Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет2/6
Дата04.04.2023
өлшемі119 Kb.
#471719
1   2   3   4   5   6
Психология 1 лекция (1)

2 – сұрақ. Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер салып зерттеген адамның қай – қайсысы болса да өзінің күшті және осал жақтарын көре біледі, өзін - өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны үйреніп білу – адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой - әрекетін жақсы түсінуге еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымының жеке салалары да болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, бала және педагогикалық психологияны оқу – тәрбие жұмысы процесін балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол оқушыларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.
Психологияның, әсіресе, мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиологияны жөнді білмейтін дәрігердің жұмысы қандай пәрменсіз болатын болса, психологияны білмейтін мұғалімнің де оқу – тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды. Осы жайлы Украинаның аса көрнекті педагогы, психолог А.С.Макаренко (1888 – 1939ж.ж.) бізге талай рет ескерген болатын. Ғылыми – техникалық прогресс елімізде осы ғылымның ұдайы дамуына ерекше ықпал жасап келеді. Кеңес психологтары әсіресе оқу ағарту, тәлім – тәрбие мәселелерінің көптеген қырларына замана талабына сай зерттеулер жүргізді. Мәселен, төменгі сынып оқушылары оқудың жаңа жүйесіне көшіруде психологтар (Л.Б.Занков, В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин т.б.) елеулі еңбек сіңірді. Психологияның салиқалы проблемалары Мәскеу, Киев, Тбилисидегі ғылыми – зерттеу институттарында, университеттер мен пединституттардың арнаулы кафедраларында зерттеуде, осы ғылым саласындағы үздік ғылыми еңбектері үшін С.Л.Рубиншейнге 1940 жылы, Соколянский мен Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді. Елімізде психология кадрлары көптеген университеттерде даярланды. 1957 жылдан бастап психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді. Диссертациялық зерттеулер үшін психология ғылымының кандидаты, докторы деген арнайы ғылыми атақтар беріледі.
3 – сұрақ. Психологияда қолданылатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперимент, әңгімелеу әдісі, тест әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зертеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми – психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесідей:

  1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;

  2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо – физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;

  3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік – тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;

  4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс - әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет