Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзін өзі тексерудің сұрақтары



бет15/21
Дата19.02.2023
өлшемі298 Kb.
#469782
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
орман кустар биологиясы

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:
1 Құстардың постэмбрионды және эмбрионды дамуы..
2 Құстардың бейімделуі мен миграциясы.
3 Географиялық таралуы.
Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.


Тақырып; 27 Аңдардың өмір сүру циклі.
Сұрақтар; Көбеюі. Аңдардың қоректенуі.
Аңдардың тіршілік етуі.
Көбеюі. Сүт қоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері
1) іште үрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрдерінен), 3) оларды сақтау үшін арнаулы үя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, кеп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің .ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт коректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінпп басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді. Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт қоректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа белуге болады.
1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратыпдар мысалы, үйректұмсыктар.
2. Ұрықтанған жүмыртқа туатын кезінде аналығының қүрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы калтада жүмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөліп сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бүл ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардық баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған ете әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының қүрсағында пайда болагын калгаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашырат-қан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мүндай тәсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды. Жануарлардың бүл группаларының көбеюінде айырмашылық болумен қатар, жүмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жұмыртқа туатындарының жүмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты кабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.Қалталылардың жүмыртқасы үсақ (0,2—0,4 мм), ал плаценталылардікі оданда үсақ (0,05—0,2 мм) болады.
Сүт қоректілердің буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласьшың жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бүл бала туатын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жэсаған үяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бүлар баласын аз уақыт кетереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан 11—13 күн, үй тышқандары 18—24 күн, сұр дала тышқаны 16—23 күн, ірі ондатралар 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.
Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу уақыты үзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қо-ректілердің буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бүғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.
Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардын, жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мелшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кеші-рек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз түмсықтарда 12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасым да жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасі толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардыі түрлері. Әсіресе тез ержететіндер—кемірушілер және қоянтәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлык кезінде күшіктей бш тайды. Тіпті тез ержететін үсақ тышқан тәрізді кеміргіштер үй тышқандары 2—5 айлығында, дала және орман тышкандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейеді.
Сүт қоректілердің баласының дене мелшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бірақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылы дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағаны мен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер -I 18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен коян тәрізділер өсімтал келеді. Қо яндар бір жылда 2—3 рет кебейіп, әрбір көжектегенде 3—12-дси көжек туады. Тиіндер жылына 2—3 рет балалап, әрбір балал;і ғанда 2—10-ға дейін, тышкандар жылына 3—7 рет балалап, әр бір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүт қоректілердің өмірінің ұзақтығыші және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалш.і ереже бойынша үзақ жа-сайтындар ете баяу көбейеді. Мысалы пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышкан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға дейін өмі|> сүреді. Тіршілік жағдайының езгеруіне байланысты көбею жылдам дығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түр лерден айқын байқалады. Мысалы, ауа райы жақсы, тамақтмі. зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, әрбір бал.ч лағанда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашы лары ашығып, арыктап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын үрғашыларының саны азаяды, сөйтім жылдамдығы күрт төмендеп кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық андарда да кездеседі.
Сүт қоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп қүрайды. Мүндай жануарларға касқырлар, түлкілер мен қүндыздар жатады. Ал, маймыл дардың. жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларын өсіруге үрғашысы да, еркегі де қатысады. Кейбір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жүп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.
Полигамдарға бұғылар, есектер, жылкылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады. Сүт қоректілердін, бұл түрл-рі, яғни жылқылар, бүғылар, есектер бірнеше ұрғашыларының басын қосып, «үйір» құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін үрғашылары болады. Қүлакты тюленьдердің еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін үрғашыларын жиып, үйір қүрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірақ, бүлар «үйір» қүршайды.Сүт қоректілердін, әрбір түрінің шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер кыстың аяқ ше-нінде, күзендер мен қояндар көктемніқ басында, бүлғындар, су-сарлар жаздын, ортасында, ал түяқтылардын, кепшілігі .күзде шағылысады. Әрбір түрдін, өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудын, нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүт қоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, касқырлардын, буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бүлғындардікі 230—280 күндей болады. Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық қүбылыс, олардың организмінщ күйі, өзін қоршаған ортамен қарымқатынасы маусымдық завдылыкқа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бүлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан түрады. Осыған сәйкес тіршіліктін, жылдық циклінщ өте қарапайым схемасын үсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет