Өзін өзі тексерудің сұрақтары:
1 Құстардың систематикасы.
2 Құстардың биологиясы.
3 Құстар класы.Құстардың ұшуға бейімделген амниот ретіндегі құрылысына
шолу.
Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
Тақырып.26 Құстар: пингвиндер, түйеқұс тәрізділер, қырлы төсті құстардың жүйесі, экологиясы, салыстырмалы морфологиясы, дамуы және филогениясы. Қүстардың тәжірибелік маңызы. Қырлы төсті құстардың жүйесі, салыстырмалы морфологиясы.
Дамуы мен филогениясы,экологиясы.
Қүстардың тәжірибелік маңызы
Бүған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған.
Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда ете жақсы жүзетін және сүңги алатын қүстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы белімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердін, кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жүмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. ¥зак уақыт ұяларында болады.
Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Ба-ыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Қүрлықта жүргенде тікесінен тік түрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімеи жартасқа, немесе мүзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шүңқырлаи үя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде аяғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска-лармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер тіршілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері деп аталатын, денесінің үзындығы 90 см(110 см-тедейін) ал салмағы 45 кгболатын ірі пингвиндер де кездеседі. Пингвиндердің айта қаларлықтай кәсіптік мадызы жоқ.
Қырлы төсті құстар
Ұшатын қүстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Иық белдеуінің қүрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде қалыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бірігіп кеткен. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Осы мезгілге дейін, бүл отряд үстінің систематикасы бір женге келмеген. Сондықтан көптеген авторлар бүл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі.
Гагар тәрізділер
Бүл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су қүстары жатады. Аяқтары артына қарай созылынқы біткен, сондықтан да жер бетінде, тік түрғанда денесі алдына қарай иіліп түрады. Олардың табан еүйектері екі бүйірінен қысыльщқы келеді де, алдыңғы үш саусағының арасында жарғағы болады. Мойны үзын, ал түмсығы біршама үзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір болады. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан үшады. Қүйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.
Гагар түқымдасына алдьңғы үш саусағы түтасып жарғақпен жалғасқан, ірі қүстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды. Бұлардың негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Бүлар суда жақсы сүңгіп, су астында бірнеше минут бола алады. Еркегі мен үрғашысының түсі бірдей, айырмасы болмайды. Бүлардың бізде бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаражемсаулы гагар көбірек кездеседі. Қаражемсаулы гагар қаздан кішірек қүс, үяларын үлкен көлдерге салады, ол негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады.