Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауаптылығы



бет18/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

105-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауаптылығы

Мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 105-1-баппен толықтырылды



105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

1. Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану, оның ішінде басқа, бюджетті атқаруға байланысты қызметтің тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болғызбау, олардың жолын кесу, оларды анықтау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.

Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудиторларды және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.

 

 



19-тарау. Бюджетті нақтылау

 

106-бап. Бюджетті нақтылау



1. Тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау:

1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;

2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген;

3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген;

4) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды(2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Республикалық бюджетті нақтылау қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген кезде де жүзеге асырылады.

3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мәслихат депутаттарының бастамашылығы бойынша жергiлiктi бюджеттi ағымдағы қаржы жылы iшiнде тоқсанына бiр реттен жиі емес нақтылауға жол берiледi.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.

 

107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау



1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.

3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бес жұмыс күні ішінде:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар жобаларын;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ жаңа редакцияда



4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда



6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда



7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы бойынша ұсынысының негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

 

108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау



1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау



1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету



 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

110-бап. Секвестр

1. Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомасына секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, он пайыздан астам сомаға секвестрлеу - заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды



5-1. Секвестр жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

6. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.

 

111-бап. Бюджетті түзету



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.

Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.

2. Республикалық бюджетті түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;

3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген;



2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) Республикалық бюджет комиссиясында қаралмастан, қаражат ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында қайта бөлінген;

4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-1) осы Кодекстің 151-бабының 13-тармағында көзделген;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басқа бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлінуі мүмкін.

3. Жергілікті бюджеттерді түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және облыстың жергілікті атқарушы органының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат бөлінген;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) осы Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көзделген;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

2-2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген;

3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

4) осы Кодекстің 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;

5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

 

 



21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет