ұғымдары жоғарыдағы заңдылықтар негізіне ќ±рылѓан.
Этнопедагогиканың ерекшеліктері: педагогикалық білім беруде этникалық арнайы өзгешеліктерін ескеру. Қазақ этнопедагогикасы – бірегей: қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігі, нақты этноәлеуметтік жағдайдағы тарихи қалып.
Әрбір халықтың өзіне тән тәрбие жүйесін құру: тілдің әртүрлі болуына, ұлттық сипатына, ұлттық санаға, дәстүрге, салтқа, дінге сай орайластырылады. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халықтық педагогикасын зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының объектісі: ұлттық және тұрмыстық дәстүрі, этнопедагогикалық мәдениет.
Қазақ педагогикасының пәні – қазақтың этникалық тәрбиесі – адам өмірінің соңына дейін үзіліссіз жүретін процесс. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды меңгеру, оның этноәлеуметтік алатын рөлі, этникалық нормасы, этникалық сананың қалыптасуы, өз халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне сүйіспеншілігі.
Қазақ этнопедагогикасының мақсаттары мен міндеттері: педагогика ғылым жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының орнын айқындау мен қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігін зерттейді, тәрбиеге этноұлттық тұрғыда келудің мәнін ашып, ұлттық мінез-құлық, ұлттық сананы қалыптастырудың ерекшелігін зерделейді.
Негізгі қызметі: танымдық; ата-баба тәрбиесі заңдылығының мәні, халықтық педагогика тәжірибесіне талдау және сипаттау, мақсаттары, әдіс-тәсілдері және т.б.; ұлттық дүниетанымын, ұлттық ділін қалыптастыру; елжандылыққа, қазақ халқының тарихы мен тіліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ұлттық мәдени құндылықтар негізіне тәрбиелеу. Отбасындағы этникалық жағымды тәжірибелерді дәріптеу; қазақ халқының өзіне тән тұрмыстық дәстүрін сақтау.
Жалпы ғылыми әдістері: талдау, жинақтау, жалпылау, жалқылау, аналогын табу, жаңа өзгерістерге бейімделу, салыстыру, бақылау, өлшеу.
Қорыта келгенде, қазақ этнопедагогика ғылымы халықтық педагогиканың бүгінгі күнге дейінгі сараланған нысаны. Ол нысан белгілі бір заңдылықтар мен қағидаларға жүгінеді.
Этнопедагогика ілімінің пайда болуына бірден-бір мол материал қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгіге дейінгі жинақталған тәлім мен тәрбиеге, білім мен ғылымға қатысты дәстүрлері, салты, ғұрпы, ырым-жоралғылары болмақ.
Этнопедагогиканың көзін нұсқалы түрде табу үшін фольклор мен ауыз әдебиеті нысандарын жіті талдап, ішінен дәстүрді, салт-ғұрыпты, ырымдар мен жоралғыларды, тыйым сөздерді жеке-жеке саралап, оның бірнеше нұсқасын салыстырып, өте ұқсас түрін заңдастыру бүгінгі зерттеушілердің алға қойған мақсаты.
Әрине, мұндай жұмыстар, ғылыми-зерттеу еңбектер жүргізіліп келеді. Десек те, этнопедагогиканың көзін тұрақты, түбегейлі тұрғыда ғылыми негіз ретінде алу болашақ өмірге де тапсырыс.
«Тәрбие», «Дәстүр» ұғымдарында өзара байланыс, ұқсастық бар. Бұл түсініктердің негізінде белгілі бір ақпарат бейнеленген, олар оқу орындары, отбасы және қоғам арқылы санаға жетеді. Солай дегенмен дәстүрде тұрақтылық бар. Бірақ, дәстүр тұрақтылығы қоғамдағы, өмірдегі ерекешеліктерге орай заманауи жағдайда басқа ұлттардың, тұтас елдің дәстүрлеріндегі ұқсастыққа байланысты байып, дамып отырады. Барлық елдерде ұлттық дәстүрлер халықтардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтары ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Дәстүр рухани және материалдық құндылық, салт және кітаптар арқылы ұзақ сақталады.
Қазақ халқының педагогикасының ғасырлар бойы қалыптасуы зерттеліп келді. Қазақ халқының ішкі этникалық құрылымы: 7 ата, жүздер, ру, ақсақалдардың, шамандардың, бақсылардың, ақын-жыраулардың, сал-серілердің рөлі, би-шешендердің, ақсақалдардың үкіміне, ақыл-кеңесіне қалтықсыз бағыну. Ең негізгі мінез-құлық: қан туыстығының сезімі, бірлік және туыстық бірауыздылық; біріне-бірінің қамқорлығы, үлкен адамдарды сыйлау, құрметтеу, ата-баба рухын қадірлеу, дәстүрді сақтау – этнопедагогиканыњ ќайнар кµзі.
Бұның бәрі халықтық психологияда көрініс тауып, этнопсихологияда зерттеледі. Этнопсихология – адамдардың психикалық, этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез-құлқын, ұлттық сезім мен санасын, ұлттық стереотиптерді және т.б. зерттейтін ғылым.
Ұлттық психология мынандай құрамдардан тұрады: ұлттық мінез, балаларға сүйіспеншілік, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық т.б.
Ұлттық мінез-құлық – халықтың тарихи тәжірибесінде қалыптасқан дағды және әдеттер жиынтығы; барлық қасиет сапалардың бірлігі (барлық адамға тән) және барлық халықтың қасиет сапаларының ерекшелігі. Ұлттық сана – «біз, олар» деген ұғымды түсіну, адамдар қауымдастығындағы өзінің орнын түйсінуі, өз ұлтының шығу тегін білу және оған деген сүйіспеншілігі, оның жетістіктерін қадірлеу, әртүрлі тілдердің жалпы тілдің, халық шығармашылығының қайдан шыққанын білу және т.б.
Ұлттық қызығушылық пен қажеттілікті (өз ұлтының қызығушылығына оң көзқарас) мойындау; ұлттық тағамға, табиғатқа, ат қоюдың дәстүрін ескеру.
Ұлттық салт-дәстүрлер – тұрмыстық норма, әлеуметтік, мәдени тұрақтылық болып табылады. Ұлттық сезім – халықтың қажеттілігіне құбылыстар мен заттардың қарым-қатынасының үйлесушілігі, үйлеспеушілігі; Ана тіліне сүйіспеншілік; адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалды сезімдердің қосындысынан т±рады. Этнопедагогиканың тірегінің негізі - этнопсихология. Ұлттық психология халықтың ділін анықтайды. Ұлттық психологияның тарихи өзгерістерге ұшырап отыратындыѓы байќалады.
«Мәдениет» деген ұғым белгілі бір халықтың ұлттық сипатына қатысты дара, ұжымдық іс-әрекетті жүзеге асырудың сұрыпталған барлық құралдарының жүйесін білдіреді. Оны төмендегі жіктемемен айқындауға болады:
1. Заттық мәдениет – зат-нәрсе, қару, киім, тамақ, сән, құрылыс, өсімдіктер.
2. Рухани мәдениет – білім, адамгершілік, дәстүр, құқықтық норма, халық шығармашылығы, діни сенімдер, адамның миына әсер ететін түрлі ақпараттар.
3. Мәдениет – түрлі социумдардың ділдік негізі, оның өзіндік эквиваленті. Мәдениет – жалпы халықтарға, этникалық топтарға ортақтықты бөліп алушы нысана.
Этномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
Әлем қауымдастығында адамды өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбиелену тенденциясы саралану үрдісінде төмендегілер ескеріледі.
Тәрбие мәселелерін жүзеге асыруда бала-бақшалар, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық дәстүріне төмендегі жіктемелердің мәні зор;
- адамның өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі;
- адамның әлеуметтік, өзара іс-әрекеттік, техникалық, табиғаттық және әлемдік қарым-қатынастағы тәжірибесін ұдайы байыту арқылы қажеттіліктерін өтеу.
Тәрбиенің мұндай түрі әрбір адамның планетарлық ойлауын дамытып, азаматтық қауымдастықтың өткеніне, бүгінгісіне және болашағына қатысты болатынын сезіндіреді.
Тәрбие жүйесі – белгілі бір әлеуметтік құрылым шеңберінде өзара байланыстық мақсаттың және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру ұстанымдары мен оларды қабылдау кезеңдерін жүзеге асырудың (отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекет) және әлеуметтік тапсырысты орындау логикасының жиынтығы.
Кез келген тәрбие жүйесі нақты қоғамның бейқам болмайтын және өзінің мәнін сақтап тұрған деңгейде жалғасады. Сондықтан, ол нақты-тарихи сипатта болады.
Тәрбие процесі елгезек, ұшқыр, сондай-ақ, кезеңдік сипаты бар олардың басты құралу жүйесі мына төмендегідей:

  • дене тәрбиесі, мінезді қалыптастыру, ерікті дамтыту;

  • адамгершілік тәрбиесі және жақсы үлгіде оқыту;

  • еңбек тәрбиесі;

  • білім алушының теориялық та, практикалық та сипаты бар құштарлығын және мүддесін дамыту.

Тәрбиенің сапалы амалы ретінде еңбек, орта және өсіп келе жатқан адамның айналасы алынады. Бұл жүйе тәрбиеленушінің өзіндік ерекшеліктерін және жеке тұлғасын дамытуға, адамның даралығының қалыптасуына бақылау жасауға бағытталған.
Этникалық мәдениет – халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылығын (Қазақ елінің табиғатқа ыңғайланып, онымен үйлесімдікті өмір сүруі, оны қорғауы) іске асыратын нысан.
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.
Мєдениет µзініњ кењ маѓынасында бір ±рпаќтыњ келесі ±рпаќќа жолдаѓан µмір с‰ру тєсілі болѓандыќтан, осы жалѓастыќты, м±рагерлікті ж‰зеге асыратын салт-дєст‰рлер ж‰йесі ретінде күннен-күнге, жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға сабақтасып келеді.
Бірақ, ол өзінің барлық көлемі мен ауқымын өзгертіп, қоғам өзгерістеріне қарай бейімделіп, екшеліп, сұрыпталып отырады.
Қорыта келгенде, этникалық мәдениет ықылым заманнан жинақталған мәдени тоғындардың сұрыпталып, замана өзгерістеріне қарай ұшталып отыруымен құнды.
Мєдениэтникалыќ білім беру кењістігі әр қоғамда әртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім беруге қамқорлығы мәдени мәртебенің деңгейіне қатысты жүзеге асып отырады. Оның көрінісін мынадай деректемелерден көреміз: 1) Білім беру дағдарысы (80 ж.). 2) Қазақстан Республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. 3) 30-жылдардағы ұлттық мектептердің жойылуы. 4) Ұлттық тілді білмеушілік, 5) Жатсыну, 6) Кез келген ұлттардың өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі. 7) Білім берудің көпмәдениеттілік тәжірибесі. 8) Эвроцентризм мәселелері.
Жіктемемен берілген 8 мәселе этномәдени білімді таза күйінде жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіріп келеді.
Ұлттық тіл және этникалық мәдениет білімі – үйлесімді дамудың негізгі бөлімі дей отырып, этномәдени білімінің мәні айќындалынуы көзделеді. Білім берудіњ єлемдік дењгейіндегі жалпыадамзаттыќ ќ±ндылыќтар дєст‰рі мен ±лттыќ тєлім-тєрбиеніњ ж‰йесін ќалыптастыру ұдайы этномәдениетке үстемдік етеді.
Тәрбие берудің қазіргі заманға тән талабы өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу секілді іс-әрекетпен байланысты. Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға береді. Этномәдени тәрбие оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бүкіләлемдік тәрбиелеу міндеттеріне ынталандыру және оларды т±лѓалыќ мєдени тілдік ќажеттілігін ќанаѓаттандыру төмендегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады:
- барлық адамдардың теңдігі мен құқысына сый-құрмет көрсету;
- бүкіл әлем балаларымен қауымдастық, ынтымақтық сезімде болу;
- күш пен биліктен басқа мүдделерді көздеу;
- сұхбатқа қатысушыны ұғу мен оның қарым-қатынасқа түсе алу іскерлігі, қайшылыққа келген тұсты әміршілдікпен, зорлықпен шешпеу;
- өзінің мәдени дәстүрлерін түсінудің дағдысы, басқаларды құрметтеу, ескішіл ағымнан сақтану;
- этномәдени білім – бұл білім моделі, ұлттық мәдениет пен тілінің және өзіндік этнотоптың тұрмыстық жағдайлары мен басқа халықтардың мәдениетін меңгерудің бағдары кењейді.
Қорыта келгенде, этномәдени білім алдымен ұлттық сипатта дамып, содан кейін 14 жастан әрі әр ұлттың, әлемдік халықтардың мәдениетін меңгеруге ұмтылдырады. 14 жасқа дейін әр ұлт өкілінің баласы өзінің ана тілінде этникалық мәдени дүниетанымын өркендетуге міндетті.
Бүгінгі таңда қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің ұлттық сананы қалыптастыруға, эстетикалық тұрғыдан кәмалатқа жетілуінің басымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Ұлттық сананың бір құрамы этномәдени тәрбие беру бүгінгі таңда қайта жаңғырту үдерісінен өтіп отыр. Сөйтіп, әлеуметтік-мәдени бағыттағы өзгерістерге сәйкес жоғары сынып оқушыларын эстетикалық талғамға тәрбиелеудің және этномәдени білімдендірудің концептуалдық негізіне байланысты бірнеше педагогикалық тірек, субстанция болатын ұғымдардың мәні айқындалды: теория, генезис, прагматика, мәдениет, өнер, білімдендіру, оқыту, тәрбиелеу, эстетикалық талғам, парадигма, принцип, заңдылық, стратегия.
Теория грек сөзінен алынған tyecorio (энциклопедиялық, философиялық сөздіктерде) байқау, зерттеу, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді, эстетикалық талғамды айқындайтын, жинақтайтын дүниетаным, мұраттар жүйесі деп көрсетіледі.
Генезис – сал-серілік өнердің шығу тарихы.
Прагматика – сал-серіліктің ізгілікті өнегесін іс-әрекетке қосу.
Мәдениет – оқушылардың сал-серілік өнерінен үлгі алуы.
Өнер – сал-серілікке қатысты нысандарды іріктеу.
Қағида – сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудегі жүйеленген, сабақтастық принциптерді қолдану.
Жоғарыдағы ұғымдар этномәдени тәрбие берудің негізіне бағдар жасауға қозғаушы күш.
Заңдылық – стандарттағы талаптардың мектептен тыс жұмыстарда ұтымды пайдалану.
Стратегия – бұл әр ұлттың этномәдениетінің тәрбиелілік деңгейін шетел кеңістігіне байланыстыра алу іскерлігі.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан Республикасы мәдениет саласында күрделі тарихи бетбұрыстар мен түбірлі қоғамдық жаңарулар мен жаңғырулар тұсында өмір сүріп отыр. Осы ретте қазақ халқының мәдени мұрасының өнер саласындағы дамудың тарихи сипатын айқындап берерлік бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді.
Мәдени мұраның бір құрамы салдық-серілік дәстүрдің қоғамдағы алатын белгілері, тәрбиелік мүмкіндіктері ашылып, жаңа әдіснамалық бағытпен мектептен тыс жұмыстардың белсенділік ұстанымда ұйымдасуына жаңа жағдай жасалып отыр. Осының негізінде өнер саласынан жасөспірімдердің біліктілігін оятудың инновациялық технологиялық негіздердің туу себептерін айқындап алу және оны зерттеушілерімізде эстетикалық ұтымды тәрбие үдерісіне жаңа ғылыми-педагогикалық дүниетаныммен қарауды ойластырдық.
Этикалық тәлімге әл-Фараби адам баласының өмірде кездесетін жамандығы мен жақсылығының айырмашылығын ажырата алуға мүмкіндік береді деген тұжырым жасаған. Өнер иелерін түсіну, оның жалпы құнын ұғыну адамды мейірбандыққа бөлейді дегені – жұмысымыздың басымдығы. Сөйтіп, әл-Фарабидің өнер туралы трактатында мейірбандық ұғым басымдық орында болып келеді. Данышпанның бұл еңбегінде этика үш бірлікте ұсынылады:
1. Білім. 2. Мейірбандық. 3. Сұлулық.
Эстетика туралы әл-Фарабидің теориялық ой-тұжырымдары «Риторика», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», «Поэзия өнері туралы» т.б. Әсіресе, әл-Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен кітап» атты сүбелі еңбегінде «Музыка ғылымының» мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка – әуез құдіретімен адамның көңіл-хошын жоғары деңгейге көтеріп, оның дімкәс, ауру халін салауатты өмірге ауыстыруға көмегінің барлығын баса көрсетеді. Адам баласының музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп береді, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық жанрларға тоқталады. Өнерді әл-Фараби көркемдік адамның денесі, жаны, рухани жан дүниесінің адамгершілік сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Көркемдікті түсінуді данышпан адам баласы өзінің жасампаз еңбексүйгіштік қасиетімен қолы жетеді деп есептейді. Мұнымен бірге әл-Фараби қайырымды, мейірбан жандардың жәрдеміне сүйену арқылы сондай көркемдік қабілетке ынталанады дегенді ұсынады. Жалпы өнерге қол жеткізудің өзі – іске, қимылға, белсенділікке ұмтылып, қиыншылықты, өмір жолындағы бөгеттерді жеңе білу деп түсіндіреді. Өнердің өзі тек рухы биік тұлғаға жетілдіріп қоймай, оның заттық мәселелерде де молшылыққа ие болатыны жайлы да атап өтеді. Өнер жасау іс-әрекетінде халықтар достығының, интеграциялық одақтардың берер жемісі ерекше екеніне де тоқталады. Өнер ілімін зердесімен саралап зерттеген әл-Фараби Бақытқа, Құтқа, Дәулетке, Берекеге жетудің төте жолы деп пайымдаған.
Қорыта айтсақ, әл - Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде өнерге жан-жақты анықтама беріп, оның құрылысына талдау жасап, өнерлі адамның ұтары не дегенге жоғарыдағыдай баға береді.
Абай Құнанбаев өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде өнер туралы соны пікірлер айтқан. Мәселен: Құр айғай бақырған, Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған, Кісіге сән бе екен? – деген өлең жолдарын қара сөзге аударудың жөні жоқ қой дей отырып, өнер туралы данышпандық ішкі ой-пікірін түсіну қиын емес. Сол секілді: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар //Жас балаша көңілді жақсы уатар // Әннің де естісі бар, есері бар // Тыңдаушысының құлағын кесері бар //» деген жолдардан барлық әннің өнер кеңістігінен орын ала бермейтініне тоқталады. Абай Құнанбаев аталған өнерге қатысты талап пен оның белгілі бір шарттарының бар екенін айқын аңғарта отырып, осы аталған ой-тұжырымдарының қорытындысын мына түзілімде ұсынады: «Ақылдының сөзіндей ойлы, күйлі // Тыңдағанда көңілдің өсері бар». Анықтап айтсақ, адамның көңілі өнермен өседі дегенді ұсынған дана ақынның бұл ой өрілімінен өнер сүйер қауымның өзіне күш-қуат рухани нәр алары белгілі болады. Сол себепті кешегі Жанботалар Біржан салдарды үйіне шақырып, бүкіл ауыл алдында беделі артады. Осындай көріністен Азнабайдың күндестігі, бақастығы туып, өнер иесіне қол жұмсау арсыз іске дейін ұласады. Бұл арада өнерді құрал ретінде пайдаланған адамдардың образы шығады. Бұл тұжырымды данышпан өзінің қара сөздерінде дамыта түседі: «Талапты ескермесе, ол жоғалып кетеді. Өнерді күнде тексеру керек». Өнерге қаскүнемдік келтірер залалды мінез-құлық: мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық. Өнердің ең биіктігін қамтамасыз ететін сезім деген пайымды ұстанады.
Халқымыз барша күйкі тіршіліктің бұғауынан бір сәт өзін ажыратып, көңіл-күйге, рухани медеу, сүйеніш әкелер жоғары әуезді, пафосты жырлармен еңсе көтерер сал-серілер келгенде жұбаныш табар күндерді тосатын. Өйткені, өнер арқылы жігер-қуат, нұрын себер арқалы өлең – жырлар кейбір қасиетті сәттерге жарық сәуле шапағатын себеді. Сондықтан қазақ халқы сал-серілерге өздерінің ең дәмді тағамдарын, сыйға тартар жоралғыларын сақтап, жол түсіп, келе қалғанда сол рәсімдерін орнымен атқаруға жанын салатын.
Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі уақытта мәдени мұрадан Қазақстан мемлекеті жаңа белеске, сапалық деңгейге жетілді. Алайда бұл белес өткен уақыттағы өнермен анықталады, соның ішінде зерттелмеген нысан сал-серіліктің қоғам өзгерістеріне ықпалының болғанын анық байқауға болады. Мұнымен бірге сал-серілік өнерге В.В.Радловтың берген бағасы мен түсінігіне қосыла беруге бола ма? – деген сауалға жауап іздестіруді орынды деп есептедік. Біріншіден, В.В.Радлов: «Сал шор тілінде жерошақ, от орны мәнінде, сағай тілінде шу, дауыстау, дабырлау мәнінде, қазақ тілінде жүрген жерін у-шу, думан қылып, көп сөйлеуші, оғаш киім киюші адам мәнінде қолданылады.
Сол секілді Ильминскийдің берген түсінігінше «Сал» деген сөзге «тұлабойым сал-сал басып түсіп барады» деген анықтама береді. Мұнымен бірге еліктеме мағынасында қолданылады дегенді қоса дәйектейді. Біздің байқауымызша, қазақта ән айт дегеннен гөрі, белсенді лексикалық қорда «ән сал» деген тіркес көбірек қолданылады. Бұдан «сал» деген ұғымның бірнеше мәнде қолданылатыны байқалды. Ақындық өнер мен ән салу қатарынан дамытылып, тыңдармандарын баурап алу басымдық рөлде болған. Нәтижесінде, әншілік өнері әсерлі болып келген. Сөйтіп, сал-серілерге тән әрекет өлең жырлаймын делінбей, ән шырқаймын деген мәнде қолданылады. Зерделеу барысында сал-серілердің өздеріне тән стильдік ерекшеліктері аңғарылды. Мәселен, Біржан сал: «Атадан Біржан сал боп тудым артық// Аққумен аспандағы ән қосамын» десе, Шашубай: «Ал гармоным, гармоным», ал Кертай ақын: «ән шырқа, жез тіл, сырнай, алдым қолға» секілді жоғары ырғақ пен қарқынды лебізбен өріліп беріледі. Жасыратыны жоқ, сал-серілік өнерге ХІХ ғасырдан бүгінгі күнге дейін дұрыс ақиқатқа сыйымды баға берілмей келгені баршамызға да белгілі. Ал «сері» деген сөз арабтың сир (сейір) – қыдыру, кезу деген сөзінен туып, серуен, сайран салу мағынасына айналып, сонан сері деген келтірінді ұғымға ие болуы мүмкін». Қыпшақ тілінің ХІІІ ғасырдағы ескерткіші Кодекс Куманиксте «сері» (шері) әскер мағынасында қолданылғандығы айтылады. Бұл пікірді С.Е.Малов анықтап берген.
Көне дәуірдегі ақындық дәстүрде сал-сері деген айтылмыш тарихи деректер болмағанымен өнердің бұл түрінің генезисі сонау тұрмыс-салт жырларының бір құрамды бөлігі екендігі, оның және өнер тармағына бертін бөлініп шыққанына ешкім шүбә келтірмесе керек. Керісіншe, Орта Азия, орыс, Сібір, орта ғасырдағы Европа, көне шығыс тарихында сал, серіге ұқсас ақындық салт болғандығы мәлім.
Сал-серілік өнердің тәрбиелілік мүмкіндігін зерделеуге жол жабық болғаны кешегі тоталитарлық жүйеде оған, төмендегідей пікірлердің қалыптасуына байланысты. Осыған орай мына бір түйінді қорытынды пайымдауларды ұсынамыз:
Қазақтың сал, серілерін түгелінен халықтық ақын, әншілер деуге болмайды. Шыққан тегі, таптық ортасы жағынан алсақ, Ақан сері мен Жаяу Мұса бірдей емес. Жаяу Мұса - үстем феодал қауымынан қуғын-сүргін көрген нағыз еңбекші, «халық ортасынан шыққан» сері ақын. Ал, Ақан сері болса лирикаларында өз дәуірінің күрделі қоғамдық мәселелерін, өмір шындығын кең қамтып жырлай алмады. Кейде діншілдікке де салынады. Тек жастардың бас бостандығын, махаббатын ғана лирикалы көлемде шебер жырлай алады. Міне, осындай идеялық творчестволық қайшылықтары бола тұрса да, Ақан – халыққа ұнамды, лирикалы өлең, ән шығарып таратқан әнші, ақын.
Қарап отырғанымыздай, сыныптан тыс оқыту үдерісінде жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі алған біліктілігін кешегі өткен мәдени мұра қорымен толықтыруға аталғандай бағалар, сал-серілікке кешегі кеңестік дәуірде өнердің біліми-ғылыми сипатын төмендетуге бірден-бір қырсықты тұжырым қалыптасып қалған көзқарас кедергі келтіріп отыр. Ойымызды одан әрі дәлелдеу үшін тағы да мынандай таптауырын болған түйіндерге көз жүгіртіп қарайық:
- Қазақтың бірқатар салдары, байлардың мырзалары болған Иманжан айтқан Башен сал да ірі бай. Он түрлі ат міну, өзінің саяхат жасайтын аралы бар, көл иемдену дәулетті салдың қолынан келетін салт. Бірақ мұндай сал, серілер қоғамдық мәні бар өлең, ән-күй шығарып айта алмаған. Сөзі, ән өнері, көпке ұнаған сал, серілер қалың бұқараның тілегіне, ой сезіміне қонымды, қызықты салттарды қолданған әнші ақындардың творчестволық, өнерпаздық дәстүрінде қаладағы базар, жәрмеңкедегі орыс, татар және басқа халықтардың өнер үлгісі де бар екені даусыз. Кемпірбай, Шолақ, Ағашаяқ, Шашубайлардың спорт, цирк өнеріне берілуі, Жаяу Мұса, Біржан, әсет әндеріне орыс, Украина музыкасы әсер етуі, Ақан сері мен Шашубай өлеңдерінде айқын сезіледі. Мәселен, Ақан сері: «Көптен көп поклон айттым, скажия...» немесе Шашубай: «Он екі звод гармонмен ән салғанда, қасыма қыз-келіншек үймелеген» деп жырлауы әнші-ақындардың негізгі көпшілігі феодалдық қоғамдық ортаға да, патша үкіметінің заң ережесіне үнемі наразы болып қуғынға ұшырауы – бәрі халықтар прогресінің ықпалына байланысты ерекшеліктер.
- Сал, серілерде ақындық пен өнерпаздығы, әншілігі қатар келеді дерлік. Бұлардың өлеңі әндері нәзік, сезімді толқытарлық лирикалы, көбінесе махаббат тақырыбына арналып айтылады... Бұл ретінде Ақан серінің «Торыны таңға байлап, мінген қандай» деген лирикасын мысалға алуға болады. Мұнда торы атты әсемдеп жаратып мініп, қызды ауылдың тұсында ән шырқап, сұлу қызға жеңгесі арқылы сөз айтып, ишаратпен әзілдесіп, іштей бірін-бірі ұғысқан, біріне-бірі ынтық болған ақын сыры баяндалады;
- Сал, серілердің әрбір лирикалы ән, өлеңдері, белгілі бір поэмалық сюжетке құрылған аңыз әңгімелері бірге айтылып отырады. Мәселен: Ақан серінің «Құлагер» әні, өлеңі оның Құлагері байлардың қыспағынан өлгенде жоқтау ретінде шығарған. «Сырымбет» ақынның ғашығына арналған. Біржан салдың «Жанботасы» өзін Азнабай болыстың поштабайы сабап, домбырасын тартып алғанда ыза болып, өз елінің болысы Жанботаға күйік пен шағым етіп шығарылған. Жаяу Мұсаның «Ақсисасы» Шорман тұқымдары өзін қудалап, тұтқындап, жаяу айдап жер аударғанда айтқан кекті өлеңі, Шолақтың «Ғалиясы», Шашубайдың «Аққайыңы», Естайдың «Қорланы» да осындай мотивпен жырланған.
Қазақтың сал, серілерінің ақындық, өнерпаздық қызметінде күлкі, қалжың, сықақ сөздер де көп кездеседі. Сал-серілер үнемі ақындардың айтысына қатысқан... Сал, серілік жағдайында әсіресе, XVIII-ХІХ ғасырда ең дамыған ақындық өнер. Ол этномәдени тәрбие берудің бір құралы болған және ақындыққа жаңа мазмұн, ажар берген.
Жоғарыда келтірілген түйіндер - Ахмет Жұбановтың сонау кеңестік дәуірдегі тегеурінді заңдылықтардан қаймыға отырып жасаған тұжырымдары. Антогонистік тап қайшылығын бетке ұстау тактикасымен сал, серіліктің өнеріндегі тәлімділік қуатын айту іс-әрекеті аңғарылады. Өкінішке орай, Ақан сері және тағы да басқа серілер мен салдардың өлеңдері тек лирикадан тұрады дегенде, зерттеушінің әдейі негізгі ойдан ауытқушылық сақтығын байқаймыз.
Сал-серілік дәстүрлердің шығу тегін зерттеулердің өзі педагогика саласында айрықша қиындық туғызады. Әрине, Біржан сал мен Ақан серілерге дейінгі дәуірлерде де серілер мен салдардың болғаны анық. Біздің зерттеу еңбегіміздегі алға қойған мақсатымыз барлық сал-серілік құрған тұлғаларды табу мен шұғылданудан гөрі, аты мәшһүр өнер иелерінің әлемін жаңа дүниетаным тұрғысында зерттеу. Олай болса, Біржан сал шығармаларындағы ел мәселесі, қоғам, адам тағдырындағы нелер бір қым-қуыт тауқыметтер мәселелері көтерілмеді деген тұжырымдарға қарсы пікір айтуды жөн көріп отырмыз. Нақтылап айтсақ, бірқатар өлеңдеріндегі заманаға қатысты ой-пікірлерін жіктеп өтейік:
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?»
Қара су есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Камзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды.
Теміртас, Асыл, Ақық – екі қарғам,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып.
Біржан салдың қоғам жайлы ондағы адамдар туралы ой-тұжырымдарын берілген үзінділер арқылы пайымдау қиын емес. Арқаның ерке де бұла әншісі, салы Біржанның өмірі қорлық қақпағында қапас ғұмыр кешті. Біржанның салдық дәстүріне түсінбеушілікпен қараған өз ортасы, отбасы оның зарлы ән шығаруына қозғаушы күш болады. Қай заманда болмасын сал-серілік өнердің тағылымдық қуатынан, салдық өнерден халық театрға барғандай тұшымды әсер алып, күнделікті күйкі тіршілік тауқыметінен мойындары босап, әжептәуір эстетикалық тәлім алады. Өнермен тәрбиелеудің негізгі мақсаты тарихта қалыптасқан бірнеше ғасырлар бойы озық тәрбиелік құндылығын арттырып келе жатқан сал-серілік дәстүріне сүйене отырып, оған берілген жаңсақ пікірлердің дұрыс еместігін аңғарып, сал-серілікке жаңа философиялық тұжырым беру бүгінгі талаптың бір саласы болып табылды. Біржан салдың өнермен тәрбиелеуге және білім меңгертуге қосқан құндылығы мынадай: біріншіден, Біржан салдың еңбектеріне талдау жасалу барысында оның дүниетанымының тірегі-шындықты тайсалмай айтуы; екіншіден, салдық дәстүрді еліне кең ауқымда тұңғыш таратушы, оның эстетикалық қуатын айқындап, халқына жеткізуші; үшіншіден, барлық өлеңдерінде адамға деген сүйіспеншілік идеясын негіз етіп алғаны; төртіншіден, өлеңдерінде адамның қоғамға қатыстылығын айқындағаны. Халқының сүйікті сал-серілері әуезді, сазды әндер шығарып, халқын сүйсіндіргені. Дала сахарасында нотамен үйрететін музыка мектебі болмағанмен, думанды, әнді, сазды әуезді сүйетін еліне әсерлі орындаушысы көңілге қондырып, қуаныш әкеліп отырғаны.
Ақан сері жастайынан білім алуға құштар болған. Ақанның творчестволық жолы алтыбақан, ойын-той, беташар және т.б. басталған. Мұнымен бірге ол – дала өмірінің қызықтайтын жүйрік атын, қыран құсын, алғыр тазысын ұстап, олардың бәріне дерлік өз өлеңдерін арнап, сәнді де салтанатты өнерімен елін баураған тұлға.
Қоғамдық өмір келбетін дала тағдырымен шебер ұштастыра білген Ақан серінің өмірнамасы мен шығармашылығы Біржан салдан гөрі басқашалау. Отбасының пенделерге арналған бақыты үйленіп үй болу мәресіне жете алмаған Ақан серінің көңіліне медеу тұтары - астындағы жалғыз аты. Құлагер Ақанның өзімен қатар танылады. Кешегі бір-бірімен хабар алысу қиын заманның өзінде, сонау кіші жүзге Құлагер «Құлашолақ» болып жайылады. Атығай, Қарауылды «Құлашолақтың елі» деп жүрген. Құлагердің аты тағы бір шыққан тұсы Алтай, Аққошқар – Сайдалының бес болысқа сауын айтқан асы болатын болып, Орта жүзден небір сәйгүліктер дайындалған. Бұл атжарыс- бәйгеге Ақан өзінің Құлагерін даярлайды. Үш жүз ат шапқан сол астағы бәйгеде Құлагер жалғыз келеді. Бұл Ақанның мәртебесін биіктетіп, отбасындағы қайғысын (Фатима мен Ұрқияны) ұмыттырады.
Құлагер кешегі Қобыландының Тайбурылы секілді халық санасында арғымақ кейпін орнықтырып, ел аузында ол туралы көптеген мәліметтер тараған. Атқа сын айтушылардың бағасына ден қойсақ, Құлагердің жарауы түскенде ілбіп қана жүреді екен де, тек айқай шыққанда ғана қызып шаба жөнеледі екен, ал бәйгі алдында қыдыртып жүргенде оны шабатын ат деп ойлау қиын екен деседі. Ақан осы атшабыстан кейін Құлагердің маң-маң басқанын қызықтап, «Маңмаңгер» өлеңін шығарады. Халық «Маңмаңгер» әнін барлық көңілімен, ниетімен айтатын дәстүрге айналған. Ахмет Жұбанов бұл әнді өте жоғары бағалаған. Әннің жай, сазды, нәзік, жұмсақ мелодиялы, кербез ырғақпен айтылатынына тоқталып өткен. Екпіні жай болғанымен ол қайғылы, жабыраңқы көңілмен айтылмайтынына мән берген. «Табиғат», «қоғам», «адам» арасындағы диалектикалық тұтастықты сақтай білген сал-серілердің әрқайсысы өзін дүние әлемнің бір бөлшегімін деу ұстанымы бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін жол ретінде іс-әрекетке қолданым табуда.
Адам баласының рухының ізгілікті бағдарда болуы табиғаттағы сұлулыққа сүйсіне де өзіне рахат табуы дер едік. Біржан да, Ақан да жақсы әндерін жүйрік аттарына, алғыр құстарына, ұшқыр тазыларына арнай отырып, адамдардың ішкі көңіл-күйлерінің жоғары пафоста болуына бағдар жасап отырған. Бүгінгі тілмен айтсақ, Біржан, Ақандар, жалпы сал-серілер заттық дүниенің қызығын «жалған» деген ұғымға айналдырып, рухы мен жанын дамытарлық, оған шипа әкелерлік табиғат аясынан өздеріне медеу және тағат іздеген. Өнер иелерінің творчествосымен тәрбиелеуде олардың дала заңына қатысты белгілі қалыптасып қалған тұғырлы, шеңбер кеңістігіне өзінің ерік-жігерін бағындыратын қатал қағидалары жоқтың қасы. Мұның өзінен басқа зерттеу еңбектеріндегідей белгілі бір тәлім мен білімді өнер арқылы меңгерудің санамалап айтар заңдылықтары мен ережелерінің бізге дейін сақталмауы «өркениеттіліктің» белгісі дер едік. Себебі әр тұлғаға өзінің тәрбиесі мен біліктілігін өнер көрсеткіштерімен бағалауға іштей талпынысы түрткі болады. Сал-серілердің аталмыш рухани өнері мен қоғамға деген эстетикалық, этикалық көзқарастарының өзі - басқа қауымның тұжырым-түйіндеріне тәуелді болып келмейтіні таңқаларлық құбылыс. Қоғамдық пікірге өзінің кең даласындай диапозоны кең құлашты өнерін құрбандыққа шалмай, ХІХ ғасырда оның шарықтау шегіне жетуіне қайсарлықпен қарап тұра білген Ақан сері «перінің қызымен көңіл қосқан», ал Біржан салды «шалыққанды» деген атауға қалдырған дүбаралық төменгі деңгейге құлдырап кеткен сол кездегі қазақтың іштарлық кейпі бүгінгі таңда айдан-анық белгілі болып отыр. Табиғатты Жерұйық, Жер-Ана сапасында қабылдаған данагөй даналардың легі ХІХ ғасырда азайып, табиғат жұмағынан жанға ем табарлық азын-аулақ саны осындай заман тудырған бұлбұлдарын бағалай алмайтын амалға көшкен еді.
Тамырын үңгілеп тереңге жіберген халықтық педагогика тұрғысында таразыласақ, Қазақстандағы сал-серілердің өнері бүкіл халықты тұшымсыз, қауқарсыз, жұтаң өмірден бір сәт болса да ажыратып, пәс болған кірбің көңілдері мен болашығына құлып салған үмітсіз жүректеріне өнер сәулесімен қуаныш нұрын сыйға тартқанын бүгінгі ұрпаққа жеткізу – біздің зерттеуіміздің басымдық ұстанымы. Қарап отырсақ, сал-серілердің ғашықтық өлеңдерінен, әлеуметтік–мәдени ортаға риза еместігін білдіретін лирикаларынан, астамшыл адамдардың тоғышарлық мәнсіз өміріне арналған жырларынан қазақтың сол кездердегі психологиясы, тәлім-тәрбиесі, білімділік деңгейі байқалады. Мұның өзі өнермен тәрбиелеу, білім берудің сал-серілікке дейінгі және одан кейінгі уақыты мен кеңістігіне үңіліп зердемен, тарихи қағидамен қарауымызға мүмкіндік беріп отыр. Өнерді бағалай алмайтын адамдардың құрған торына, айналасына, амалдарына қасқая сұңқардай, дауылпаздай қарсы тұра білген сал-серілер пақырлық, ұсақ-түйек күйкі тіршілікті өздеріне лайық санамай, азаматтық, ізгілікті болмыстарын үлгі ретінде мәңгілікке қалдыра білді. Міне, біздер бұл қасиеттерді өнер арқылы қазақстандық патриоттық сезімге баулу тұрғысында зерделедік. Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдің әлеуметтік және қоғамдық мәнін компартия идеологиясының құрсауынан қаймығып, ақиқатты тұрғыда ағынан жарылып жаза алмауының себептері бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде белгілі болды. Тоталитарлық басқару жүйесінде империя өзінің қарамағындағы (мейлі патшалық Ресей болсын, мейлі Кеңес мемлекеті болсын) бұратана халықтардың, кіші мемлекеттердің өнері, ғылымы, білімі көзге түсерлік дәрежеде дегенге ауызы бармады. Мұның өзі кейбір татымсыз «мұғалімнің» деңгей мөлшерінің шектеулілігіне байланысты өзінен озық шәкіртін тұқыртуымен бара-бар. Жоғарыда берілген ой-пайымдардан түбірлі тұрғыда қазақ елінің бұрынғы мәдениет саласындағы дәстүрлері мүлдем өзгерістерге ұшырауы да басқару саясатынан еді. Десек те, озықтық мәдениет түрлеріне, соның ішінде, сал-серілікке Ахмет Жұбановтың зерттеуінше Омбының генерел-губернаторы Тәттімбеттің бүгінгі ұғымда циркке тән қойылымын ерекше бағалағанын атап өткенін ескергеніміз дұрыс болмақ. Нақтылап айтсақ, жалпы генералдың берген бағасы мен Тәттімбеттің өнер тұғырының түзілімі төмендегідей болып келеді:
- Тыңдаушыларының назарына іліккен Тәттімбет, оларға тағы бір өнер көрсеткелі жолдасына атын көрсетіп, ымдады. Ол түсіне қойып, күйшінің жетегінде келген Бозжорғаны Тәттімбет құлын күнінен бастап баулып, оған көп нәрсе үйреткен-ді. Ауыл адамдарын таң қалдырған Бозжорғаның күйге билейтіні. Иесі күй тартып кеткенде Бозжорға оны айнала билей жөнеледі. Біресе аяңдап, біресе тездетіп жорғалап, тағы баяулап, музыканың ырғағынан тыс кетпеді. Нанымның кейбір кертартпа ағымына ұйыған ауыл адамдарына Тәттімбеттің бұл ісі бір шайтанмен байланысты адал дүние емес болып көрінсе, генералдың айналасы үшін бұл өнердің шыңы болып бағаланады.
- Генералдың айналасындағы топтан жай киімді бір адам бөлініп шықты да, Тәттімбеттің қасына келіп, тілмаш арқылы сөйлесіп кетті. Ол күйшіден өзінің орындайтын шығармаларын тағы қайталауын сұраса керек. Ол адам нотадан сауатты көрінеді. Тәттімбет күйлерін қайтадан орындап беруге және нотаға түсіруге келісім береді. Генерал болса, ол тек күйшінің қолын қысып риза болғанның белгісі деп өзінің жібек зонтигін сыйлайды.
Міне, бұл жолдардан Ахмет Жұбанов: «Тәттімбеттің тек күйшілігі ғана емес, бір жағынан ақын, шешен адам болған. Тәттімбет жасынан «сері» аталған» деп, бағалайды. Мұнымен бірге Ахмет Жұбанов алғаш рет «сері» деген ұғымға салиқалы баға беріп, ұғымдық мәнін анықтаған: «сері» шын мәнісінде тек әдемі киінуші, ала-құла ер-тұрманды ат мінуші, тек осылар арқылы көзге түсуші емес, - бір жағынан үлкен өнер иесі, «адамдарға жақсылық, жазба указсыз берген Құрметті өнерге еңбегі сіңген» деген атағы да бар деген. Бұл арада айта кететін бір нәрсе – Құрманғазы да, Сейтек те, Түркеш те, басқалары да әдемі киініп, әсем ат мінуден қашпас еді. Бірақ олардың Тәттімбеттей мүмкіншілігі болған да жоқ. Бұл жағынан, қазақтың халық композиторлары ішінде Дәулеткерей мен Тәттімбеттің өмір жолдары басқарақ», - деп түйін жасаған.
Алып қарасақ, серілік өнердің бүкіл бір ауылға, жалпы халыққа тамашалап, өздерінің көкейкесті мәселелерін бір сәт болса да ұмытып, бойы мен ойын сергітуге мүмкіндік бергені байқалады. Серіліктің ресми мектебі болмағанымен, олардың пір тұтқан ұстаздарының өнер тәрбиесін дарытуға мол ықыласының бар екені зерттеу үдерісінде аңғарылды. Мәселен, Тәттімбет әу басында домбыраны әкесі Қазанғаптың інісі Әліден үйренеді. Әлі асқан домбырашы болған деген лебіз біздерге де жеткен. Бұл орайда өнер қуған тұлғалардың шығармашылығы мен ғұмырнамасы жайлы аңыздар да ел ішінде кеңінен тарап отырған. Соның бәрі – Арқада белгілі «Бозайғыр» күйін орындауда Әліге ешкім жетпейтіні жайлы әңгіме. Әлі «Бозайғыр» күйін құдық басында отырып тартқан дейді. Күйдің дыбысын есіткен бір үйір жылқы өзінен өзі кісінеп, құдық басын әңкі-тәңкі қылады. Тек Әлі күйді тоқтатқан кезде жылқылар да кісінеуін тоқтатып, қайтадан астаудан су ішуге келеді. Сол құдық кейін «Әлі тартқан» атанып кетеді. Байқап отырсақ, серілік өнердің ауқымына цирк өнері де кіріп кеткен. Мұнымен бірге Тәттімбеттің серілік дәрежесінің өсуіне ұстазы Әлі көп еңбек сіңірген. Өнердің бұл педагогикалық тұсын әулет деңгейінде деп қабылдап, ресми ұстазы болмағанымен, қазақ еліндегі ұлттық нәрдің бір көрсеткіші ретінде атап өтуді орынды деп есептейміз. Серілер туралы педагогикалық дастандар дала сахарасында кең тараған. Соның бір мысалы, Тәттімбеттің Есіл бойын аралап жүріп бір үйге түсуі. Ол үйдің бойжеткені домбыра тартатын өнері бар екен. Ілулі тұрған домбыраны қолына алып Тәттімбет тарта жөнеледі, бір кезде сырттан бойжеткен кіріп келіп, домбыраны қолына алып, өзінше құлағын ретке келтіріп, бірнеше күй тартады.
Халық педагогикасы ол ер адамдар мен қыз балалардың өнер ордасында тең құқығының барлығымен ерекшеленді. Мұнымен бірге бұл заңдылық тек өнерлі адамдарды қарым-қатынасқа түсуімен жүзеге асады. Тарихымызда ондай мысалдар өте көп кездеседі. Мәселен, Біржан мен Сараның айтысқа түсуі және т.б.
Ахмет Жұбановтың зерттеуінде Тәттімбеттің «Былқылдақ» биінің шығу тарихы осы оқиғамен байланысты делінген. «Басында қызды балғын көрген Тәттімбет, оның күйге күймен жауап беруіне қарай, іштей сескенуге айналады. Қалай да қыз алдында еркектің абыройын сақтап қалудың не бір жолдарын ойлайды... Қыз қырқыншы күйді шалғаннан кейін, Тәттімбет етігін шешіп, бір күйді оң аяғының үлкен башпайымен орындайды. Қыз Тәттімбеттің істегенін істей алмайды. Өйткені ислам дінінің бұйыруы бойынша әйел адам қолдың ұшы болмаса, басқа ешбір денесін көрсетуге құқы жоқ». «Былқылдақ» күйі – қандай адамды да болмасын қиял құшағына баурап, көңілін ғарыш әлеміне ұмтылдырып, шарықтау сезіміне бөлеп, рухани тоят табуға қозғаушы күш. Өнер кеңістігі арқылы адамның рухани ләззат алуына асқан жігер беруі, серіппелі әуезбен орындалуы, күйдегі дыбыс көлемінің ауқымдығы, кей тұста шарықтау қарқынының төмендеуі әлемдік классика талабынан көрінеді деп пайым жасау артық болмас. Мұның өзі – білім беру мен тәрбиенің құралы. Біздің зерттеу еңбегіміздегі «білім мен тәрбие амалы» дегеніміздің өзі сырттан міндеттелетін амалдар емес, өнер кеңістігінің ішкі мүмкіндіктеріндегі құндылықтардың өзін амалдар тобына жатқызған орынды деп есептедік.
Кейінде «Былқылдақ» күйі – «Қыз Жібек» операсында Шара билеген бидің әуезіне айналып кеткен.
Тәрбие мен білім беру іс-әрекетінде әннің, өнердің алатын орны бөлек. Ән айту арқылы адам өзінің кейбір сезімінің кезеңдерін сыртқа шығарады. Негізінде өнер қуу үшін ән шырқалмаған. Серілік пен салдық дәстүрдің нысаны болып келетін ән алдын ала жасалған, құрылған жоспармен жүзеге аспайтыны белгілі. Олай болса, сал-серілік дәстүрдің басымдық көрсеткіші - оның жағдайға байланысты туатыны. Сал-серілік өнерін кеңестік дәуірде дәріптеу Ахмет Жұбановқа оңайға түспеген. Оның бір мысалы ретінде Тәттімбеттің серілік өнерінің оңтайлы тұстарын талдай отырып, қорытындысында былай деп бағамен тұжырымдайды:
- Түсіндіре кетуді тілейтін жай – «Былқылдақты» башпайымен тарту былай тұрсын екі қолдың саусақтарымен тартып шығуға да оңай түспейді;
- Домбыра тартуда аспапты басына қайтып қағу, артына ұстап отырып ойнау, домбыраның бетін тықылдатып шерту – бәрі де тек көзбен көріп, фокус ретінде ләззат алмаса, дыбыстық, музыкалық жақтарынан ешбір этикалық нәтиже бермейді.
- Еркек пен әйел айтысса да, домбыра тартылса да, үнемі еркекке ғана жеңдіретін, кешегі әйелді қорлаған заманның заңының денесінде қалған таңбаның айғағы.
Көріп отырғанымыздай, Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдің өзіне таптық дүниетаныммен баға беріп отыр. Біраз талдаулары оңтайлы болғанымен, зерттеушінің ең соңғы бөлімдерінде жоғарыда келтірілгендей ой-тұжырымдар ғалымның Кеңес үкіметінің саясатына алаңдап отыруы мен олардың кейбір талаптарын «қанағаттандыру» мүддесін байқай аламыз.
Егер А.Жұбановтың жоғарыда біз талдап өткен материалдары болмағанда, сал-серілер жайлы ғылыми негіз жасауымыз қиынға соғар еді. Кеңестік дәуірде таптық дүниетанымды қару ретінде пайдаланып, Тәттімбеттің салдық өнерін кейінгі ұрпаққа мәдени мұра ретінде алып қалғаны бүгінгі этномәдени тәлімнің мазмұны ретінде қолдануға толық мүмкіндігіміз бар.
Бүгінгі зерттеушілер мен көне көз қариялардың айтуына қарағанда әншілік, ақындар мен сал-серілік өнер арасында әжептәуір айырмашылықтар бар. Серілердің сыртқы киім киістері салдармен салыстырғанда әлдеқайда бірқыдыру тұрақты. Олардың дәстүрінде елден оқшау киіну, айшықты-айшық, әлем-жәлем сәнмен, жарқ-жұрқ етпе көрініс-пішіннен бойларын аулақ ұстау байқалады.
Ал, салдар болса, неғұрлым әшекейлі киім кисе, соғұрлым өздерінің басқалардан оқшау бағыт-бағдарын айқындай түседі. Ер адам болғандарына қарамай, шалбарларының балақтары кең болып, жарқылдақ моншақтармен әрленіп, әлемішті жасаулары мен мұндалап тұрады. Жалпы бас киімдерінен бастап, барлық киімдері әртүрлі түстерден кең пішіліп, сүйретіліп жүретін сәнде болады. Бас киімдеріне қалың үкі қадап, қымбат тастармен көмкеріліп келеді. Салдар серілермен салыстырғанда, топ-тобымен, атқосшы-жолдастарымен жүретіні байқалады. Әсіресе, ойын – сауық бар жерлерге әуестігі аңғарылады. Оны біздер М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Біржан салдың Абай аулына келуінен байқаймыз.
Этникалық мәдениетте онтологиялық сарын басым болып келеді. Оны басты себебі дала, сахарадағы адамның табиғатқа деген, оның тылсым күшіне деген дүниетанымы, болмыстық деңгейі өркендеп отырған. Жалпы алғанда, қазақ этносының жырларында бас қаһарманы - тәңірден тілеп алған жалғыз ұл. Оның өзін де әке, шешесі діңкелеп қартайған кезде және баласыздықтың зардабы өткен кезде барып көреді. Кейбір жырларды әулие-әнбиелерге түнеп, бала солардың шапағатымен дүниеге келеді. Олар кейде Баба Түкті шашты Әзиз, кейде Ғайып ерен Қырық шілтендер. Бұл - әрідегі көк тәңір, берідегі ислам нанымдарының нышаны.
Этностық код әуез әуеніне негізделеді. Осының бәрі дерлік әнмен өріліп, жыр өрнегімен айтылады. Жырдың басқа жанрлардан басқа тек өзіне тән сарыны болады. Батырлық дәстүрді насихаттаушы осы жырлар. Ерекше нақышпен айтылатын барлық жырлардың ортақ оқиғасы төмендегідей:
1. Болашақ батырдың шешесі, кейде аюдың, кейде айдаһардың етіне, кейде жолбарыстың жүрегіне жерік болады.
2. Батыр ұл дүниеге келгеннен-ақ, басқа балалардан ерекше көзге түсер қасиеттері кездеседі. Бала айлап емес, күндеп өседі. Ат жалын тартып мінгесін-ақ, ол елін жаудан қорғауын арман етеді.
3. Батырлардың бәрі өзінің батырлығын жасынан танытады. Халқын басқа елдердің шабуылынан аман сақтауды негізгі мақсат тұтады. Жолда қанша қиыншылық көрсе де төзіп, ақыры жеңіп тынады. Кездескен бөгеттерден кейде өжет ерлігімен, кейде айласымен, тіпті, тәжірибелі жандардың көмегімен де құтылады. Қиындыққа мойып, жасып қалмай, тез шабуылға әзірленеді.
4. Әуезбен айтылатын бұл жырлардың қазақ халқына тән кодының бір пернесі – елдік мәселесі. Анықтап айтсақ, құлаққа жағымды әуезбен патриоттық тілек-мүдде мәністері тыңдармандардың жүрегіне, сезімдеріне оң әсерін тигізеді. «Елдің күші – бірлігінде» деген этностық код басымдық мәнде.
5. Өз елін терең сүю мотиві жыр өрілімінде ерекше сезіммен айтылады. Психологиялық жағынан басқа халықтарда кездеспейтін үдемелету үрдісі аңғарылады.
6. Ұлттық нақыштың бір сипаты – батырлар жырындағы әйелдер мәселесі. Көбінесе, батырлардың ерліктері үйлену, немесе жау алып кеткен әйелдерін іздеумен тікелей байланысты. Батырлар жырында жар іздеу мәселесі ғашықтықтан туған мотив емес, отбасын құру амалы іспетті болып келеді. Отбасын құрудың басты мақсаты – келешекке батырдың өзіндей, не өзінен асып түсетін ұрпақ қалдыру тілегіне келіп тіреледі. Қобыландыдан: Бөгенбай, Киікбай; Алпамыстан: Жәдігер; Тарғыннан: Әжігерей, Айтқожа т.б. Бұлардың кейбірі ерлігін әкесінен де асырып жібереді.
7. Қазақ халқының кодын айқындайтын тағы бір ерекшелігі – батырлар жырында кездесетін жорыққа мінетін аттарының айрықша бапталып күтілуі. Олардың сұлулығы, қуса жетіп (әні шапшаң ырғақпен айтылады), қашса озатын жүйріктігі, жуан-жуас беріктігі шебер сурет реңімен келеді. Кей тұста тәңірлік наным нышаны аттарда ерекше қасиеттер дарытып, әр нәрсені күні бұрын болжағыштық ес бітіріп сипаттайды. Жалпы қысылғанда қанат бітетін дәрежеде бейнеленеді. Жырларда жақсы атқа көп орын беріліп, оларды әр жағынан алып, батырмен қоса дәріптеп жырлайтыны байқалады.
8. Қазақ халқының онтологиялық кодын айқындай түсерлік тағы бір белгісі – батырлар жырындағы аңшылық. Мәселен, Қамбар батырдың негізгі кәсібі аңшылық болып сипатталады. Бұндай құбылыстан әрісінде халықтың бастау кәсібі, күн көріс қамы аңшылық болғаны даусыз.
Қорыта келгенде, қазақ халқының ХV ғасырда Алтын Орда құлаған соң құралған Ноғайлы деп аталған хандық тұсындағы Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат, Үйсін, Арғын, Найман, Алшын руларының батырлары жайлы ауызша-жазбаша шыққан жырлардың әуездік сарыны адамның әлем тану іскерлігіне бағытталған. Сондықтан бұл нысанды онтология аспектісіне жатқызуды біздер орынды деп есептеп, сал-серілік өнер барлық өнердің даму шегінің өркендеуінен туған бөлігі деген қорытынды жасауға мүмкіндік алдық. Оның алғашқы әдіснамасы онтологиялық деңгей екені айқындалды.
Бұдан шығар қорытынды – әр биоәлеуметтік әлемтану үдерісінде өзінше жинақталған біліми-ғылыми сипаты, түсінігі бар дегенге саяды. Сал-серілік дәуірдің өнер мектебінің педагогикасында сонау ХV ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін, өрлеу кезіне дейін қамтылған уақыт пен кеңістік аралығындағы ән, музыка, жыр және тағы басқа салалардағы танымал тұлғалардың өзінше әлемге көзқарасын аңғарудың мүмкіндігі байқалды. Әр өнер иесінің әлем қабылдау деңгейі бір-біріне ұқсамайтындығы – гносеологиялық деңгейдің өкілі екенінің айғағы. Сол себепті ойлау, тану, іс-әрекеті өнер мектебінің педагогикасында әлемді түйсіну шама-шарқына орай дамытылады дегенді дәйектейді. Егер, әлемтану іс-әрекетінде рухани құндылықтарды әлемтану үдерісіне қабыстырып сана-сезімге жинақтай алса, әр биоәлеумет өнер саласының айтайын деген ішкі мұратын авторлардай түсінері сөзсіз. Өкінішке орай, әр адам өзінің жеке басының танымдық өрісін басқалардан биік қойып отыратындықтан (Единица кеткенде, не болады өңкей нөл... А.Құнанбаев), өнер саласының кереметтерін ұға алмайтын деңгейде қалады. Өнер мектебінің сан-салалы жанрларының әрісінен бергі заманға дейінгі алатын орны, әлемтануға көмегі ерекше екеніне тоқталу артық. Әлемтану өнер кеңістігінде әрбір жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне жағымды әсер етеді. Өнер мектебінің педагогикалық әдіснамасын көбінесе ескі өмірден осы заманға әкелер тарихи желінің куәсі ретінде ауыз әдебиеті жанрларынан іздеген орынды. Алдыңғы онтологиялық деңгейдегі өзіндік этностың коды бар екеніне көзіміз жеткен сияқты. Сол секілді гносеологиялық деңгейде де халықтың тек өзіне тән коды жеке тұлғалардың ішкі қабылдау мүмкіндіктеріне бағынышты екендігі анықталды. Мұнымен бірге халықтық сипат арқылы сол халықтың білімі, өнері, тарихы, діні, нанымы, тәлім-тәрбие нышандары байқалатыны зерттеу барысында аңғарылды. Халықтық сипат өзінің бойына толып жатқан сипатты сыйғызып жататыны, дәуір тынысын танытатыны гносеологиялық деңгейге қозғаушы күш екені де белгілі болды. Жырмен айтылатын шығармалардың шығуы мен дамуынан тарихи ақиқаттар да байқалып отырады. Сол дәуірдегі тарихи шындықтардың көмескі болса да сілемдерден көрініс табылады. Әрине, аталған жырларды тудырушылар, бірақ олардың аттары бимәлім тұлғалар өздерінің әлемтану үдерісінің шама-шарқымен жырларды өмірге әкелгені белгілі. Міне, осы нысаналы ішкі қалыпты гносеологиялық деңгей дейміз. Танымдарының тағылым деңгейі.
Қазақ ауыз әдебиетінде этностық поэмалармен қатар сүйіспендік, махаббат тақырыбына арналған поэма-жырлар да аз емес. Оған жататын шығармалар: «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз – Назымбек», «Мақпал қыз», «Айман-Шолпан». Аталған лиро-эпикалық шығармалардың ішінде ел арасына әнімен, жыр мақамымен көп тарағаны: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Айман-Шолпан». Бұл шығармалардың басты тақырыбы – бірін-бірі риясыз сүйетін екі жастың арасындағы ыстық махаббаты. Оқиғаның барлық құрылым жүйесі сүйіспендік мәселесіне бағындырылады. Лиро-эпикалық шығармаларда тұрмысқа қатысты автордың және оны кейінгі елге таратушы тұлғаның әлемге қатысты түсінігі анық байқалады. Жырды құрастырған автордың әлемге жеке түсінігін мына бір құбылыстардан аңғару қиын емес: Қыз Жібектің сән-салтанаты, «кісі бойы кроваты», «күймелі арба», «кигені атлас, қырмызы) және т.б. Көркем шығарма әуезімен жырланғанда тыңдармандардың ой-сезімдерін қай бағытқа жетектеу, қандай іс-әрекетті құптау, не даттау ол сол адамның әлемтану амалының деңгейіне тікелей байланысты. Бұл гносеологиялық деңгейдің нақтылы көрінісі. Аталған дастанды құрастырушы тыңдарманның екі жастың қосыла алмау себеп – салдарын іздеуге, одан адамға аяныш сезім тудыруға бағыттайды. Қоғам қандай сипатқа құрылса, лиро-эпикалық жырларды да сондай өлшеммен таниды. Ғашықтық жырларда әуез сарыны батырлар жырларынан ерекше сазды, аяныш сезім тудыруға шақталған болып келеді. Төлегеннің трагизмге дейінгі кезеңде алты қазбен қоштасып, ата-анасын, інісін еске түсіретін элегиялық көңілдің қайғы шерін аңғартатын монологін, жаны нәзік адам екенін кез-келген адам түсінсе, гносеологиялық деңгейдің түзулігін аңғарады. Ғашықтыққа екі адамды байлап, оның кедергілерін тек адамдар арасынан емес, табиғат бөгеттерінен келтіріледі. Барлық кедергілерден жеңіске жеткізер тұсы- махаббатқа беріктігі, шын сүюшілігі, бас бостандығын іздеуі, сұлулығы, ақылдылығы, керекті жерлерде қайраттылығы. Лиро-эпос жырын гносеологиялық деңгейде танудың алғы шарты оның батырлар жырынан ерекшелігі. Батырлар жыры Отанды сүю, Отан қорғау тұрғысында жырланса, ал лиро-эпикалық жырлар тұрмыс-салтқа көп тоқталып, соны шебер түрде көрсете алушылық байқалады.
Жырлардың ішіндегі лиро-эпикалық жырларды ажыратудың басымдық көрсеткіштері төмендегідей:
1. Жыршылардың ауыл-ауылды аралап, шарлап жүріп ғашықтық дастандарды жыр етуі және халықтың тұрмысын жырға арқау ретінде өлеңге қосуы;
2. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманды» көксейтін сарында болып келуі.
3. Халықтың мұң-шерін, қалың бұқараның арман-тілегін атадан балаға жеткізуші ілгерішіл мұраттардың ұсынылуы.
4. Жыршылық дәстүрден шежіре желісінің өріліп берілуі;
5. Жыршыны ентелей түсіп тыңдаған жұрттың сілтідей тынып, тыңдауы, оны қос шекті домбырамен айтуы.
6. Тыңдармандардың жыршы сарынына ілесіп, оны қошаметтеп толассыз қолдап отыруы.
7. Жырдың әрдайым асқақ, ақылгөй, таза, әсем ырғақтың неше алуан қасиетін бойына жинай алатын қуатының әсер етуі.
8. Жырлардың тұтасымен халық меншігінің болуы.
Қорыта келгенде, жырларды тану іс-әрекеті өзіңді қоршаған әлемді түйсінумен бара-бар. Міне, осындай қатысымдық үдерісте рухани қуат берерлік этностық салт-дәстүрлер ешбір сырттан әшекейлеусіз нұсқалы сипатта елес береді. Әлем туралы түсінік ақиқатты мәнде қабылдануын біздер гносеологиялық деңгей демекпіз. Үшінші аксиологиялық деңгей болып табылады. Өнер мектебінің педагогикасында аталған деңгейдің алатын орны айрықша. Бұл деңгейлікте әлем туралы сурет, түсінік адамның өзін қоршаған табиғаттың тұрмыстық ерекшелігін қалыптастыру үдерісін сезінуі, ұғуы. Соның нәтижесінде әр адамның, жалпы бір этностың мәдени-әлеуметтік орта құрып, өздеріне тән әлем жасап, оның нысаналы және құлықты (субъектілі) мәдени қарым-қатынас құруына жетекшілік рөлінің болуымен көрінеді. Сөйтіп, жыршылар әлемінің сөз өнері мен әуез өнерінің қосындысынан «Өнерпаз халықпыз» деген тұжырым шығары сөзсіз. Әр халықтың тек өзінің кодына тән, шығармашылық қабілетіне орай құлықтылық белсенділігі сол этносқа ғана тиесілі әлем жасап береді. Өнер мектебінің мұншама құндылығынан әлем жағдайының шынайы бет ажары айқындалып, этностың мәдени-өнер мектебінің қызметі әсер ететін қалыпқа жетіледі.
Этнос құрамындағы әр биоәлеумет өзінің жырлардан алған, сал-серілердің толғау жырлары мен өлеңдерінен алған ішкі эстетикалық құндылықтары, жағымды қуат сезімдері рухани шабытқа, оңтайлы тебіреніске келтіреді. Сөйтіп, тән мен жанына өнер кеңістігінен нәр алып, өзін ғарыштық кеңістікте жүргендей өршіл өмірсүйгіштік бағдарға бағыттайды. «мен өнерлімін, таланттымын» деген тұжырымын өмір тәжірибесінде тиімді қолдануға құлшыныс пайда болады
Көптеген этностық құрам өкілдеріне еріктілік деген ұғым түсініксіз, немесе оның мәні бұрмаланып қолданылып жүргені байқалады. Семантикалық вакуум – этномәдени кеңістігінде өзін жайлы, рахатты сезімге бөлей алатындай қалыпты құра білу үдерісі. Оның бір айғағы – айтып отырған өнер педагогикасының кез-келген жанрын бүгінгі, ХХІ ғасырдың қазақ халқының өкілдеріне тыңдатсақ, семантикалық вакуум өз міндетін атқара алмасына көзіміз жетеді. Мұның өзі адамның керекті жерінде, оның жаны өнер көздерінен, ғылым тетіктерінен қажетті қуат алуларына тікелей бағынысты. Міне, осы тепе-теңдік заңдылығының бұзылуынан адам, бүкіл бір халық өнер мектебінен құр қалып, өршіл, өмірсүйгіштік қабілет орнықтырудың орнына, өмір сүргісі келмейтін күй кешеді. Әуез, музыка, сөз құдіреті адам жанына дауа болып, оның ғарышпен байланыс жасауына, өзінің өмірде Бақыт құсын табуына, маңызды рөлін белгілеуге көп көмегін тигізеді. Бұл - еңбектеген баладан қартайған қарияға дейінгі субъектілердің қажетті рухани нәрі.
Б.И.Қарақұлов, ән әлемінің симметриялық жүйесін, В.Т.Мещеряков үйлесім және үйлесімділікпен даму, мифология мен онтология қатысы жайлы, В.И.Вернадский ғылыми пайым планетарлы құбылысқа тең, Б.Д.Кокумбаева тұрмыстық-салт және қазақ халқының лирикалық өлеңдерінің арасындағы байланыс, қоғамдағы сал-серілердің атқаратын рөлінің қызметі, сал-серілердің ритуальды-магиялық қызметі секілді ғылыми еңбектерде жалпы музыка өнері туралы соны тұжырымдар мен түйіндер түйген. Бірақ, сал-серілердің өнер мектебі туралы арнаулы зерттеу еңбектердің, түбегейлі ғылыми ізденістегі зерделі жұмыстардың сирек кездесетіні, тіпті кездескен жағдайда оның тек бір екі орайлы ой, айшықтарымен аяқталып отыратыны байқалды. Мұнымен бірге Мұқан Төлебаевтың да музыка әлеміне қосқан үлесін зерттеген ғалым Ж.Ә.Төлебаеваның еңбегін атап өту орынды болмақ. Ғалым М.Төлебаевтың өнер туралы дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайларды атап өтеді. Өнертанушы тұлғаның педагогикалық және шығармашылық жолын айқындап, оған сипаттама береді. Сөйтіп, М.Төлебаевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының басты шарттарына тоқталады.
Ж.Таубальдиева музыка арқылы оқушылардың ізгілікті дүниетанымын қалыптастыруды айқындап берген. Бұл еңбекте де «Әбу Насыр әл-Фараби өнер кеңістігі жайлы әдіснама мен әдістеме ілімдерінің тығыз байланыста екендігі анықталған. Ғаламдағы екінші Ұстаздың ғылыми кредосы болмыстың бастамасына сай келу қағидасының басымдық мәні ашылған. Әл-Фараби ілімінің теориялық білімінің негізгі қоры - өмірде бар заттар мен құбылыстар, білімпаз олардың «қалай және қайдан шыққанын» білуден бастау керек деп атауы. Өнер мектебінде ойлау, өзінің түсінігін тексеру, әуенді сазды зерттеу, оның мағынасын ұғу секілді ұғымдар тіректік рөл атқаратынына да тоқталған. Зерттеуші аталған музыка өнеріндегі ғылыми негіздің бүгінгі өнер мектебіне де жат еместігін баса айтып өтеді. Оны төмендегі түзіліммен көрсетеді:
- Халықтың музыкалық практикасынан туындайтын ұстанымдар. Бұл ұстанымдарды индукция әдісін қолданып шығаруға болады. Олардан қорытынды салдарлар шығарылуы үшін дедукцияның қажеттілігі ескеріледі. Қазақша ұғымға түсірсек, индукция – жалқылау, дедукция – жалпылау. Жырлардың композициялық құрылым-жүйесін жеке-жеке түсініп, оны тұтастыққа алсақ, Ж.Таубальдиеваның айтып отырған тұжырымы пайда болады.
- Өнердің халыққа қажеттілігі және оның адам жанына дауасының дәрежесі;
- Әл-Фарабидің ұсынысындағы екі форманы негізгі нысанаға алу:
1. Зерек шәкірттерге сараланып алынған музыка;
2. Орта оқушыларға арналған репродукциялық білім теориясының нысандары көрнектілік, техникалық жабдықтар.
Сөйтіп, Ж.Таубальдиева музыкалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін ескеріп, қалыптастырудың құрылымына төмендегідей құралдардың жиынтығын ұсынады:
1. Эмоционалдық-мотивациялық;
2. Мазмұндық;
3. Мінез-құлықтық.
Аталған музыкалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін ескеріп, оқушы бойындағы өнерді дамыта отырып қалыптастырар құрылымдардың 3 түрлі құралдарына өзінше сипаттама береді:
1. Эмоционалды-мотивациялық құрам-музыкалы педагогикалық іс-әрекеттердің маңызды құбылыстарын түсіну, тану, ұғыну, ынта-ықылас қою. Музыкалық білім алу арқылы ізгілікті көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру. Оған қолайлы жағдай жағымды өнер өрісінің таралымын туғызу. Мазмұндық құрам – қойған мақсат - оқушыларды музыка арқылы танымдақ музыкалық әрекет қабілетіне дамыта отырып, музыкалық теорияның және оның практикалық жағынан ұғынып түсінуге, талғам сезімдерін арттыра отырып, әдістемелік бағыт алады. Сезімталдық, жауаптылық, адалдық, қамқорлық, ой елегінен өткізушілік, шығармашылық, сараптамалық ой көздерін, сезімдерін арттыру. Мінез-құлықтың құралы – музыка сабағында вокальдік, хормен ән айту, тыңдау, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілеттілігін дамыту. Жеке тұлғаның музыка арқылы іс-әрекеттегі белсенділігін көтеру. Сөйтіп, Ж.Таубальдиева «Оқушылардың музыка арқылы гумандық қасиетін қалыптастырудың құрылымдық моделін» ұсынады.
Ж.Таубальдиеваның «Оқушылардың музыка арқылы гумандық қасиетін қалыптастырудың құрылымдық моделі»:



Құрамдары

Өлшемдері

Көрсеткіштері



Эмоционалдық-мотивациялық

Әнді сезіммен шын күйінде қабылдау, сөзбен әуен үйлесімі арқылы әдемілікті тану. Шығарманы тарихи-әлеуметтік өмірмен өнер байланысына көз жеткізе отырып ізгілікке баулу

Музыка арқылы табиғат, өсімдік әлемімен, жан-жануарлар дүниесімен, музыкалық шығармаларға, музыка арқылы айналадағы адамдармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсу

Мазмұндық

Әннің көркемдік ерекшелігін, музыкалық құрылымын аша білу, пән құрылымын оймен тани білу

Музыка арқылы табиғат көрінісі, құбылыс маңыздылығы мен ерекшеліктері ұғылып, орта тану, есту, эмоционалдық сезімге бөлену, экологиялық танымның жағымды тұстарын сезіну. Өнер арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға жетілу.

Мінез-құлықтық

Әнді есте сақтауға, қайта тыңдауға белсенділік көрсету. Әдептілікке, ұстамдылыққа, мейірімділіке, құлшыныстылыққа бағдарлау

Өзінің халықтық музыкасын құрметтеу, гумандық, патриоттық қасиетті дарыту

Қорыта келгенде, сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің тарихы ежелгі дәуірден басталған. Өкінішке орай, ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бұл мәселенің сабақтастығы көрсетілмегені жайлы белгілі бір түйін жасау қиын. Сал-серілер арқылы тәрбие беру амалын жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орнын ел-жұрт, орта ауыстырып отырған. Сал-серілердің табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, табиғаттың бір бөлігі ретінде өздерін сезінуі онтологиялық деңгейге жеткізген.


Сол секілді қоршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты тұрғыда ән шығару, күй арнау, қойылымдар құру және т.б. амалдар арқылы танымдық тағылымдар түйінделіп отырған. Бұндай іс-әрекет сал-серілерді гносеологиялық деңгейге бағдарлаған.
Өзінің өнеріне ортадағы болып жатқан құндылықтардан қуат алуы және жамандықтан бойларын сақтауы сияқты амалдар сал-серілердің аксиологиялық деңгейге ұмтылуына қолайлы жағдай туғызған.
Көріп отырғанымыздай, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің теориялық негізіне қатысты біздер тарихшы-философтардың және өнертану ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап өттік. Талдау барысында байқағанымыз, сал-серілік дәстүр жайлы оның этномәдени тәрбие берудегі тарихы туралы уәжді, ғылыми тұжырымды кездестіру қиын. Сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің тарихына көз жүгіртсек, біздер бұл материалдардан кезеңге бөлгендікті немесе оның ғылыми негізін жасаған құрылымды даяр күйінде қолданылмағаны анық екендігін пайымдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет