Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет5/6
Дата04.04.2023
өлшемі119 Kb.
#471719
1   2   3   4   5   6
Психология 1 лекция (1)

5 – сұрақ. Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм принципі, сана мен іс - әрекет бірлігі принципі, даму принципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы – түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Сонымен, психикалық адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.
Психологиялық құбылыстарды себеп – салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснама және оның зерттеу әдістері ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, ол сыртқы әсерлердің себебін пайда болған құбылыс, ал оның салдары мәні тысқы іс - әрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болды. Өздік бақылау орнына объектив әдіс қолданыс тапты. Бұл әдіс психологиялық зерттеулерде

  1. Адамға әсер етуші факторды анық білуге;

  2. Осы әсерлердің сандық және сапалық сипаттамасын беруге;

  3. Тысқы жауап, әрекет – қылықтарды белгілеп қалуға;

  4. Тітіркендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық – тарихи факторлардың ықпалымен өзгертетін, яғни адамның психикалық дамуында оның адамзат мәдениеті өнімді игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға болды.
Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске асуы психика дамуы, мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал жасаушы күштер жөніндегі мәселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы детерминизм табиғатын түсіну осы мәселенің шешіміне тәуелді болды.
Психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Детерминизм – психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.
Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С.Л.Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.
Сана мен іс әрекет бірлігі принципі. Сана мен іс - әрекет жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принципті жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс - әрекет бірлігі жөнінде идеяны алға тарқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс - әрекет және сана назар аударылған обектінің екі, түрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік» - жазған.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс - әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті - сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана әрекет бірлігі принципінен келетін болашақ, шынында, психика, сана тек көріністерімен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан сапалақ сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.
Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасы негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).
Ғылыми психология дамуы жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.( Б.Ф.Ломов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет