Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзін өзі тексерудің сұрақтары



бет3/21
Дата19.02.2023
өлшемі298 Kb.
#469782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
орман кустар биологиясы

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:
1 Организмнің негізгі қасиеттері, міндеттері.
2 Адаптация табиғи сұрыпталуының нәтижесі..
3 Құрылым заңдылықтары.
Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

  1. тақырып. Насеком жемділердің биологиясы

  1. Насеком жемділердің сипаттамасы.

  2. Насеком жемділердің биоилгиясы.

  3. Насеком жемділердің ерекшелігі.

Насеком жемділер бор дәуірінін, жоғарғы қабатынан белгілі. Ми сауыты кішірек, тістері нашар жіктелген. Шошақ тісінін, өзіндік формасы болумен катар ірі болады. Ми сыңарлары кіші, иректері болмайды. Түмсығы сүйір, қозғалғыш еріні болады. Көпшілігінің иіс шығаратын бездері болады. Кішкене жертесер және кішкентай ақ тісті деген түрлерінін, денесінің ұзындығы 4 см, яғни бүкіл сүт қоректілердің ең. кішкенесі болып саналады. Олар Австралия мен Оң-түстік Америкадан басқа жердін, барлығына тараған жануар-лар. Насеком жемділердін. 900-ге жуық түрлері белгілі және олар жер бетінде, жердің астыңғы қабатында, суда және орман-да тіршілік етеді.
Біздің фаунамызда үш тұқымдасы: көртышқандар, кірпілер және жертесерлер кездеседі. Жертесерлер түқымдасына бойы аласа және дене үзындығы шамалы ғана болатын жануарлар жатады. Олар сырт жағынан қарағанда тышқандарға ұқсайды және көбінесе шірік шөптесін тоғайлы жерлерді мекендейді. Бүлар арнаулы ін қазбайды, кемірушілердің бос індерін немесе ағаш тамырындағы қуыстарды паналайды. Жертесерлер насекомдармен, қүрттармен, кейде үсак тышқан тәрізділермен және қылқан
жапырақты өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Бүлар зиянды насекомдарды және олардьщ личинкаларын жеп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Бізде кездесетін түрлері: кәдімгі жертесер және су жертесері кутора. Көртышқандар түқымдасы жердің астыңғы қабатында немесе суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Мысалы, көртышқан топырақтьщ жоғарғы қабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады. Қөртышқанның денесі әзінің тіршілік тәсіліне сәйкес өте жақсы бейімделген. Денесі конус тәрізді, мойыны сырт жағынан білінбейді.
Түгі қысқа, барқыт сияқты, тар іннін, ішінде ерсілі-қарсылы қозғалғанда кедергі келтірмейді. Ін қазатын органы күшті тырнағы болатын алдьңғы аяқтары. Аяғымен топырақты босатып, басымен, жонымен босаған топырақты сыртқа шығарады. Кейбір түрінің көзі сыртынан тері қатпармен жабылып түрады. Керісінше иіс және дәм сезу органдары жақсы жетілген. Сыртқы қүлақ қалқанының нұсқасы ғана болғанына қарамастан көртышқандар өте жақсы естиді. Көртышқандар жер астынан күрделі індер қазады. Олардын, барлығын бірдей ін есебінде пайдалану үшін қазбайды, көпші-лігі олардың топырақ астынан жемдерін іздеудін, нәтижесінде пайда болады. Қейде жер бетінде үйіліп жатқан кішкене-кішкене топырақты көреміз, ол көртышқандардың індерінен сыртқа шығарып тастаған топырактары. Көртышқандар жапырақты орманның қара шірікке бай то-пырақты жерлерін мекендейді. Олар насекомдардың личинкаларымен, қүрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет көбейеді. Баласының саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді.
Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды. Бұлар зиянды насекомдарды қырып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Көртышқандар бізде орманды және ағашты далалы жерде кездеседі.
Жүпар тышқан. Дон, Еділ, Жайьи өзендерінде және кейбір баяу ағатын су қоймаларын мекендт тін, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар қоректіі затын судан алады. Моллюскалармен, насекомдармен және олардың личинкаларымен, өсімдіктермен және аздап балықтар мен де қоректенеді. Көбею мерзімі май айынан ноябрьге дейін созылады, бірақ жылына бір-ақ рет көбейеді. Бірден беске дейін бала туады. Індерге үялайды. Інінің аузы судың түбіне ашылады. Жұпар тышқанды бағалы терісі үшін аулайды. Қазір бүлар ды аулауға тыйым салынып, бүрынғы болған жерлерінде жаци облыстарда қолдан өсіріп, кебейгу шаралары жүргізіліп жатыр.
Кірпілер тұқымдасы денесі инелі түк термен қапталған, қауіп тенгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далл лы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділердың ерекшелігі кірпілер қысқа қарай үзақ үйқыға кетеді. Негізінен насекомдармен, моллюскалармен, рептилилермен, кейде қүстардың жүмыртқаларымен және балапандарымен қоректенеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет