Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет4/6
Дата04.04.2023
өлшемі119 Kb.
#471719
1   2   3   4   5   6
Психология 1 лекция (1)

4 – сұрақ. Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді.
Адамның нақты іс - әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын былай жіктейді:
I. Тәлім – тәрбие (педагогикалық) психологиясы – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді. Ол оқушылардың ақыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара қарым – қатынастарды реттеудің мәселелерін қарастырады. Оқушылар ұжымындағы өзара қатынастар мен олардың психологиялық даралық ерекшеліктерін, санасын айырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.
Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармақтары бар:
а) Оқыту психологиясы – дидактикалық психологияның негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл – ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады.
б) Тәлім психология – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
II. Жас кезеңдерінің психологиясы - әрқилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық саналарын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан тұрады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология). Бұл сала оқыту мен ақыл – ойдың дамуын зерттейді.
III. Арнаулы психологиясы. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның тармақтары: олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психологиясын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен зағиптардың психологиялық дамуын зерттейді.
IV. Еңбек психологиясы – адамның іс - әрекет түрлерінің психологиясын, ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиациялық психология, ғарыштық психология т.б. бар.
V. Медициналық психология – дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді.
VI. Әскери психология - азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғайтын психологиялық тұрғыдан даярлау.
VII. Әлеуметтік психология – адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
VIII. Спорт психологиясы – спортшылардың іс - әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым – қатынасын, оларды даярлаудың, жағдайы анықтайды.
IX. Сауда психологиясы - әрбір елдің саяси – экономикалық және мәдени – материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.
X. Ғылыми – шығармашылық психологиясы – шығармашыл адамдардың жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы сезімдік рольі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттар ерекше маңызды заңдылық – эвристика тәсілі.
XI. Салыстырмалы психология – психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыратады.
XII. Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет