Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет3/6
Дата04.04.2023
өлшемі119 Kb.
#471719
1   2   3   4   5   6
Психология 1 лекция (1)

Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра, зертеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан – жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика); тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс - әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: садық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдісі.
Бақылау – психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс - әрекетін, оның мінез – құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез – құлқын дұрыс түсіне білудің де маңызы зор. Мысалы, оқушының бет - әлпетіне ден қоя берудің керегі жоқ. Кейде оқушы зер салып отырған адамның кейпінде болады, ал шынында ол мұғалімнің айтып жатқанын тыңдамай отырады. Сондықтан балалардың жай күйін білу үшін, оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер сұраулар қоюды қолдану керек.
Баланың іс - әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуге үй іші жағдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына, өзіне және үлкен адамдарға қарым – қатынасының қандай екендігін біледі. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге болады.
Тәжірибе. Ғылыми – зерттеу жүргізуде эксперименттік әдісің мәні – сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Мәселен, мәтінді дұрыс түсініп, игеруге оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін, белгілі бір әңгімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытылды. Бір қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау үшін оқудың орташа қарқыны дұрыс деген қорытындыға келді.
Тәжірибенің 2 түрі болады:

  1. Зертханалық тәжірибе

  2. Табиғи тәжірибе

Арнаулы аспаптар қолданылып жасалған тәжірибе зертханалық тәжірибе деп аталады. Мәселен, тері сезгіштігін байқау үшін эстезиомерт бар.
Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медициналық қарқынды дамуымен байланысты қасындағы отырған адамның психологиялық күйін, физиологиялық қалпын біліп қана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамның да ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі – радиорефлексометр. Бұл аспап арқылы аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.
Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі табиғи тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістен бұның айырмашылығы сол табиғи тәжірибе зертханада емес, оқушының күнделікті үйреншікті ортасында өткізіледі. Бұл әдісті өзінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың психологы Лазурский (1874 – 1917ж.ж.)еді. Оқушылар өзін еркін сезінеді, көбінесе оның психикалық процестері зерттеліп жатқанын, мінез – құлқы, оның жауаптары мұқият жазылып алынып жатқанын білмейді (жабық камера, магнитофон арқылы).
Әңгімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын - ала ойлап алған жөн. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ балаларға түсінікті болуы керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады.Әңгіменің мұндай түрі зерттелініп отырған оқушылардың жауабын бір – бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік туғызады.
Психологияда сондай – ақ адам қызметінің нәтижесін зерттеу әдісі пайдаланылады. Мәселен, шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, хаттарын зерттеу.
Психологиялық ғылымда сауалнамалық әдіс дейтін де әдіс қолданылады. Мұнда сыналушыға бір қатар сұрақтарға жауап жаздыртады.
Психологияда өзін - өзі бақылау әдісі де қолданылады. Бұнда адам өзін - өзі тәрбиелеуде сапалық жақсы қасиеттерін дамытып, кемшіліктерін жойып отыруы керек.
Тест әдісі балалардың білімі мен икемдігі, бейімділігі, жалпы ақыл ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын – ала белгіленген жас белгілері негізінде жүргізіледі. Тест арқылы бала өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тестке толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді.
Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл – ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әр түрлі ақыл – ой әрекетін қолдануды талап ететін зерттелінушіге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл – ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда оның қорытындылары бала ақыл – ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай – ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып – білуде көмек көрсете алады.
Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бұл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. «Біз, әдетте, адамды жұмыста іс - әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан – жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез – құлқы да енуге тиіс» (Д.А.Қонаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет