Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Жоғары сынып оқушыларына сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудіңтәжірибедегі қолданымы



бет17/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
b226

2.3 Жоғары сынып оқушыларына сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудіңтәжірибедегі қолданымы

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруде сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар оқушылардың мемлекеттік стандарт шегіндегі біліктілігін арттыруға көмегін тигізетіні бірнеше рет айтылып өтті. Бұл бағытта оқушылардың инсценировкаға қатысуы сол нысанның түпнұсқасымен танылуына, оның мәні мен мағынасын пайымдауына бірден-бір жол болып есептеледі. Біздер даяр инсценировка жоқ болғандықтан, «Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны» атты сахнаға лайықты қойылымның мәтіні сұрыпталды.


М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Біржанның Абай еліне келіп, жастармен салдық құру сәті көркем сөз құдіретімен суреттеледі. Бұл көрініс оқушылардың эпопея үзіндісін қайта естеріне алуына және ондағы қазақ халық педагогикасындағы салдық дәстүрдің этномәдени болмысын, табиғатын нұсқалы тұрғыда түйсінуіне, көз алдарына елестетуіне мүмкіндік береді (қараңыз қосымша Б). Сал-серілік дәстүр өнердің екі түрлі екенін оқушылар аталған қойылым мен эпопея мәтінмен ажыратуға жол ашылады. Эпопея мәтініндегі салдық құруды оқушылардың аңғаруы үшін іздендіретін төмендегідей эвристикалық (поиск) сұрақтар құрылды:


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Біржан салдың Абай еліне келуі қалай берілген?


2. Бүкіл ауылды осыншама дүрліктірген қандай құбылыс?
3. Ән-думанға елдің құмарлығын қандай жағдайлар арқылы дәлелдей аласыз?
4. Сал-серілерге ауыл қандай қошемет, құрмет көрсетеді?
5. М.Әуезов Біржан Қожағұлұлын тек «сал» дей ме?
6. Біржан салдың киім киісі қандай дәрежеде болып келеді?
7. Абай Біржанға қандай ілтипат көрсетеді?
8. Сал-серілік өнерді М.Әуезовше сипаттау бүгінгі зерделеумен үндесе ме?
9. Өнердің ізгілік нұрын себетін жерді М.Әуезов қалай бейнелеген?
10. Сал-серілік өнерді сипаттау барысындағы М.Әуезовтің ұлттық нақышты өрнектеуі қандай дәрежеде берілген?
11. Біржан салдың өнерін Абай қалай бағалайды?
12. Елге сал-серілердің қуаныш әкелер сәтін Абайдың бағасымен М.Әуезов қалай суреттеген?
13. Өнер өлшемінің қазақ сахарасында болуының себебі неде?
14. Эпопеядағы «саналы көңілдің бір шемені еді» дегенді қалай түсінесіз?
15. Біржан сал Абай елінде неге екі айдай болды?
16. Біржан салдың «Жанбота» өлеңіне қатысты Абайдың жұбату сөзінен нені аңғарасыз?
17. Біржан салдың ауыл адамдарына өнер нұрын себуін қандай көріністен байқайсыз?
18. Әмірдің Біржан салдан «Жиырма бес» өлеңін үйренгенін М.Әуезов қалай суреттеген?
19. Адам жанына орай шыққан өлеңдерге Біржан салдың да қатысы барлығын М.Әуезов қандай құбылыспен келтірген?
20. Жас қыздар мен әйелдердің Біржан салдан мағыналы баға алғандағы ішкі сүйіспеншіліктің қуат берерлік қарымын қалай сипаттар едіңіз?
21. «Сыпайы сыйластық ажарлары, өнерлі жастар мәжілісі реңдене түскендей» - деген сөз тіркесінен сал-серілік өнердің тәлімдік қуатын қалай бағалайсыз?
22. Біржан салдың өнерінен білім жиған Әмірдің, Үмітейдің, Сүгірдің, Керімбала мен Әлімқожаның қонағы болуының себебі неде?
23. Аталған жастардың ішінде Біржан салдың қандай өлеңдерін орындайды?
Аталған зерттеу сұрақтарына жауап хрестоматия сапасында қосымша №Б ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет