Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет19/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
b226

ҚОРЫТЫНДЫ

Әлемдік білім кеңістігіне ілесу ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды меңгеру тұрғысында іске асады. Білім беру үдерісін тәрбиелеуді өркендету ұлттық нақышты ғаламдық кеңістікке ұштастыруды басымдықта ұстауын көздейді. Болашақ ұрпақтың әрқайсысының интеллектуалдық, парасаттылық және бағамдық-мәдени қоры білім жию мүмкіндігіне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды. Блімнің даму тарихының мазмұны ұлттық өнер кеңістігінде сараланады.


Өткен тарихты зерттеп саралау, оның замана тауқыметіне қасқая төтеп берген, сал-серілік өнер арқылы ел-жұртты тәлімділікке тарту іс-әрекетіндегі сұрыпталған тәжірибені ұрпақ тәрбиесіне қолдана білу ұлттық сипатты жоғалтпауға, керісінше, оған мән беруге, жаңғыртуға мүмкіндік жасайды. Сал-серілік өнерден тәлім алу арқылы жас ұрпақтың өркениетке ынталануы артар еді. Өкінішке орай, тарихи құбылыстар мен оқиғаларды ақиқатты түрде зерттеуге сол кездегі кеңестік мемлекеттің идеологиялық саясатының салқыны көлеңкелі пікірлер туғызды. Соның салдарынан сал-серілік өнер жайлы арнаулы еңбектің жоқтың қасы болуы да аталған ойымызды нақтылай түспек. Сол себепті біздер тарихи зерттеуімізді ұлттық мүдденің жалпыадамзаттық құндылықтарға сабақтасуы тұрғысынан зерделеуге бағдар жасадық. Адам факторын педагогика кеңістігінде зерттесек, алдымен оның ұлттық сипаты дамымай, басқа халықтың нақышын бірден қабылдай алмайды. Оны біздер Ж.Аймауытовтың «соқыр сезімдері» мен «саңылау сезімдері», «танымдық ой-өрісі», «ілтипаты» және «ассоциация» секілді таным тағылымын дамытарлық ұғымдармен қарастыруды жөн көрдік.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында, білім мазмұнында (мектеп шегінде) жіті қамтылмаған. Ақан сері, Біржан сал және т.б. шығармашылығы ақындық өнермен оқытылып келеді. Сал-серіліктің оқушыларға өршіл оптимистік, өмір сүруге құмарлық, жақсы да ізгі істерге, сұлулыққа қарымы ескерілмегені зерттеу барысында айқындалды.
Бүгінгі нарықтық қоғамда әр адамның басына түскен тұрмыстық тауқыметтер өнер кеңістігіне кіруге, одан тұшымды тәлім алуларына әжептәуір кедергі екені белгілі. Өткен ғасырларда да адамдардың «белбеуі бос» болмағаны сараланды. Тек ол ғасырлар мен бүгінгі кезеңдегі тұрмыстық тауқыметтер әртүрлі мазмұнда болып келеді. Ал сал-серілік өнер халқымыздың барша күйкі, пендешілік тіршілігінің бұғауынан бір сәт болсын өзін ажыратып, көңіл-күйге рухани медеу, сүйеніш әкелер жоғары әуезді, пафосты жырлар әкелгені еңбегімізде анықталды.
Салдық құру өнері спорт, цирк өнеріне ұқсастығы зерттеу барысында байқалды.
Көне дәуірде сал-сері деген ақындық дәстүрге айтылмыш тарихи деректер болмағанымен, өнердің бұл түрінің тамыры сонау тұрмыс-салт жырларының бір құрамды бөлігі екендігі, оның және өнер тармағына бертін бөлініп шыққаны бағамдалды.
Мектептің бағдарламасы бұл нысанды қамтымағандықтан, жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі біліктілігін кешегі мәдени құндылықтар негізінде дамытуды іске асыру қарастырылды.
«Адам», «табиғат», «қоғам» арасындағы диалектикалық тұтастық сал-серілердің еңбектерінен байқалды. Бұл өнердің басымдығы – адам баласы рухының ізгілікті бағдарда болуы, табиғаттағы сұлулыққа сүйсіне де өзіне одан рахат табуы екені байқалды.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру іс-әрекеті басқа зерттеу еңбектеріндегідей белгілі бір тәлім мен білімді кіріктіріп іске асыру амалы сонау ежелгі дәуірден бері бүгінгіге дейін сабақтастықта келгені аңғарылды.
Көпшілік қауым Тәттімбетті күйші ретінде қабылдаса, Ахмет Жұбановтың зерттеуі бойынша Омбы генерал-губернаторының Тәттімбетті бүгінгі ұғымда циркке тән қойылым деп баға бергені анықталды. Тәттімбеттің «Бозжорғасы» орындалғанда, Бозжорға билей жөнелетіні де зерделенді. Тәттімбеттің серілігінің алғаш рет танылғанын Ахмет Жұбанов атап өтеді. Нәтижесінде серіліктің, салдық өнердің ресми мектебі болмағанымен, олардың пір тұтқан ұстаздарының біліктілігі мен тәлімін дарытуға мол мүмкіндіктің бар болғаны дәлелденді.
Сал мен серілердің бір-бірінен айырмашылығы айқындалып, бұрынғы берілген анықтамаларды келтіре отырып, оған ғылыми нұсқалы көзқарас білдірдік.
Өнер мектебінің философиялық тарихын зерттеген бірқатар ғалымдардың тұжырымдары негізге алынып, зерттеу еңбегіміздің субстанциясына көмегін тигізгенін атап өткен орынды.
Үш деңгейлікке жіктеп, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың негізі ретінде алдық. «Онтология» болмыс туралы ілім екені белгілі. Бірақ біздің зерттеуімізде сал-серілер өнерінің әуездік сарыны адамның әлемтану қабілетін жетілдіруге бағытталғандықтан «онтологиялық деңгей» ретінде алынды. Бұл ұғымды біздер халықтың өмір сүруінің тіршілігі, тұрмысы әлеммен біртұтас құбылыста келуінің көрінісі сапасында қолдандық. Аталып өткен ұғымның кілтін ғалым С.Аязбекова «ұлттық код» сыңайында зерделеп, оның әуез арқылы сыртқы ортаға белгілі болатынына және оны сол ұлттың өкілі жіті танитын, түсінетіні жайлы ұтымды пікір, тұжырым жасағаны талданды.
Екінші деңгейге біздер С.Аязбекованың «гносеологиялық» ұғымын педагогика ғылымына бейімдеп қолдандық. Әлемді тану, оның заңдылықтарымен есептесу, табиғат сұлулығын аялау, оның сұлулығын өлең-жыр арқылы ел-жұртқа паш етіп жариялау іс-әрекеті сараланды.
Бұл деңгейге білім мазмұны және тарихи желінің түпнұсқасы ретінде ауыз әдебиетінің барлық жанрлары мен фольклор нысаны жататыны біздерден кейінгі зерттеушілердің ынтасын, құлшынысын оятар деген сенім тудырды.
Үшінші деңгейге аксиологиялық ұғымын алуды дұрыс деп есептедік. Бұл деңгейге жетілген адам әр адамның, жалпы бір этностың мәдени-әлеуметтік орта құрып, өздеріне тән әлем, рухани құндылық жасап алатыны зерделенді.
Халық санасынан өшіп бара жатқан салдық дәстүрдің ел есінде бұрыннан бекіп қалған дағды А.Жұбанов еңбегінен түзілді.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің дағдарысты жағдайлардың басты себептері айқындалды.
Қазақстан Республикасының жаңа ұстанымына орай және әлеуметтік-мәдени хал-ахуалында, қазіргі жағдайында педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінде дамып келе жатқан жетістіктерді, өнімді табыстарды есепке алу, оның үстіне эстетикалық талғамды жоғары дәрежеде дамыту мақсатында бұрынғы өткен замандардан бергі бүгінгіге дейінгі сал-серілік өнер арқылы тәрбиелеу мен білімдендірудің тұжырымдамасы даярланды.
Жүргізілген зерттеу жұмысы негізінде төмендегі қорытындылар жасалынды:
1. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орнын ел-жұрт, орта дала сахынасы ауыстырып отырғаны анықталды.
Сал-серілердің табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, әрбір өнер иесі өзін табиғаттың бір бөлшегімін деп қарауы байқалды. Бұдан сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалының табиғат пен адам арасындағы тұтастық қағиданың ізгілікті жолын онтологиялық деңгейге жеткені сараланды.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалы адамның қоршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты тұрғыда қарауына, өзін жағымды істерге бейімдеуіне танымдық тағылым жасауына, гносеологиялық деңгейге ұмтылуына қолайлы жағдай туғызатыны бернеленді.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалы әрбір адамның ежелгі және бүгінгі құндылықтардан қуат алуына мүмкіндік жасайтыны сұрыпталды, оның ғылыми негізі жасалды.
2. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің дағдарысы кеңестік дәуір екені байқалды. Сал-серілік өнер арқылы халықтың түсінігін ояту, білім мен тәрбие беру ел ішінде ежелден таныс болғанымен, оның даму тарихы бірде жоғары, бірде төмен түсіп отырғаны аңғарылды. Дағдарыс ХІХ ғасырдың орта шенінен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңді қамтитыны дәйектелді. Қазіргі кезде сал-серілік өнер жайлы оның айтылуы туралы зерттелімдер бірлі-жарым болса да кездесетіні зерделенді.
3. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісі оқушылардың сыныптан тыс оқылатын арнаулы курсын өткізуге ғылыми негіздеме болатыны бағамдалды. Оқушылардың сал-серілік өнер арқылы білімге құмарлығын оятуға, ежелгі, орта, бүгінгі кезеңдердегі сал-серілік өнерінің тағылымдық мүмкіндігі айқындалды. Адамның өзін-өзі тануына, рухани құндылықтарға бағдарлануына, іс-әрекет амалын орталықтандыруына, өзінің білім жию ерекшелігін ескеруіне қолайлы жағдай туғызылатыны білім мазмұнына қатысты тұжырымдама құрылды.
4. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың тұжырымдамасы оқу және мәдениет саласын гуманистік бағыттағы адамды тәрбиелеуге жұмылдыруға бағдарлайтын оқу құралы ұсынылды.
Тұжырымдаманың барлық мектептер үшін мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтар мен Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын басшылыққа алуы қарастырылды.
5.1 «Біржантану» арнаулы курсы оқушылардың сал-серілік өнер арқылы эстетикалық тұшым алуына мүмкіндік берді және сол кездердегі сал-серілердің сән-салтанатты өмірінен рухани құндылықтар жинауына, мәдени деңгейінің жоғарылауына қолайлы жағдай жасалды.
5.2 Ақан серінің өнер жолының ғибратынан хабар алу мақсатында Ақан сері туралы оқушылардың көзқарасын айшықтайтын сахналық көрініс-қойылым құрылды. Оқушылар бұл қойылымда Ақан серінің барлық игі істері, өнеріндегі халқына сіңірген ізгілікті ұсыныстары оқушылардың тарапынан, сахна төрінен айтылуы бүгінгі амалмен оқыту тұрғысында жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет