Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


-30 тақырып: Фаунының биологиялык толтырылуы



бет17/21
Дата19.02.2023
өлшемі298 Kb.
#469782
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
орман кустар биологиясы

29-30 тақырып: Фаунының биологиялык толтырылуы

Колесникованың зерттеуі бойынша Орта Азияда мекендейтін қызыл құйрық қосаяқ дәнді дақыл немесе мақта егісін мекендеп, егіннің түсім ділігін 10 процентке дейін тәмендетеді. Күзде оның інінен 12-ға дейін астық қоры табылған. Осы сияқты шаруашылыкі > сокырлар да, қосаяқтар да, сусарлар да үлкен зиян келтірпи Бау-бақша өсімдіктеріне көбінесе карақас өте зияндм Ол жемісті түгел жемегенімен тістеп бүлдіреді. Қарақастардыи жүзім жемісінің 30 проценттейін жойып жіберген кездері болған. Олар отырғызған ағаштарды да зияндайтыны белгілі, мысалы, тышқандар далалы жерге еккен ағаштың 50 процентке дейін тұқымын ініне тасып құртқанын байқаған.


Кемірушілер шабындық.пен жайылымға да үлкен зиянын тигізеді. А. Н. Формозовтын, мәліметі бойынша, кейбір жыл-дары Дағыстанның тау етегіндегі аудандарында үй тышқандары өте көбейіп кетіп, олардын, 1 га жердегі саны 1000-ға дейін жет-кен, яғнй бүлар майдан сентябрьге дейінгі аралықта бір гектар шабындықтың 10—30 центнерге дейін өсімдігін жеп, қүртады. А. Г. Вороновтың байқауы бойынша Ақтөбе облысында дала теңбіл тышкандары бір жаздың ішінде барлық шөптің 50 про-центін жойып жібереді.
Соқырлар, цокорлар, саршүнақтар және жалпақ тісті тышқандар жерді қазып үңгірлеп, жерден жасалған, құрылысты, каналды, жолды істен шығарады. Жер бетіне топырақ үйіп, шөп шабатын машиналарға кедергі келтіреді. Ін қазып, топырақты қопсыту арқылы арам шөптердің таралуына себепші болады.
Жыртқыштардын, ішінде зияндылары көп емес. Адамға пай-далы жануарларды жеп, ауыл шаруашылығына көбірек зиянын тигізетін қасқырлар. Бүлар әсіресе қой шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, өйткені жеген малдарының 55 проценті қой, 20 проценті сиыр, 15 проценті жылқы, ал 10 проценті басқа жануар-лар болады. Қасқьірлар тундра жақта кебінесе бұғылармен коректенеді, жеген азығыныц 50—60 проценті бүғынын, еті. Соны-мен қатар бұлар кәсіптік маңызы бар жабайы аңдарды да (бұғылар, киіктер, жабайы қояндар, ешкілер, шошқалар) жеп аз-айтады. Америкада қасқырлардың жылма-жыл келтіретін зияны 25 млн долларға жеткси. Қасқыр құтыру сияқты жұқпалы ауы-рудық табиғаттағы таралу ошағы болып саналады. Сондықтан оларды қүрту жөніндс қазіргі кезде кептеген шаралар қолданылады.
Жыртқыш аңдардыц басқа түрлерін зиянды емес деуге бо-лады. Кейбір жерлерде жабайы мысыктар мен шиебөрілер, түлкілер және үсақ күзендер қүстарды жеп, күс өсіретін ша-руашылыққа зиянын тигізеді. Бірак, бұл андар ауыл шаруашы-лығына зиян келтіретім кеміргіштерді қүртып, пайда да келті-реді. Қавказдың орман мысығының жеген азығының қүрамын зерттегенде, оның 94 проценті тышқан тәрізділер болып, ал 8 проценттейі-ақ қүстар болып шыккан. Түлкінің қиын, қарнындағы тамақты тексергенде тышкан тәрізділер 60—100%, кстың қалдығы 8—35% болған.
Сүт қоректілердің жүкпалы ауру тарататын түрлері де бар. Бұларға саршүнақтар, қосаяқтар, үй тышкандары т. б. жатады. Олар жүқпалы ауруларды бойына сақтаушы, әрі таратушылар болып есептеледі. Жүқпалы аурудын. коздырғыш бактериялары адамға да және жануарларға да бірдей жүғады. Мүндай ауруларды — антропозооноз деп атайды. Антропозооноз аурулары на — сүзек, шешек, оба, қарасан, туляремия т. б. жұкпалы аурулар жатады.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін және жұқпалы ауру тарататын кемірушілерді құрту үшін бізде казір көптеген шаралар белгіленген. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін оларді.ін жыл сайын санының өзгеруін біліп отыру, табиғи жағдайда адам мекендерінде орналасу ерекшеліктерін білу керек. Табиғи жағдайында кемірушілердің саны өте азайып кеткен жылдары оларға қарсы қолданған шараның тиімді болатынын ескеру керек. Өйткені қиыншылық жылдары олар шағын жерге жинали ды, сол жерде оларды жойып жіберуге жеңіл болады.
Қазіргі кезде зиянды кемірушілермен күресудің үш түрлі әді сі бар: биологиялық, механикалық және химиялық. Биологиялық әдіс — кемірушілермен қоректенетін сүт коректілерді және жыртқыш қүстарды қорғауға негізделген. Мысалы кейбір аудандарда жұқпалы аурулар болғандықтан бағалы тері лі түлкі, күзен сияқты аңдарды аулауға тыйым салынған. Зиии кестерге қарсы күрестің бұл әдісі оларды мүлде жойып жібер мегенмен санының азаюына себепші болады. Елді мекендері кемірушілерге, адамға және малға зияны жоқ бактерияларды мысалы Исаченко бактериясын жүктырып, кырып жі береді.
Механикалық әдіс кемірушілерді әр түрлі кұралмен ұстауға негізделген. Саршұнақтар мен аламандарды інінің аузына темірден жасалған № 0 және № 1 доға тәрізді қақпандарды қүрып ұстайды. Кейде оларды ініне су қүйып та өлтіреді. Бір.м мүндай әдіс көктемде кар суы бар кезде ғана қолданылады.
Химиялық әдіс жануарларды газ тәрізді улармен не месе азыкка араластырып берген улармен үлатып, өлтіруге не гізделген. Оларды уландырып өлтіру үшін 1000 см3 қүмға 250 хлорпикрин қосып немесе мақтаға сіңіріп ініне тастап Қояды Мақтаның бір уысына 3 г у сіңіреді, уды індеріне енгізіп тасти ғаннан кейін, оның аузын топырақпен жауып кетеді. Уландыру үшін цианплавта қолданылады.
Кеміргіштермен күресуде кейінгі кезде кеңінен колданылыи жүрген тәсілдердің бірі — алданыш тамақтарды: уландырған бидайды, сүлыны, қара бидайды індерінің маңайына және жүретін жерлеріне шашып тастау. Алдандыратын дәндерді уландырл тын затесебінде мырыш фосфидін жәнебарий фтороцетатын пайдаланады. Бір гектар жерге 200—300 г бидайдың уландырған іәнін қолмен сепкенде тышкандардьщ 70—80 проценті қырылып салады. Бау-бақшаға зиян келтіретін кемірушілерді қыру үшін це осы әдісті қолдануға болады. Суда ерімейтін порошок тәрізді уларды індёріне шандатып шашьш жіберу арқылы да оларды қыруға болатын жаңа тәсілді де қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет